Ақылман

Газет мақаласы "Айқын" газеті №156

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш ­Ке­кіл­байұлы 1939 жылы 6 жел­­тоқсан күні Маңғыс­тау об­лысы Маңғыстау ау­да­ны (бұ­рынғы Гурьев об­лы­сы) Оң­ды ауылының Мыр­­­зайыр деген жерінде туған. Елі­міз абыз ағамыз­дың 80 жыл­дық мерейто­йын кеңі­нен атап өтіп жатыр.

Ақылман

Әбіш ағаны бұрын сыртынан біл­генім болмаса, жүзбе-жүз ара­ласу, бірге жұмыс істеу бақыты ол кісі­нің 1992-1993 жылдары «Еге­мен Қазақстан» газетінің бас ре­дак­торы қызметін атқаруымен тұс­па-тұс келді. Әбіш аға редак­­торлық қызметті Қазақстан Респуб­ли­касы Жоғарғы кеңесінің Мә­де­ниет, тіл және ұлтаралық қатынас­тарды дамыту жөніндегі комитеттің тө­рағасы қызметімен қоса атқар­ды.

Халқымыз ғасырлар бойы аң­саған азаттықтың ақ таңын Әбіш Ке­кілбайұлы барлық құш­тар­лы­­ғы­мен қарсы алғаны анық. Тәуел­сіз­діктің алғашқы елең-алаң ша­ғында «Бүгінгі отаншылдық – төзім, бүгінгі ерлік – сабыр, бүгінгі ел­дік – тыныштық» деп алты ала­шына байламды сөз айтқан да Әбіш аға болатын. Ол – саналы өмірі мен бар болмысын ел Тәуел­сіздігінің тұғырын бекітуге аямай жұмсаған қайраткер.

«Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында азғантай уақыт бірге жұмыс істеген екенбіз. Шер-ағаң­ның кезінде газет «Егеменді Қа­зақстан» деген атпен шығып ке­ле жатқан. Әбіш Кекілбайұлы «Осы «ді» деген артық, бұрынғы жы­рауларда «Егемен болмай, ел бол­мас» деген сөз бар. Сондықтан га­зетті «Егемен Қазақстан» деп өз­гертейік», – деп редакциялық ал­қа жиынында ұсыныс жасаған, іле-шала осы ұсынысқа сәйкес газет атауын өзгерткен-ді.

Әбіш Кекілбайұлы «Егеменге» бас редактор болуымен қатар Жо­ғарғы Кеңесте комитет төрағасы қыз­метін атқарды дедік. Қазақ пар­ламентаризмінің ең бір қызу, ең ауыр кезеңі болатын. Бас ре­дакторымыз Жоғарғы кеңесте бо­лып жататын қызылкеңірдек ай­тыстардың қақ ортасында оты­ра­ды. Сол кезде жер, тіл, ұлттық мүд­деге қатысты мың сан мәселе атой­лап көтерілетін. Әбіш ағаның жұмыс кестесі өте тығыз. Қаншама жауапты мәселелер талқыға са­лы­нып, қазақ елінің тіршілік ар­насын жөнге салу қамында жүрген кезі. Соның арасында газетке уақыт тауып, редакцияға соғады. Газет ре­дакциясында бас редактор өт­кізетін лездеме деген болады. Маңыз­ды тақырыптар осында тал­қыланады. Редактор барлық жур­налистке арнайы тапсырма бе­реді. Сондай жиындардың үс­тінде Әбекең тікелей қатысқан лез­деменің бірқатарын қағаз бетіне түсіріппіз. Ол кезде диктафон де­ген жоқ. Естігенімізді естіген күйін­ше қағаз бетіне түртіп алып отыруды дағды еткенбіз. Шіркін, қазіргідей ұялы телефон болғанда Әбіш ағаның талай толғамды ой-пікірін бейнежазбаға түсіріп алуға болатын еді!...

Қазақ мемлекеттік университе­тінің Журналистика факультетінде оқып жүрген кезімізде Әбіш Кекіл­байұлының алғашқы өлеңдер жи­нағы «Алтын шуақты» оқып, «бұл кісі неге өлең жазуды қойып кетті екен?» деп ойлайтынбыз. Әбекең­нің «Бір шөкім бұлт» атты туын­ды­сын жастығымыздың астына қойып оқығанбыз. «Дала балла­да­лары» да жанымызға жақын­дығы­мен жадымызда жатталған.

Кекілбайұлы қаламынан туған «Күй», «Ханшадария хикаясы», «Аңыз­дың ақыры», «Шыңырау», «Бәй­геторы» повестері тарихи та­қырыпқа тереңдеудің баспалдағы іс­петтес. «Үркер», «Елең-алаң» тә­­­різді толайым туындылар сосын өмір­ге келді. «Абылай хан» атты драмалық дастанында қаламгер та­рихи тұлғаның барлық болмы­сын көркем өрнектеді.

Әбіш Кекілбайұлы әдебиет ауы­лына ақын болып келіп, ақын бо­лып дүниеден өтті. «Дүние ға­пыл» жыр жинағы – соның дәлелі.

Өзім Әбіш Кекілбайұлының «Жә, Пушкин болса қайтеді екен?!..» деген 1987 жылы жазған ма­қаласын түйсіне де сүйсіне оқы­ғанды қалаймын.

Осы мақалада Әбекеңнің Пуш­­кин туралы толғанысын «Он­сыз да: «Мені Россияда әрі та­лант­ты, әрі сезімтал қылып жарату қай сайтанның қиялынан туған іс екен?» – деп қырық оттың орта­сы­на түсіп, қаралай күйіп-пісіп өлу­ге айналған ол бейбақтың ойда-жоқ­та опат тапқанында күллі ас­тана осынша дүрлігетіндей не бар?» – деп бастап, ежелгі абыздарша толғай жөнелетін жері бар.

«Біз әншейінде дүниедегі не ке­реметті тындыратын «Құдай емес, бірақ құдайдан былай да емес» бөлекше жандар деп ұғамыз. Осы ұғыммен былайғы жұртқа ұқ­самай бөлектеніп тұруға, бө­лекше көрінуге тырысып, өз өк­шемізді өзіміз көтеріп, тыраштанып баға­мыз. Ал шын ұлы, шын даныш­пан­дардың қай-қайсысының да өмір жолына сұғына кіріп, шұқшия үңілсек, көретініміз де, ұғатыны­мыз да біреу-ақ: олардың да мына өздеріміз секілді қуыс өзек жан болғандары, біз секілді қуанып, біз се­кілді күйзелгендері... Бірақ таң­ғалатын нәрсе бұл да емес, таң­ға­латын нәрсе басқада: сол кейбір өз­деріміз секілді жұмыр басты пенделердің күнделікті тіршілікті, тіршіліктің күнделікті өзіміз көріп жүрген күйбеңіне дәл өздерімізге ұқсап күйіп-пісіп жүріп-ақ, бы­лайғымыздың қай-қайсысының да қолынан келмейтін ерекше істер тындырып кететіндігінде» деген толғаныстарынан Әбіш Ке­кіл­байұлының жеке басына қатысты ой өрбітуге болар еді...

Әбіш ағаның қалай өнімді жұмыс істегенін мына деректерден бай­қауға болады. 1974 жылы «Дәуір­мен бетпе-бет» сын мақа­ла­лар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау-тырау тыр­на­лар», Маңғыстау түбегінің өт­кені, бү­гіні, болашағы туралы «Ұйқы­да­ғы арудың оянуы» тарихи-та­ным­дық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-1993 жыл­дары таңдамалы екі томдық,
1995 жылы «Заманмен сұхбат», 1998 жы­лы «Азаттықтың ақ таңы», пуб­лицистикалық мақалалары, тол­ғамдары, 1999 жылы 12 томдық шы­ғармалар жинағы жарыққа шық­ты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үр­кер» (1981), «Елең-алаң» (1984) ро­мандары қазақ әдебиетінің үл­кен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шан­доз» кітаптарында тарихи та­қы­рыпты ғылыми дәйектеудің үлгісін көр­сетті. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көпжылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөй­ле­ген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Еліміз егемендік алған жыл­дары Әбіш Кекілбайұлы көптеген ғы­лыми-танымдық, зерттеу ма­қа­лаларын жазды. «Егеменнің» екі-үш нөміріне «Бетерден де бетер бар» деген публицистикалық ма­қа­ласы жарық көрген болатын. Сол тұста Әбекең саясат, мәдениет пен тарихтың талай толғақты да өзек­ті мәселесін көтерді.

Әбіш Кекілбайұлы еңбектері әлем­нің көптеген еліне танымал бол­ды. Әбекең Қазақстан Пре­зи­ден­тінің бейбітшілік және рухани ке­лісім сыйлығының лауреаты, «Отан» орденімен, Түркі елдері қауым­дастығының шешімімен «Түр­кі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығымен» марапатталған. 2003 жылы «Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденін алған.


Аса көрнекті мемлекет және қо­ғам қайраткері, қарымды қа­лам­гер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының артында мол мұрасы қалды.

Биылғы мерейлі жылда Әбіш Кекілбайұлының еліміздің тәуел­сіз­дігіне дейінгі жылдардағы қо­ғам­дық-саяси қызметтерін, Қа­зақ­стан Тәуелсіздігінің алғашқы жыл­­­дарындағы саяси қызметтеріне қайта бір үңілу қажет. Қазіргі жас ұрпақ Тәуелсіздіктің қазығы қалай қағылғанын, уығы қалай шаншыл­ғанын, шаңырағы қалай көтеріл­генін білуі керек-ақ нәрсе. Бұл үшін сол тұста барлық айтыс-тар­тыс­тың бел ортасында болған Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастарын біліп, жазған еңбектерін терең зерделеуі тиіс.

Тұтас алғанда, Әбіш Кекіл­­байұлы туындыларын зерделеген адам оның ТАРИХ ПЕН ТӘУЕЛ­СІЗ­ДІК ұғымдарын өмірлік өзек етіп алға­нын көрер еді. Қазақтың ұлт болып ұйысу, мемлекет болып қалыптасу жолында елге ес, сыртқа сес болған тұлғалардың қата­рын­дағы Әбіш Кекілбайұлының орны айрықша. Оның есімін ғаламдағы соңғы жүз жыл­дықтың атақты жүз қа­лам­герінің қатарына қосты. Әбіш Ке­кілбайұлы – классик қаламгер, ше­бер суреткер, атақты аудармашы ре­тінде ғана емес, кемел ойлы ке­нен парасат иесі ретінде мойын­далған тарихи тұлға.

Тәуелсіздік баға жетпес құн­ды­лық десек, оны баянды ету – бү­гінгі және келер ұрпақтың азамат­тық, перзенттік парызы. Әбіш Кекілбайұлы өзінің перзенттік па­рызына парасаттылық тұрғ­ы­сы­нан жауап берді, қаламгерлік ша­бытпен даналық ойды дамытқан дарабоз ретінде дараланды.

«Біздің тарих – тақсіретті та­рих. Сондықтан да оның ащы-тұщы тағылымы мол. Дәурендеген замандарымызды айтып дара­қы­лан­бай, дәурен тайған заман­дары­мызды айтып қарадай сарыуайым сапырмай, оның қалай болып, қалай қойғанын терең пайымдап, озған тұстарымыздан өнеге тауып, опық жеген тұстарымыздан қо­ры­тынды шығарып, жан-жақты та­ғы­лым алмайынша, бүгінгі жасам­паз­дық керек салиқалы ұлттық санаға қол жеткізе алмаймыз. Отар­шылдық озбырлықты өрбі­теді. Озбырлық жалаға жүгінбей тұрмайды. Тарихтағы талай қиянат көпе-көрінеу жалақорлықтан бас­талған. Өркениеттік бейқамдық – кешегі жеңгендердің ұрпақтарын бір кезде олардан жеңілгендердің ұрпақтарына кіріптар етті. Бо­дан­дық дегеніміз – обал-сауабыңды біреуге артып, құдайдың салғанына көну. Бостандық дегеніміз – өз тағ­дырыңның жауапкершілігін өз мой­ныңа алып, өз қамыңды өзің қамдау», – деген Әбіш Кекіл­бай­ұлы­­ның сөздері әлі күнге дейін өзек­тілігін жойған жоқ.

«Азаттыққа жету қандай қиын бол­са, азаттыққа үйрену де сондай қиын. Азаттықтың асау тұлпары­ның тізгініне тұтымды уыс, те­геу­рінді тақым, тереңнен толғап, алыс­тан барлап, қапысыз шешім таба алар кемел ақыл иелік ете ал­мақшы. Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік. Тәуелсіздігімізді сырттың ала­көздігінен, іштің алауыз­ды­ғынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз. Тәубемізден жаңылмасақ, тәуе­келімізден тайынбасақ, тәуел­сіз­ді­гіміздің тасы өрге домалайды. Тәуел­сіздік біздің тілегімізді емес, біз оның тілегін тілеуіміз қажет», – деген Әбіш Кекілбайұлының мар­жан сөздерін түсіне, түйсіне біл­ге­німіз абзал.

Қазақстанның Халық жазу­шысы, Еңбек Ері Әбіш Кекіл­­байұлының қаламынан туып, қа­зақ көр­кемсөзінің қуатын жалпақ әлемге танытқан мерейлі шығар­ма­лары баршылық. Баяғы Әйтеке, Қазыбек, Төле би бабаларымыз тәрізді елдің қамын жеп, айтқан түйдек-түйдек ойлары ел-жұрттың ортақ қазынасына айналуы керек.

«Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу». «Жау бетке – білек­тіміз­ді, дау бетке – біліктімізді, жарас­тық­қа – жақсымызды жұмсаған ха­лықпыз».

«Қазақ халқы – жұрт ойлап жүр­гендей қой соңында салпақта­ған бақташы халық емес, өзінің ұлан-байтақ жерін қорғап жүрген жаппай шекарашы, түгелімен сақшы халық».

«Ұлт бостан болмайынша, адам бос­тан бола алмайды. Халқың са­натқа қосылмай тұрып, өзің са­натқа қосылғаннан ұшпаққа шық­пайсың. Ұрпағына ие бола алмаған жұрт ұлттықтан айырылады».

«Аузымызға алалық түсірмесек, ісі­мізге шалалық түсірмейміз».

«Елім деп шын еңіреп жүрген ері кім, өтірік емешегі үзіліп, өз мүд­десін күйттеп жүрген епсегі кім – соны айқын ажырата алатын ха­лық қана барша мұратына жетуге лайық».

«Барша тығырықтан шыға­ра­тын бір-ақ жол – тәуелсіздігімізді тәу етіп, тәуекелімізге бекем болу».

Абыздан артық кім айтар?


Нұртөре ЖҮСІП, 
Сенат депутаты