Сәуленің мейірбан кейіпкерлері

Газет мақаласы "Айқын" газеті №134

Тағдыр деген не? Жақсылыққа жасалған жамандық па? Қайырымдылық пен қатыгездіктің мәңгілік күресі ме? Әлде адам деген тылсымның әлі жетіліп, толысып болмағандығының айғағы ма?

Сәуленің мейірбан кейіпкерлері

Сәуле Досжанованың хикаяттарын оқығанда осындай қиын сауал­дар туындайды. «Жал­ғыз­дың жарасы» рома­нындағы әке-ше­шеден ерте айырылған он үш жасар Жұпарай аялап өсірген інісі Жалғастың қызығын көруге тиіс еді. Өзінің өмірін соның жолында құрбан еткен ол Жалғастан тірідей айы­рылғандай болып, ақыр аяғында жалғыз қа­лады. Өскен, өнген бауыры қайырылмай кетеді.

Жұпарайдың осы қиын тағдырына кім кі­нә­лі? Тап басып айта ал­­майсың. Ойланып, тол­ғанып келіп, тағдыр дейсің де тоқтайсың. Ал осы жұмбақ сөздің төр­­кінін тарқатсақ, тағ­дыр деген өзіміз ғой. Ол – біз, жер басып жүр­­­ген миллиардтар. Бірі дана, бірі шала, бі­рі аса мейірімді, бірі аса қатыгез, бірі адал, бірі арам – адам деген тылсым.

Асылында, адам – ақыл­ға сыймайтын қай­шы­лық. Сол қайшы­лық­тың түйінін шешкен қаламгер шынымен та­лантты. Ондай дара­лар көп те емес, аз да емес. Толстой, Әуезов, Паустовский, Кекілбаев, Хэмингуэй, Айтматов...

Әрине, жазушы атау­лы­ның бәрі олардың дең­гейіне көтеріле бер­мейді. Ақынның бәрі Абай емес. Алайда өзінің аясында қарапайым да әсерлі, бір қарағанда қарабайыр кө­рінетін ықшам шы­ғар­маларымен жүздеген жүректің сыры мен шы­нын дөп басатындар да бар. Сәуле осындай қа­ламгерлердің қата­рында. Ол суреттеген Жұпарайлар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Қағынан жеріген Жал­ғастар да өріп жүр. Ал сол Жұпарай секіл­ділердің жан жарасын кім жазады? Жалғас тә­різ­ділердің жүрегіне мейі­рім шуағын кім ұя­латады? Бәлкім қоғам шығар?! Бәлкім халық бо­лар?! Ал қоғамның төрінде Жалғас секіл­ділер отырса ше? Ха­лықты солар тектестер билеп алса ше?

Тегінде адамзатқа рухани емші – өнер десек, көптің қабылдауына жеңіл, қарапайым да көркем сөздің сезімдерді сергелдеңнен арылтып, адамның аласапыран әлемін тазартатын ерек­ше құдіреті бар. Сәуле­нің шығармалары осындай қасиетке ие.

Осы ықшам дүниені оқып отырғанда, маған жазушы атаулы Жұпарай секілді елестеді. Олар адамзатты Абайша ба­уы­­­­рым деп сүйген, өз­ге­­лердің өмірімен өмір сү­ре алған, жағалай жұрт­­тан жан жылуын ая­­­маған мейірімшуақтар ғой.

Сәуленің бір ерек­ше­лі­гі де осы. Әр сөзінен адам­ға арналған уыз сезім сезіліп тұра­ды. «Ақ­­бұлақтың адас­қа­нын­дағы» Асқар мен Гүл­затты еске алыңыз. Мек­теп­те алғашқы періште махаббат табыстырған екеуі бір-бірін өмір бойы іздеумен болады. Орыс қызына үйленсем жолым болады деп сенген Ас­қар соңынан рухани тұ­йық­қа тіреледі. Ұл­да­рын сүндетке жасырын отырғызған оған әйелі Лиза тарпа бас салады. Балаларын туа сала шо­қын­дырғанын айтып айғайға басады.

Былай қарасаң, бір шаңырақтың тра­ге­дия­­сы сияқты көрініп, он­да тұрған не бар де­гі­зуі мүмкін. Ал тере­ңі­­не үңілсең, мұнда қай­­мана қазақтың ай­ғай­­лап айтылмаған шері шы­рыл­дайды. Шын­дық­­қа жүгінсек, біз өзге ұлт­тың қыздарымен отас­қан азаматтардың ту­ған халқын перзенттік махаббатпен сүйе алма­уы­нан, олардан өнген ұл-қыздың дүбәралығы мен ұлтсыздығынан зар­дап шегіп жүрміз ғой. Түп тамырынан айы­рыл­­ған олар үлкенді-кі­шілі лауазымның биі­­гінен төл мәдениеті мен тіліне менменсіп қа­рағанда, бармағыңды шайнайсың. Егер бүгінгі қазақ қоғамы ұлттық тұр­ғы­дан қарағанда ұтылып жатса, бұл – әлгілердің зардабы.

Ақиқаты мынау – ен­дігі қазақ дүбәра тол­­қыннан тазаруды күні-тү­ні ойлауы керек. Дү­­бәралар ұлттық таза­лы­ғыңды дүдәмал етіп жатса, ұлттық намысқа қамшы басуға тиіссің.

Сәуле Асқардың өмі­рін суреттей отырып елге осындай аса салмақты ой тастайды.

«Өгей жүрек» пове­сін­де ота арқылы жүрегін ауыс­тырған адамның жай-күйіне қанасыз. Жал­пы «өгей» деген қиын сөз ғой. Өгей шеше, өгей дүние... осының бә­­рінен өзіңді өзің өгей­сі­генің жаман.

Қаламгердің сөз аста­ры­нан соны аңғара­сың. Өзіңнен өзің безетін жағ­­­дайға ұшырай көр­ме дейсің. Ешкімді еш­кім өгейсімейтін елде өмір сүргің келеді. Ай­на­ла жұ­рт өгейсімей бауы­ры­на тартса, қандай ғажап?!

Сәуле бәріңізді сон­дай мейірман өмірге шақырады.  

 

Алдан СМАЙЫЛ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты