Қайран, Қажытай!

Газет мақаласы "Айқын" газеті №120

Қазақ әдебиетінің тарихына ХХ ғасырдың 60-90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басындағы сыршыл және сыншыл туындылары мен елеулі үлес қосқан көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қажытай Ілиясұлының (1939-2013) шығармашылығын да сөз арқауындағы классикалық дәстүр жалғастығы тұрғысында бағалаймыз. Көрнекті ақынның шығармашылық ғұмырнамасындағы журналистік-қаламгерлік еңбек жолы басты орын алады. Қазіргі Шыңжаң (ҚХР) өлкесіндегі педагогикалық тіл институтының қытай тілі мамандығы бөлімін, одан кейін Қазақстандағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1962) бітірген. Шыңжаңдағы өлкелік «Шыңжаң» газетінің аудармашысы, Іле, Тарбағатай аймақтарындағы меншікті тілшісі болған. Қазақстандағы университетті бітіргеннен кейін «Ара – Шмель» журналында фельетонист-тілші, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім бастығы, Қазақ теледидарында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакциясында, «Жазушы» баспасында редактор, «Азамат», «Астана», «Астана дауысы»- «Голос Астаны» газеттерінде бас редактор қызметтері бойынша еңбек етті. 2000-2010 жылдары ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.

Қайран, Қажытай!

Қазақ поэзиясына сыр­шыл­дық пен сыншылдық тұтас­ты­ғын­дағы ұлттық және жалпы­әлем­дік классикалық әдеби дәс­түрді жаң­ғырта жырлаумен дара­лана та­нылған Қажытай Ілиясұлы­­­ның шығармашылық ғұмырна­масы «Шыңжаң» (ҚХР) газетінде жа­рияланған «Дастархан» (1959) атты тұңғыш өлеңінен басталған. Мерзімді баспасөз беттерінде ХХ ғасырдың 60-90-жылдары мен ХХІ ғасыр басында мерзімді бас­пасөз беттерінде үздіксіз жарық көрген өлеңдері, сонымен бірге кітаптары оқырмандар арасына кеңінен таралды, танылды. Атап айтқанда, «Қайран жастық: Өлең­дер мен поэма» (1974); «Усойқы: Сықақ өлеңдер мен мысалдар» (1978); «Маймылдың мәдениеті: Сықақ өлеңдер мен мысалдар» (1981); «Біле білсең: Сықақ өлең­дер» (1985); «Қалақай қамшы: Бір томдық сатиралық өлеңдер» (2001); «Тас жарған: Лирикалық өлеңдер» (2001); «Таңдамалы шы­ғармалары. Бірінші том: лири­ка­лық өлеңдер, толғаулар, дастан­дар. - Астана: Нұра-Астана.-208.Т.1; «Таңдамалы шығар­малары. Екінші том: Әзіл-оспақ өлеңдер, пародиялар, күлдіргі айтыстар, мысал-баллада, мысал-дастандар.-Алматы: Баспалар үйі, 2009.

Қажытай Ілиясұлы поэзия­сының басты сипатын азаматтық-отаншылдық рухты өлеңдері құ­райды. Ұлы даланы мыңжыл­дық­тар бойы мекендеп, ұрпақтарға адамгершілктің алтын желісі ру­хани жомарт мінезділікті, адал­дықты, мәрттікті, батырлықты, туған жерді, ата-бабалық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұлықтау ұлағатын жырлаған. Ақынның азаматтық лирикасындағы өлең­дерінде ата-бабалық ірі мінез­ділік-биік ұстаным тұғырнамасы аясында адамдар ортасындағы күйкі қасиеттер (күншілдік, қыз­ғаншақтық, көргенсіздік, тарпе­йілділік, т.б.) қарама-қарсы са­лыс­тырыла бейнелене жырлан­ған. Мысалы, «Беташар», «Арман айнасы», «Жол алдында», «Өлеңге өлшем», «Қолтаңба орнына», «Полонез», «Құт», «Ақсуға бар­ған­да», «Түркістан топырағы», «Сарбаздар сазы» (ән-өлең), «Уа, дариға, вальс!», «Ән осындай», «Мінезім», «Асығамын», «Аза­мат­тар», «Ақынбыз», «Өнер бәсе­кесінде», «Ұлыма өсиет», «Жар­қын», «Шақалаққа шапан», «Көр­шілер мейрамы», «Үйлену тойында», «Ұлыстың ұлы кү­нін­де», «Жамбыл мүсініне», «Мо­мышұлы», «Жүсекең» (Жүсіп Алтайбаевқа), «Ғабеңнің қалпы» (Ғ.Мүсіреповке), «Бір ауыз сөз» (Ғ.Мүсірепов рухына), «Ағаға ар­нау» (М.Базарбаевқа), «Қабдеш хақында», «Жомарт жолы» (Мұх­тар Құл-Мұхаммедке), «Табиғат талиматы» (профессор О.Сы­ды­қовқа), «Таңдайдың табиғаты», «Сүйегі асыл сұңғыла», «Бір би­дай» (Рудаға үй-ішінің одасы), «Қайран, Шәке!» (Ш.Қалдая­қов­қа), «Сүрінген тұяқ», т.б.

Қажытай ақынның халықтық-этнографиялық өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман сырлары арқылы қазақ ұландарының та­биғат пен біртұтастық жағдайында ержеткен дүниетанымы сурет­телген. «Бұлдырап шабатұғын құлынға ұқсап», «Жорыққа таға­лаушы ек жас лақты», «Өлең жазып отырған мына саусақ, ол күнде садақ тартты, асық атты» бейнелеулері арқылы шалшық­тағы шұбар балықты қуалап балшыққа былғанса да, жіліншігі жарылып қан шықса да ойынға тоймайтын балалық шақ ойын­дары оқырманның да көңілін елжіретеді. Қазақ балаларының күшік асырайтыны («Ұялас»), тұлпар таңдап мініп бәйгеге қатысатыны, көкпар тартатыны («Сұркөжек»), қыран құсты бау­лып аңға салатыны («Қыран хиқ­меті»). Аңшылық құмарлығы («Саятта»), дала құстарымен («Боз­торғай»), домбырамен сыр­ласу («Домбыра»), т.б. Бәрі де дала перзенттерінің ата-бабалық дәстүрімен қалыптасатын ро­ман­тикалық сарынды іс-әрекеттерін, болмыс-бітімін көз алдымызға әкеледі.

Қажытай ақынның поэзия­сының негізгі ерекшелігі – ха­лықтық-этнографиялық сипат­пен жырлануы. Ақынның лири­калық өлеңдерінде де, эпикалық толғауларында да, дастандарында да мыңжылдықтар бойы Ұлы даланың ұлан-ғайыр география­лық кеңістігін мекендеген халқы­мыздың көшпелі және отырықшы мәдениеті, дәстүр тұтастығында­ғы тұрмысы жырланған. Әсіресе, жазғы жайлаудағы төрт түліктің қозғалысы, жаратылыс ауқы­мын­дағы қазақ ауылының тіршілік-тынысы («Төлі туып, жусаны бұр­қыраса», «Бүркіті томағалы тұғырында, шолпы, теңге бұры­мында», «Жылқышы, мерейі үс­тем түйешінің», «Сары ала уыз, сүрі табақ сонда», «Кигені жасыл мақпал, қара манат күтеді отағасы қадағалап», «Дереңде тықыршиды жараған ат») Ұлы даладағы ата-бабалар қалыптастырған халық­тық мәдениет сипатын танытады.

Қажытай – ойшыл ақын. Философиялық сарынды өлең­деріндегі лирикалық қаһарман­ның толғаныстары мен тіршілік құбылыстарының қасиеттерінің қайшылықты-қақтығысты бол­мысы негізіндегі хал-ахуалдың себебі мен салдарын, амалсыздық бірлігі мен бітіспес күресін су­реттеп жырлаған өмір сипатының сыртын да, ішкі сырын да білуді, кесек тұлғалардың ұсақтайтынын, ұсақтардың ірінің орнын алаты­нын, ылдидың да, өрдің де, көздінің көруінің де себепті сал­дар болатынын ұғындырады. Жа­ратушыдан қорқуды ұмытқан­дардың пенделерді өлімге қия беретін рақымсыздығын жомарт періштедей адалдық пен са­раңдық, арамдық ниет тайталас­қан әлеусеттік ортадағы кемел азаматтық ұстаным иесінің биік­тігі дәріптелген:

Қажытай ақынның поэзия­сының негізгі ерекше­лігі – ха­лықтық-этнографиялық сипат­пен жыр­лануы. Ақынның лири­калық өлеңдерінде де, эпикалық толғауларында да, дастандарында да мыңжылдық­тар бойы Ұлы даланың ұлан-ғайыр географиялық кеңістігін мекендеген халқы­мыздың көшпелі және отырықшы мәдениеті, дәстүр тұтастығындағы тұрмысы жырланған.

...Бергенім бар, көп әлі берерім де,
Сондықтан сүңгимін өз тереңімде.
Менің құтым, қуатым өнерім де,
Кертіп берем жұртыма керегімде.
Пысқырмай кещесіне, кереңіне,
Алшаң-алшаң баспай ма ер елінде?!
(«Құт» өлеңінен).

Пейзаждық суреттеулер – табиғат лирикасының алтын ар­қауы. Көркем өнердегі эстети­калық таным бірлігі тұтастығымен өрнектелетін пейзаждық сурет­теулерде табиғат құбылыстары, көріністері, сан алуан кейіптеулік бейнелеулермен баламаланып, ғарыштық-ғаламдық кеңістіктегі үндестіктердің, өзгешеліктердің көп бояулы қозғалыстарының, құбылыстарының келбетін романтикалық-реалистік са­рындармен байқатады. Осындай өрнекті суреттеулермен жыр­лан­ған Қажытай ақынның табиғат суреттеріне арналған лирикалық өлеңдерінен ойшылдық-сурет­керлік дүниетаным тереңдігін сезінеміз. Мысалы, «Еміл», «Ала­тау», «Алатаудың кей сәті», «Жай­саң», «Ертіс», «Қоңыр дөң», «Қо­сағаш», «Жайлау таңы», «Жай­лаудағы шаңқай түс», «Жайлау ке­ші», «Жайлау түні», «Кемпір­қосақ», «Дала», «Бәйгетөбе», т.б. Табиғат лирикасы сарынындағы аталған өлеңдердегі пейзаждық суреттеулерден Ұлы дала перзент­теріне мыңжылдықтар бойы қа­һармандық-жауынгерлік рух қуа­тын дарытқан атажұрттардың-атамекендердің көркемдік-эсте­тикалық ықпалын ұғынамыз. Мысалы, «Дулыға киген басың мұз құймалы, сайыңнан өреді өзен жүз бұйдалы» («Алатау»), «Жыр­ға қос құлжаларын сай та­сындай», «Алатау иығына бұлт ілінсе, өштескен буралардың шай­қасындай», «Ақ бура, қара бура, қоңыр бура, түксиген келе мұнда, шоғыр мұнда» («Алатаудың кей сәті»), «Кемері кілкілдеген құ­ба белге», «Көгерген көркі бей­не көсегем ғой», «Қандай ғажап табиғат, жер шетінде аспанның тұйық басын төсегендей», «Тол­қыннан тұғылына тұнған көбік», «Тірісінен іздедім ұқсас белгі то­былғыдай түрімді суден көріп» («Жайсаң»), «Мың толқын бір толқынның ырқыменен Ақ Ертіс алқын-жұлқын күркіреген», «Тү­бінде төңкеріліп жатыр аспан ап-анық Ай, жұлдызы бұлты­менен», «Толқындар тебіседі, өріп аулақ», «Ақ тақыр шағалалар ар­палысып, жебедей шаншылады балық аулап», «Тым оқыс шо­шын­ғанда ерке шабақ бауырынан жалт-жұлт етіп шығады ұшқын» («Ертіс»), «Бармысың кит жо­нындай қоңыр дөңім?», «Құйқалы қоңыр дөңім, момын дөңім», «Келіскен кит мүсіндес қоңыр дө­ңім», «Сетіркей серпетін кит құй­рығындай табиғат қалай сыз­ған со бір жерін?!» («Қоңыр дөң»), «Жайнатып, жайған кезде көктем гүлін», «Атан бойы ақ шиге қос бәйтерек әйгілеп тұрады екен өктемдігін», «Ақ орда саясында алты қанат, жапқандай жасыл түбек жалпы манат», «Бұл менің кіндік кескен жұртым еді, жүрегім соған ылғи нұр тіледі!» («Қоса­ғаш»), «Қоңырқай дүниені сән­дегелі сазан төс самалалап таң ке­леді», «Ару Күн күлім көзін қа­дап еді, көк аспан жирен тар­тып сала берді. Көлеңке жұлым-жұлым түлеп кетті», «Бусанып күн­гей тастың шар тарабы, м­е­руерт шық мөлт-мөлт түсті ар­шадағы» («Жайлау таңы»), «Күн еңкейсе көлеңке өсіп бауырда соңғы сәуле менің биік тауымда», «Ой салады шаңыттанған түз қандай?...», « Топ етіп кеп үркіп қонған бөдене тас тәрізді мал алдына лақтырған» («Жайлау кеші»), «Қатпарлы қара ала бұлт сеңі жасырса, жалаңаш Ай жүзін», «Қоңыр түн самарқау мүлгиді дірілдеп ұйыған қалпында» («Жай­лау түні»), «Керіліп кіреуке аспан иығына алқызыл, сары жиек жасыл сағым», «Айнала уыл­жиды құбылып гүл», «Тамаша табиғаттың Әйгерімі Шүкімән аты бірақ өзгермеген» («Кемпір­қосақ»), «Ат тұяғын бояса, қой бүлдірген, аспаны-жуған әйнек, мөлдір мүлдем!», «Құбылтса тор­ғын самал, қас асылдай, құныққан құмарымды басасың қай?!» («Бәй­гетөбе») т.б.

Қажытай Ілиясұлы – ХХ ғасырдың 60-90-жылдары мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ әде­биетіндегі сыншылдық-сати­ра­лық поэзияның көрнекті өкіл­дерінің бірі. Қоғамдық-әлеу­меттік ортадағы келеңсіздіктерді, әділетсіздіктерді әшкерелеген әзіл-оспақ, сын-сықақ, мысал, мысал-баллада, мысал-дастан, пародия жанрларындағы жыр­лары арқылы ақын тіршілік қарым-қатынастарындағы теріс пиғылды адамдардың мінез-құлық психологиясын аяусыз сынайды. Ата-бабалардың ға­сырлар бойы қалыптасқан адам­гершілік-имандылық ұстаным қасиеттерін бұрмалаған қылық­тарының қоғамды, мемлекетті аздыратын-тоздыратын қыр­сықтарын халықтық көзқараспен әділ айыптайды. Дарынды, та­лантты ақындар шығармаларын әдейі дұрыс бағаламайтын сы­байластықты, тамыр-таныстықты айыптаған өлеңдерінде («Ан­то­логия ағаттығы», «Жымқырма ақынға», «Сыбағаң бар», «Ақын­быз», т.б.) жалған дақпыртпен, көтерме мадақпен қасиетті сөз өнерін бүлдіріп жүрген пысық­тардың әрекеттері айыпталған. Көркемдік сапасы жоғары өлең­дерді әдейі қасақана қысқартатын, шыншыл көркем туындыларды тәлкекке айналдыратын дүмбілез редакторсымақтар сыналады.

Қажытай ақынның жоқ­тау­ларында («Шәкәрім қажыны жоқтау», «Ақын аруағына» (Қ.Аманжо­ловты жоқтау), «Жұматай жолы», «Жұматай жөні», «Жұма­тай жер ошағы») қазақ сөз өне­рінің киелі дәстүрін жалғастырған ойшыл-сыршыл ақындар тұлға­лары тарихи-поэтикалық бей­нелеулермен сомдалған.

