Шаймерденовке шынайы құрмет

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Елбасының бірінші баспасөз хатшысы, белгілі рәмізтанушы, ел мәдениеті мен баспасөзінің дамуына зор үлес қосқан Ербол Шаймерденов аты ұлықтауға лайық. Қаламгер әрі журналист тұлғасын үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа таныстыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Шаймерденов аудиториясының тұсауы кесілді. Бір айта кететін жайт – қаламгер осы қара шаңырақтың түлегі. Білдей бір аудиторияға есімі берілуі – құптарлық іс.  

Шаймерденовке  шынайы құрмет

Салтанатты шараның ашылуына ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қатысып, лента қию рәсімін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин екеуі атқарды. «Ербол Шаймерденов салмақты мінезіне жа­нының жайсаңдығы жарасқан азамат еді. Қазақстанның төрт түкпірінің жақсылары оның жақыны болды. Ол кісімен бүкіл Түркияны бірге аралап, сапарлас болған күндерім әлі күнге жадымда жаңғырып тұрады. Әсіресе, адамға ерекше әсер қал­дыратын қасиеті – ол кісінің мемле­кетшілдігі еді. Не жазса да, кіммен сұхбат құрса да, алдымен, мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын терең ойлы, кең жүректі азаматтығын байқамау, бағаламау мүмкін емес. Сондықтан Ербол секілді тұлға­ларды жастарымызға үлгі етіп, өнеге тұту мақсатында өзі білім алған журналистика факультетінен арнайы аудитория ашып отырмыз. Біздің мақсатымыз болашаққа білікті мамандар тәрбиелеп қосу болса, осы аудиторияның қабырғасында өрке­ниетке ұмтылған елдің қатарынан қал­мауға ұмтылған, білімге құштар жаста­рымызға қайраткер азаматтың мағынаға толы өмір жолы өз тағылымын береді деп сенеміз», – деді университет ректоры.


Сондай-ақ оқыңыз

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Несіпбек Айтұлы Шаймерденовтің жасаған үш ерлігін ерекше атап өтті. Аудар­ма саласындағы үлкен еңбегі, еге­мен­діктің алғашқы жылдарындағы тіл үшін жүргізген күресі, еліміздегі рәміз­тану ісін ғылым ретінде қалыптастырудағы еңбегі деп тізбектеп, мысалдармен ай­шықтап берді. Сөз соңында, бұл ауди­торияның Ербол Шай­мерденов үшін емес, ел ертеңіне жа­уап­ты жастарға қажет деп ойын түйіндеді.
 Ашылу салтанатына Мәжіліс депу­таттары Рахман Алшанов пен Зәуреш Аманжолова, танымал қаламгер Смағұл Елубаев қатысты. Олар да Ербол Шай­мерденовке қатысты талай естеліктерін тізіп, еске алды.

Жалпы алғанда, Е.Шаймерденов­тің 20-ға жуық кітабы жарық көрген. Әлем­дік пәлсапашылардың ой-пікірлерін қазақ тіліне аударды. Оған қоса қазақ авторларының туындыларын орыс тіліне тәржімалаған. Айта кетейік, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтан бастап, бөлім басшылары мен олардың орынбасар­ларына, қалалық мәслихат депутат­та­ры­на, ведомстволық бағыныстағы кәсіпо­рын­дарға жетім балалардың тізімі бе­кітілді. Олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-та ашылған балалардың жеке шоттарына ай сайын жалақы есебінен қаражат салып отыратын болды.


Айша ЕРСҰЛТАН