"Мұнай бағасы аспандайды" - Саудия ханзадасы неге сес көрсетті?

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман егер жаһандық қауымдастық Иранға қарсылық танытпаса, мұнай бағасы «адам айтса нанғысыз бағаға аспандат кетуі» мүмкін екендігін ескертті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

"Мұнай бағасы аспандайды" - Саудия ханзадасы неге сес көрсетті?
дереккөзден

«Егер жаһан Иранға қатысты нақты шешім қабылдамаса, біз әлемдік мүддеге қауіп төндіретін апаттарды көруіміз мүмкін. Мұнай жеткізу тоқтатылатын болады, ал мұнай бағасы біз бұған дейін күтпеген бағада аспандап кетеді», - деді ханзада CBC телеарнасындағы «60 минут» бағдарламасына берген сұхбаты барысында.

Ол Саудияның ірі мұнай өндіретін нысандарына Иранның шабуыл жасағанына еш шүбә келтірмейтінін алға тартып, бұл тұрғыда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен келісетінін алға тартты. Алайда Мұхаммед бен Салман мәселені бейбіт шешуді қолдайтынын айтып, Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы соғыс әлем экономикасына соққы болатынын атады.

Сауд Арабиясының мұнай өндіретін нысандарына қыркүйектің ортасында шабуыл жасалған еді. Корольдік пен АҚШ бұған жауапты Иран десе, Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарды.