Қостанайда коттедж өртенді

Қостанайлықтар генерал Арыстанбеков көшесіндегі өрт туралы дабыл қағып жатыр,– жазады kstnews.kz.

Қостанайда коттедж өртенді

Instagram-дағы go_kostanay аккаунтында топқа жазылушыларды алаңдатқан видео жарияланды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша өртенген ғимарат жалға беруге арналған коттедж.

«Онда ешкім тұрмайды, өрт шыққан кезде ішінде ешкім болған жоқ. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынды сөндіруді жалғастыруда»,-делінген хабарламада.