Қолы алтын дәрігер

Газет мақаласы "Айқын" газеті №129

«Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» дейді халық даналығы. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі, тіпті, артық. Әсіресе,  медицина – жүгі ауыр салалардың бірі. Оның ерекшелігі сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сондықтан олар ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болады. Кейіпкеріміз Нұрлан Батпенов те адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын қолы алтын дәрігер.

Қолы алтын дәрігер

Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал жан – жастарға үлгі етуге әбден лайықты еңбек ада­мы. Мамандығына жан дүниесі­мен берілген білікті дәрігер үшін «ақ халатты абзал жан» деген елдің құрметті атағы қасиетті ұғым болып саналады. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған. «Ден­сау­лық – басты байлық» ұстаны­мын жүрегіне бекітіп, емдеу саласында жемісті еңбек еткен Нұрлан Батпеновті антына адал, абыройлы жан десек артық айт­қандық емес.

Ол 1949 жылы 29 тамызда, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылында дүниеге келді. Кез келген міндетті шешуге ұмтылған ақыл, жоғары кәсіпқойлық пен шығармашылық көзқарас – оның басты қасиеті. Адамдарға және өз еліне пайда әке­летін зор шығармашылық әле­ует пен ұмтылыс оны қазақ­стан­дық Травматология мен ортопедияның көшбасшысы етті.

1972 жылы Целиноград мем­ле­­кеттік медицина институ­тын бітірген жас дәрігер Нұрлан Батпенов еңбек жолын Целино­град қаласындағы облыстық кли­ни­калық аурухананың трав­ма­толог-ортопедия бөлімінің дәрігер-ординаторы болып бастады.

Үнемі даму үстіндегі Нұрлан Жұмағұлұлы дәрігерлік тәжіри­бе­сін институт қабырғасында ғы­лыми-педагогикалық қызметпен табысты ұштастырды. Ассистент­тен бастап проректорға және трав­матология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафе­дра­сының меңгерушісіне дейінгі жолдан өтті. Ғылыми қызметпен қатар, ол ірі буындардың артроз­дарын емдеу және диагностикалау саласында бірнеше маңызды практикалық бастамаларды енгіз­ді. 1994 жылы Солтүстік Қазақ­станда тізе буынына артрос­ко­пия­лық зерттеуді енгізіп, 1996 жылы Қазақстанда алғаш рет неміс және швейцариялық про­тездермен жамбас буынын эндо­протездеу әдісін қолданды.

Нұрлан Жұмағұлұлының мінез-құлқының ерекшелік­терінің бірі – сан қырлы ойы мен көрегендігі. Ол Қазақстанда Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтын құру идеясына атсалысып, оны 2001 жылы толығымен жүзеге асыруға көмектесті.

Травматология және орто­педия ғылыми-зерттеу инсти­ту­тының директоры Нұрлан Батпенов инс­ти­тут қызмет­кер­лерімен бірге халықаралық форумдарға, кон­грес­­терге, мастер-класстар өткізуге үнемі қатысады. Sicot және EFORT ортопедтер-травматолог­тардың халықаралық және Еуропалық ассоциациясының мүшесі бола отырып, емдеудің жаңа тиімді әдістерін іздеуде Нұрлан Жұма­ғұл­ұлы таяу және алыс шетел­дердің жетекші клиника­ларымен ғылыми және шығармашылық ынтымақ­тастық­ты дамыта оты­рып, шетел­дік ғалымдар мен маман­дарды тартады. Соның арқасында Герма­ния, АҚШ, Австрия, Бельгия, Польша, Түр­кия, Ресей, Украина, Бело­руссия, Өзбекстан, Қырғыз­стан елдерінің ғалым-дәрігер­лерімен және клиникаларымен тығыз байланыс орнатылды.

Бүгінде институттың мақта­нышына айналған неміс ImplantCast компаниясымен бірлесіп әзірленген «ҚазҒЗИ» цементсіз бекіту үшін жамбас буынының эндопротезінің жаңа үлгісі де осы кейіпкеріміздің моделі. Оны әзірлеудің арқасын­да, 2015 жылы Батпенов бастаған авторлар ұжымы Қазақстан Республи­касының Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атын­дағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екені – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. «Ауыр­май тұрып денсаулығынды баға­ла» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақ­тың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.