Мысал – әлем әдебиетіндегі классикалық дәстүрі қалыптасқан эпостық сатиралық жанр. Қажы­тай ақынның мысал-өлеңдерінде («Тоқмейіл торғай», «Аттың ар­маны», «Бүркіт пен жапалақ», «Қар­лығаштың қаупі», «Көжектің қулығы», «Қоянның көңілі», «Тыш­қанның тірлігі»), мысал-бал­ладаларында («Аң туралы ақиқат», «Шауқарға мен көк­құ­тан», «Қанденнің қалыңдығы», «Тоқтының түсі», «Бақытты ба­қа») аллегория бейнелеулері мен адамдар мінез-құлық пси­холо­гиясындағы қызғаншақ, қарау, іштар, жалақор, озбыр. Өтірікші, айлакер, аңқау, т.б. айшылықты болмыс шындығы бейнеленген. Жартылай жалаңаштанып жүруге құмар жеңілтек қыз-келіншектер қылығы («Ешкінің эстетикалық көзқарасы») өткір сыналады. Ақынның мысал-дастандары («Құстардың құпиясы», «Мы­сыққа мінездеме») да аллего­риялық бейнелеулер арқылы адамдар ортасындағы жағым­паздық пен сыбайластықпен, ептілікпен өмір сүретіндер мен өрлік-асқақтық биіктігіндегі тұлғалары ирония мен сарказм поэтикасымен жырланған. Ақын­ның «Мысыққа мінездеме» атты мысал-дастанының кіріспесі – алып асылдарын аяққа таптаған әділетсіз қоғамдық ортадағы өзімшілдердің пендешілік іс-әрекеттерін айыптау жыры.

Қажытай ақынның паро­дия­лары да, тентек термелері де, достық әзілдері де, баталары мен мақал-мәтелдері де сыншыл қа­ламгердің азаматтық-қай­рат­керлік тұғырнамасын айқындай түседі. Жазбаша және ауызша поэзия дәстүрін қатарлас ұстанған Қажытай ақынның айтыстары («Қажытай мен Қалжыңтайдың айтысы», «Қалжыңтайдың дүкен­шімен айтысы», «Кертаңдай мен Жымыңғайшаның айтысы», «Тас­маңдай мен Жүгірмектің айтысы», «Ақтабан мен Жүгір­мектің айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», «Қотыр қой айтысы», «Тамаша» айтысы», т.б.) сыншыл ойларымен халықтың материал­дық және рухани салаларындағы жетістіктер мен кемшіліктер қа­тарласқан тұрмыс шындығын айқын бояулармен суреттеген. Ақын поэзиясындағы азаматтық сарынымен жырланған арнау өлеңдер де мол. Өлеңдерде қазақ тарихындағы аса көрнекті қай­раткер тұлғалардың (Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Бауыржан Момышұлы, Ғабит Мүсірепов, Зәки Ахметов, Тұрсынбек Кәкі­шев, Қалихан Алтынбаев, Шәмші Қалдаяқов, Сәкен Жүнісов, Қаб­деш Жұмаділов , т.б.) асыл сапалы қасиеттерін, шығармашылық еңбек жетістіктерін көркем бей­нелеу өрілімдерімен өрнектей жырлағанын оқимыз.

Жоқтау – қазақ поэзиясының ежелден қалыптасқан ежелгі дәс­түрлі жанрларының бірі. Адамзат ұрпақтарына мәңгілік өнегелі сұлу өмір сүрген, рухани азық болатын құндылық қазынасын қалдырған тарихи тұлғалардың ғасырлар бойы жоқталатыны мәлім. Қажытай ақынның жоқ­тау­ларында («Шәкәрім қажыны жоқтау», «Ақын аруағына» (Қ.Аманжоловты жоқтау), «Жұматай жолы», «Жұматай жөні», «Жұма­тай жер ошағы») қазақ сөз өне­рінің киелі дәстүрін жалғастырған ойшыл-сыршыл ақындар тұлға­лары тарихи-поэтикалық бей­нелеулермен сомдалған.

Эпикалық шығармалар – көрнекті ақындар поэзиясындағы классикалық дәстүр жалғасты­ғының көрсеткіштері. Ақын поэ­зиясындағы балладалары («Ахмет қажы» (А.Ясауи туралы баллада), «Баукеңнің ашуы»), дастандары «Абаймен әңгіме», «Серт», «Ақ­найман», т.б.) уақыт пен кеңістікті тарихи-философиялық таным ауқымында суреттей жырлауымен ерекшеленеді. «Абаймен әңгіме» толғау-дастанында автор екі кезең құбылыстарының сабақтас болмысын сыншыл бағалаула­рымен жырлаған.

Қорыта айтқанда, көрнекті ақын Қажытай Ілиясұлының әде­би мұрасыТәуелсіз Қазақстан­ның рухани жаңғырудағы жаңа тари­хындағы қазіргі және бо­лашақ ұрпақ үшін мәңгілік ұлттық қазына құрамында ұлықтала береді.

 

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор