Жәнібек салған ән қандай?!
Жәнібек Кәрменовті «ән академигі» атанған Жүсіпбек Елебеков үлкен сахнаға алып шықты. Жәнібек те Жүсекеңдей аяулы жанды әкесінен кем көрген жоқ. Түрлі ән мектебін зерттеп, зерделеп, ұлттық өнер көкжиегін барынша кеңейтуге тырысты.
Алтын – жер сыйы, алғыс – ел сыйы
Былтыр «Егемен Қазақстанда» Дулат Исабековтің «Биікке беттеген қазақ киносы» атты көлемді мақаласы жарияланды, биыл «Қазақ әдебиетінен» Әлібек Асқаровтың айқара екі бетті алып жатқан «Қазақ мәдениеті асқан асулар» атты толғауын оқыдық. Екі бірдей атақты жазушының ұлттық мәдениетіміз жайлы мақала жариялауы тегін емес, мұның терең сыры, айтылар жыры бар.
Шаргородский кім?
1901 жылы 7 қазанда Киев қаласында туған дирижер-композитор Леонид Шаргородскийдің Қазақстандағы шығармашылық қызметі туралы жазған авторлар көп емес. Замандастары А.Жұбанов бірнеше мақаласында арнайы тоқталып, ілтипатпен атын атап өтсе, Л.Хамиди еңбектерінен де оның есімі ара-тұра ұшырасады. Әдейі арнап жазған мақала тек Бисенғали Ғизатовтың «Академик Ахмет Жубанов», «От кюя до симфонии», «Казахский оркестр имени Курмангазы» еңбектерінде кездеседі. Әуелгі екі кітапта бір мақала түгелге жуық қайталанса, соңғы кітапта толықтырып жазған.
Сыйластықтан қымбат нәрсе жоқ
Қазақта «үзеңгілес» деген сөз бар. Бұл ұғым үзеңгі қағыстырып бір бағытта, бір мақсатта жол жүріп бара жатқан екі атты адамды көз алдыңа әкеледі. Менің Мейрам Базарұлымен бір мақсатта, бір бағытта әріптес, ойымыз, тілек-ниетіміз бір дос, үзеңгілес болғаныма біраз жыл болды. Бұрындары жолыққан жерде аман-саулы­ғымызды сұрасып жүретін едік, Мәкең 2006 жылы Qazaqstan ұлттық арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі болып келгеннен бері  таныстығымыз достыққа ұласты. Осылайша, жер ұйығы Жетісудағы қызметтік жолымыз көкшетаулық Мейрам мен тарбағатайлық Болатты Талдықорғанда тоғыстырды.
Маралтай ақынның мақамдары
Маралтайдың қатарынан қара үзген, қазіргі қазақ поэзиясының дүлділ дарабоз ақыны екенін туған әдебиетіміз бен өнеріміздің сан саласының саңлақтары жарыса жазғанына қарап-ақ бағалауға болар еді. Соған қарамастан, сыйлас іні, ақиық ақынымыз жігіт ағасы жасына толған тұста бірер ауыз сөзімізді арнап, ықыласымызды білдіруді жөн көрдім. Тегі бір ақынның шығармашылығы туралы әркімнің пайым-танымы әртүрлі бола беретіні бар. Сондай-ақ таза таланттың ашылмай, айтылмай тасада қалатын кездері болатыны да жаңалық емес. Бәлкім, мен де жұрт айтпағанды тап басып айта алмаспын, алайда тырысып бағайын деп шештім. Тәуекел…
Беттер: Бұрынғы 1 ... 3 4 5 6 7