Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды

Алматыда «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа форматы» атты республикалық форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тәсілдері мен тетіктерін талқыланды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының мамандары қатысты.

Мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңын кеңейту аясында Форум тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге арналған ашық алаңға айналды. Шараның мақсаты азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру, жемқорлық тәуекелдері мен себеп-салдарын азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттерінің мәдениетін сіңіру.  

Шара барысында Алик Шпекбаев: «Біз әлемдік тенденцияны ден қоя отырып, сенімге, әділдік пен парасаттылыққа негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзіндік моделін жасадық. Мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының басты негіздерін нығайтуға ерекше назар аударамыз», – деп атап өтті.

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынастың «өсім нүктесін» күшейтуде.

Алик Шпекбаев мәлімдегендей, барлық өңірлерде және бірқатар министрліктерде жұмыс істеп жатқан «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері арқылы кез-келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады.

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға тың серпін беретін диалог алаңына айналады.