«Сен неткен әдемісің, қолыңды бер!». Полиция қызды құтқарып қалды

24 жастағы қарағандылық отбасылық жанжалдан соң тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығып, өмірмен қоштаспақ болды. Полиция қызметкерлері оны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сен неткен әдемісің, қолыңды бер!». Полиция қызды құтқарып қалды

102 нөміріне Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығыс ауданына қоңырау түскен. Сатыбалдина көшесіндегі үйдің тұрғыны диспетчерлерге көрші үйдің төбесінде бір қыздың секіргелі жатқанын хабарлайды.

Полиция қызметкерлері – лейтенант Ерасыл Мұрат пен сержант Бекзат Омашев дереу айтылған мекен-жайға жетті. Тәртіп сақшылары тез арада үйдің төбесіне көтеріліп, олардың бірі қызбен келіссөз бастайды.

 Полиция қызметкерлерлі қызбен жылы сөйлесіп, алдарқатып, нәтижесінде қызды аман-есен алып қалды.

Тақырып бойынша материалдар