Профессор Батпенов – «Трав­ма­тология және ортопедия» журналының редакторы, 2012 жы­­лы өзінің бастамасымен құрыл­ған Қазақстан травматолог-орто­педтер қауымдастығының прези­денті. Сондай-ақ 2014 жы­лы директордың бастамасы­мен инс­титутта Эндопротездеу және артроскопия және спорттық жарақаттар республикалық орта­лықтары, 2017 жылы респуб­ли­калық Омыртқа патологиясы орталығы құрылды.

Травматология және ортопе­дия ҒЗИ жетекші ғылыми-практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады. Институт еліміздегі ортопедиялық-травматология­лық қызметті дамытуға елеулі үлес қосуда. Институтта ашылған күннен бастап жоғары техноло­гиялық операциялар, соның ішінде буындарды эндопротездеу сәтті жүргізілуде. Өңірлерде көптеген жағдайларда стандартты операция – бастапқы қарапайым эндопротездеу, ал республикалық буындарды эндопротездеу орталығы базасында негізінен алғашқы күрделі эндопротездеу жүргізіледі.

Осылайша, профессор Батпенов­тың басшылығымен институт күрделі операциялар көлемін арттырып, диагностика мен емдеудің ең жаңа әдістерін енгізіп, медициналық қызметтер спектрін кеңейте отырып қар­қын­ды дамып келеді.

Дарынды хирург, тамаша ғалым, отандық медицинаның дамуына түрткі болған және атал­мыш саланы басқарған Нұр­лан Жұмағұлұлы – бүгінде сүйік­ті әке мен ата. Оған жақын­дары, үлкен әрі тату отбасы – аға-інілері, апа-қарындастары, немерелері қолдау көрсетіп келеді. Зайыбы Гүлнар Рыскелдіқызы отағасына ұл-қыз сыйлап, бүгінде тәтті немерелер­дің қызығын бірге көріп отыр.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екені – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. «Ауыр­май тұрып денсаулығынды баға­ла» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақ­тың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

«Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Біз осы мақсатта ерінбей еңбек етіп, талмай жұмыс істеп келеміз. Ең бастысы, халықтың алғысына ие болсақ, соның өзі мен үшін үлкен марапат» дейді өзін үнемі еңбек етумен жетілдіріп келе жатқан білікті дәрігер. Иә, қандай атаққа ие болса да, ең бастысы халықтың берген батасы мен алғысына жетпейтіні рас. Ол кісі халық разылығын алып отыр. Халық алғысына бөленген жан бақытты болатыны сөзсіз. Еңбекқор әрі ізденгіш, абырой-беделі үлкен дәрігердің бақыты да, мұраты да осы болса керек.

Нұрлан Жұмағұлұлын өмірде кездестірген кез келген адам оның жай ғана дәрігер емес екенін түсінеді. Өйткені барлық күш-жігерін адамдарға, көптеген жылдар бойы отандық травма­то­ло­гия мен ортопедияның қар­қынды дамуына жұмсаған адам. Халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе. Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Өйт­кені адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін азаматтардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады. Нұрлан Жұма­ғұл­ұлы бүгінде Травмато­логия және ортопедия ҒЗИ-ның дирек­торы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының коррес­пон­дент-мүшесі, Қазақстан Респуб­ликасының Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы­ның лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және еңбек сіңірген өнертапқышы, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматолог-ортопеді, Қазақстан травматолог-ортопедтер қауым­дас­тығының президенті, жоғары білікті санатты травматолог-ортопед дәрігер.

Демек, Нұрлан Батпенов ақ халатты абзал жан, өңірдегі ден­саулық саласында шаршап-шал­дықпай адал еңбек еткен абырой­лы жан, мерейлі отбасының бас­­шысы. Адал еңбегінің арқа­сын­да елдің алғысына бөленген берекелі де бақытты «Батпенов­тер» мерейлі әулетке айналды. Мамандығын мақтаныш еткен жан үшін бұдан артық бақыт жоқ шығар, сірә.

 

Аңсаған ЕРМЕК