Атырау радиосының тынысы кеңейді
Байланыс және ақпарат  қызметкерлері күніне орай Атырауда «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалына қарасты «Atyraý radiosy»-ның жаңа  радиостудиясы ашылып, жаңа радиотаратқыш іске қосылды. Радионың латын әліпбиіндегі жаңа логотипінің таныстырылымы өтіп, жаңа форматтағы «Efirde 102.0 FM» телерадиохабары эфирге жол тартты.
Поэзия падишасының тойы
Көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова-ның  туғанына биыл – 80 жыл. Поэзия падишасының тойы туған жері Атырауда басталды. Ақын құрметіне «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.
Сардар мен сарбаз
Журналистер үшін орны бөлек оқу ордасының бірі – Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті. «Журфак»,  «темір декан» атанған ұстаз Темірбек Қожакеев жайлы небір аңызға бергісіз әңгіме көп.   Журналистер мерекесі қарсаңында «от ауыз, орақ тілді»  қаламгер, марқұм Жұматай Сабыржанұлының Темкең туралы жазбасын ұсынбақпыз.  Сатираның сардары да, сарбазы да бұл күндері арамызда жоқ. Жазбада  сөзге тоқтай білген орта мен сол кезеңнің боямасыз көріністері бар.  
Мұқалмайтын Миуа
Қазақ қыз журналистке жарыған. Тіпті бір кездегі «Әйел заты көп жүрген орта нәзіктеніп кетеді» деген қорқыныштың да іргесі сөгілді. Бұл еңбекке үлес қосқан белгілі топтың бір өкілі – талантты журналист Миуа Байназар.
Құдай берген!
Тарихтан там-тұмдасақ, кезінде Әміре Қашаубаев шетелде өнер көрсетіп, қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев әндерінің дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері – Ромен Роллан, Анри Барбюс, тағы басқалар тарапынан жоғары баға алғаны белгілі. Осындай ұлы жолды жалғастырып, жас болса да, жарқ етіп көрінген Димашты қазақ ұзақ күтті.
Тарих сілемін сүзген ғалым
Әлем ойшылдары ғасырлар бойы құқық қайдан шықты, дәстүр, әдет-ғұрып қай уақытта құқық сипатына ие болды деген сан алуан сұрақтарға жауап іздеуде. Тарихта адами қатынасты реттеу жүйесінің қайсы тиімді, оңтайлысын  табу, табиғи мен мемлекет жасаған позитивтік  норманың ара жігін саралау ізденісінде  философтар  бір шешімге келген емес, оның танымдық деңгейінің өзі тұңғиық. Осындай күрделі ғылым саласын өзінің өмірлік зертеу тақырыбына айналдырған ғалым  – менің курстасым Зайлағи Кенжалиев.
Әлем әдебиеті теориясын қазақша оқимыз
М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер инс­ти­тутында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы бағыттары­ның бірі – «Жаңа гума­ни­тар­­лық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жоба­сы ая­сын­да ауда­ры­лып ба­сылған әлем әде­бие­ті тео­риясының жинақ­тары таныстырылды.
Әділбек Қаба – академик
Белгілі журналист, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, Парламент Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Қаба Қазақстан Журналистикасы академиясының академигі атанды.
«Тұлғалық өсу тренингі» Ресейге прокатқа шығады
Режиссер Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі»  көркем фильмі  4 шілдеден бастап Ресейде  прокатқа жіберіледі деп хабарлайды «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі.
Елордада Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті өтеді
«Қазақстан» ОКЗ Камералық залында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков «Шырқа, даусым» концертін ұсынады. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ерболат Шалдыбеков – еліміздегі танымал дәстүрлі әншілердің бірі, Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі. Оның орындауындағы құлақ құрышын қандырар әндер әдемі әуезбен, терең мағыналы сөздермен өрнектеліп, тыңдарман қауымның ерекше ықыласына бөленген.