Қазақ тарихындағы сенсациялар топтамасының төрт жазбасы

Қазақ тарихындағы сенсациялар топтамасының төрт жазбасы
© Николай Постников, Олег Белялов

Бірінші жазба. Ежелгі Шығыс пен Батыстағы ҚАЗАҚЫ іздерге медициналық-құқықтық және философиялық-тарихи толғаныс

Тарихта және көптеген ғылымдарда адамзат қол жеткізген жетістіктердің бәрі батыста пайда болған деген жаңсақ әрі әділетсіз постулат қалыптасқан. Ғылымның бәрі грек пен латыннан деген қорытынды жасауға әуес. Бұны батыстықтардың шығыстың ашық аспанын европацентризмнің қою бұлтымен, альбионның көк тұманымен тұмшалауға тырысатындығы деп ойламасқа шара жоқ. Айтатын уәждері – Шығыста бәрі миф. Сонысына қарай батыс ғылымының мәйегі мифтен толық аршылып болса бір сәрі ... Әлбетте, бұған көп дәлел келтірмей-ақ бірден Фемида, Гиппократ антындағы Асклепий, Панакея, Гигиея, Олимпті мекен еткен мыңғырған құдайлардың да миф екенін негіздеп қарсы уәж айтуымызға болады. Дегенмен, мұндай қарсы уәждер келтіргеннен ұтарымыз жоқ шығар. Одан да бізде не болған өзі, тарихи кезеңдерде айта қаларлықтай қандай жетістіктеріміз болды деген сауалға жауап іздегеніміз дұрыс болар. Бұл тұста құр даурығуға, полемикалық ойларға бой алдырмай, «нақты дерек» жоқ дегенді желеу етіп, немкеттілік танытуымызға болмайды. Нақты деректер мен фактілерді бізге ешкім алдымызға тартпайды, оны өзіміз жасауымыз керек. Деректер мен дәлелдер өткен кезеңдерде өңі айналып, «бұрмаланғанын» да ескеруіміз керек. Тағы бір ескеретін жайт түп-тамырымызға үңілгенде тек қазіргі картада орналасқан балық пішінді аумағымызбен ғана шектелмеуіміз керек. Бұл аумаққа байланып, тұсалып қалу именшектік пен жасқаншақтық. 550 жылмен шектелген межеден ықылым заманға жетелейтін, қазіргі аумағымыздан шеткері жерлерге сапарға шақыратын таным тағатын қалай жұбатамыз? Аталарымыз жүрген соқпақты көре тұра, салған сүрлеуін біле тұра аумағымыздан әрірекке ұзамасақ, көзіміз көргенімен, көкірек-көңіліміз жабық болса дүрді қайдан көреміз... Бұл жердегі басты сауалымыз «Шынымен шығыста ештеңе жоқ па?», - деген сұрақ болса, ал логикалық тұжырымымыз: «Егер шығыста «бар» болса, онда не бар, не болған, сол шығыста «барлардың» қазақ еліне, қазақ тарихына да қатысы болуы мүмкін» деген гипотеза болсын. Енді осы формула бойынша, қысқаша ретроэкскурс жасап көрейік. Бағытымыздан жаңылып қалмас үшін этнография, антропология, мәдениеттану объектілерінің бәрін қамтуға ұмтылмай мысал үшін назарымызға көпшіліктің тісі бата бермейтін тылсым да жұмбақ нағыз «латынданып» кеткен сала медицинаны алып, оны құқықтық және философиялық-тарихи тұрғыдан қарастырайық.

Месопотамия

Біздің дәуірімізге дейінгі 5000 жылдар ауқымындағы кезеңге тоқталсақ Месопотамияда шумер-аккад, ассириялық және Вавилондық өркениет басқа салалар секілді медицинамен әрі медициналық құқықпен сипатталады деп айта аламыз. Себебі, мұнда б.д.д. 3000 жылдарға жататын шумер дәрігерінің мөрі, саз тақтайшаларындағы рецепт жазбалары, саз балшық плиталарындағы акушерлік жадуалдар табылған. Көрнекі жерде әркез ауру симптомдары көрсетілген тақтайшалар ілулі тұрған. Жазбаларды зерттеу барысында дем салу, дұғалау, астрологияға жүгіну қолданылғаны анықталған. Медициналық қызмет бөлінісі: хирург, акушер, жалпы тәжірибе дәрігері, ветеринар секілді еңбек бөлінісі болған. Дәрілік затарды дайындау мен қолдануда, сондай-ақ олармен жөн-жоралғы жасауда судың ролі өте зор болған. Су «асу» (шуммерше «a-zu», аккадша «au») –деп аталған.[1] Бізде сатылымдағы - asu суының тауар белгісі бұл тұрғыда сәтті таңдалып алынған. Бұл өркениетте медицина әлдеқашан болғаны және оның «медициналық құқықпен» реттелгені көп ойларға жетелейді. Б.д.д. 1950 жылдардағы Хаммурапи патшаның заңдар жинағында дәрігерлерге берілетін сыйақы мөлшері белгіленген. Әлбетте, оларға қатысты дұрыс емдемегені үшін жазалар жүйесі де нақтылы айқындалған. Айта кететін жайт Хаммурапи патшаның кезінде ауру симптомдары мен рецепттер жазылған тақтайшалардан бөлек, биік бағаналар пайдаланылған. Елдегі маңызды жаңалықтарды, жаңадан қабылданған заңдарды, жазаланған адамдар туралы ақпаратты, әр түрлі сипаттағы жарнамаларды үлкен және биік етіп орналастырған базальт бағаналарға іліп отырған. Бұл бағаналар адам көп жүретін жерге орналастырылып, экран, дисплей, монитор қызметі секілді өз алдына афиша саналған. Жұртшылық қарым-қатынастарын бағанадағы мәліметтерге сілтеме жасай отырып орайластырған. Олардың фрагменттері бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазіргі таңда бұл тастан жасалған құжаттар Лондондағы Британдық музейде тұр. Онда Хаммурапи заңының барлық 282 бөлімі бар, солардың 8-і тікелей дәрігердің кәсіби қызметінің жауапкершілігін анықтауға арналған.

Солардың негізгі бесеуі былайша үн қатады:

Егер дәрігер мыс пышақпен күрделі ота жасаса және отадағының өмірін құтқарса немесе біреудің көзін сақтаса 10 сикл күміс алуы керек;

Егер ол құл болса онда оның қожайыны  2 сикл күміс төлеуі керек;

Егер дәрігер біреуге мыс пышақпен ота жасап оны өлтіріп алса, егер біреуді көзінен айырса онда оның қолын кесіп тастау керек;

Егер дәрігер құлға мыс пышақпен ота жасап оны өлтіріп алса онда ол қожайынына басқа құл беруі керек;

Егер дәрігер мыс пышақпен құлды көзінен айырса онда ол құлдың жарты бағасын төлеуі керек.

Сол кезеңдегі сикль индексациясы бойынша, мысал үшін айтсақ 5 сиклге бір жыл бойына бірнеше адамды асырауға болатын. Қысқаша қайыратын болсақ шумердегі жосықтар түркілік тамырмен етене байланысты. Зерделеп қарасақ бұл санкциялардың дені «Жеті жарғыда» көрініс тапқандығын аңғарамыз.

Мысыр

Б.д.д. 5000-2000 жылдар шамасында Мысырда емдеудің өзіндік әдістері қалыптасып, қызғыш құстың басы кейпіндегі медицина құдайы Тоте құдай-адамы жайындағы аңыздар қалыптасқан. Тоте бас аяғы 32 Герметикалық кітаптың авторы болған және оның алтауы медицинаға арналған. Сондықтан да болар Мысырда герметикалық әдебиетке баса мән беріліп, тәжірибеде соларды басшылыққа алатын болғандықтан пациент көз жұмған жағдайда да дәрігерлерге еш айып артпаған. Ал пациент өлімі үшін дәрігер герметикалық кітап талаптарын бұзған жағдайда жауапты болған. Бұндай дәрігер өлім жазасына кесілген. Барлығымызға белгілі нәрсе Мысырда қолданылған мәйітті бальзамдау, мумиялау тәжірибесі мысырлықтардың танатология мәселелерімен де айналысқанынан хабар береді. Бұдан кейбір зерттеушілердің мысырлықтар анатомия мен физиологияны білмеген деген уәждеріне қарсы жауап табуға болатын секілді. Тотеден бөлек мысырға қатысты әйел құдай Изиданы да атап өткен орынды. Изида денсаулық құдайы, ол ерлі-зайыптылар берекелілігінің, ұрпақты болуының, ана мен баланың жарылқаушысы саналған. Б.д.д. 2780 жылдары өмір кешкен, бар ғұмырын медицинаға арнап құдай деңгейіне көтерілген Имготеп өтіпті-мыс. Имготеп жайлы жазба деректер мен статуялар бар. Медицинада ғана емес басқа салаларда да ізін қалдырған Имготеп әмбебап ғалым, астраном, сәулетші, пирамида құрылысшысы ретінде танылған. Оның негізгі храмы атақты медицина мектебі орналасқан Мемфисте болған. Имготеп «Мысыр эскулапы» атағымен де танылған.

Б.д.д. 3000 жылдардағы Секхетьенанах ең алғашқы шынайы дәрігер саналады. Ол оталаринголог ретінде танылған. Мысырда медицинамен айналысқан абыздармен қатар оташылар, дантистер, офтальмологтар бөлініп шыққан. Пирамида тастарындағы, саркофагтар мен папиростардағы иероглифтер гинекологтар қызметі болғанын да айғақтайды. Шамамен б.д.д. 1850 жылдары жазылып бізге жеткен Кахун папиросы тұтастай әйелдерде кездесетін ауруларға арналған. Луксорда табылған Смит папиросы хирургияға, жарақаттарды емдеуге және анатомияға арналса, Фивахта табылған Эберс папиросы дене мүшелерінің ауруларына арналған. Бругш папиросы педиатрияға арналған және ана мен бала денсаулығын қарастырады. Мәліметтер шұбалаңқы және мысырдың ежелгі медицинасы догматикалық болғандықтан, құқықтық реттеу моральдық нормаларымен астасып кеткен деп тұжырымдауымызға болады. Мысырда дәрігерлерді көтермелеу, сондай-ақ оларға жаза белгілеу мәселесі «Қасиетті кітап» жазбаларына сәйкес шешіліп отырған. Міне, осы жетістіктер түркі, прототүркі, оның ішінде протоқазақ жетістіктері. Бұлар бойынша қазақы арнада зерттеу жүргізу керек. Кезінде тарихшылар мен зерттеушілер қателіктерге бой алдырып, бірқатар деректер мен атаусөздер бұрмаланып кеткен. Сол себепті, Изида құдай дегенді – Ізгілік құдайы, ал Кахун папиросы дегенді – Қатун (Қатын, Ханша, Әйел) папиросы деп алғанымыз абзал. Бұл жерден протоқазақтық, прототүркілік іздерді көрмеу мүмкін емес.

Парсы

Кезінде дуалистік дін қанатын жайған парсы елінде жақсылық пен жамандық күрескен екен. Жақсылық жарықпен теңестірілсе, жамандық қараңғылықпен папа-пар болған. Осындай аңыздан туындаған мифтік ойлар мәнінен қараңғылық болып табылатын жамандықты, жарық нұрымен сейілткен күн сипатты Митра культі қалыптасқан. Бұл орайда ауру жамандық пен қараңғылық тылсымында жатса, есендік, саулық жарықта, күн нұры аясында жатқан. Еріксіз назар аудартатын жайт, Парсылық Митра, Антикалық Гелиос, және Қазақы Күн басты адамның аналогиясы. Алматы маңындағы Таңбалы таста қашалып бүгінге жеткен «Күн басты адам» 2011 жылы өткен Азиада символына, сонау тоқсаныншы жылдары Алматыдағы Медеу шатқалында өткен Халықаралық “Азия дауысы» конкурсының символына айналып үлгерді. Парсылардағы жарық пен қараңғылық күресі, сол кездегі ортақ Заратустра (Жаратушы) таралған аумаққа енген біздің жерге де қатысты болмауы мүмкін емес.  Осыған байланысты парсыдағыдай және шығыстағы инь мен янь секілді, егер қараңғылықты «албасты» деп алып, жарық сыйлаушыны «күнбасты» немесе «нұрбасты» деп алсақ, қазақ жерінде де «албасты» мен «нұрбасты» күресі болғандығы жайында жорамал ұсынар едім (Е.Қ.).

Парсыларда медицина мыңдаған шипалы өсімдіктер тамырын жайған Амертат бақшасынан бастау алған. Ежелгі парсылардың ауруға қатыстылығы дінмен, жөн-жоралғымен, дұғалармен сипатталған. Медицинамен Мазда құдайдың қызметкерлері айналысқан. «Авестаның» алтыншы кітабы «Вендидадта» дәрігерлерге берілетін сыйақылар мен шалыс басқандарға көзделген жазалар қарастырылған. Вендидадтың тағы бір ерекшелігі мұнда, тағылымдамадан өтуші болашақ дәрігерлерге қатысты еңбек нормаларының болғандығы. Осыған сәйкес стажерлер кәсіби қызметіне кіріспес бұрын, сынақ мерзімінен өтуге тиіс болған.

Үнді

Ежелгі Үндідегі Аюрведтің «Өмір ғылымы» бірнеше мыңжылдықтар тезінен өткен. Ғалам жаратушысы Брахма, тиісті білімдер мен дәрігерліктің құпия әдістерін Ригведада игілік қамқоршысы деп көрсетілген, дәрігерлік құдайы Дакшаға жібереді, одан соң бұл ілімдер егіз құдайлар Ашвиндерге түседі, бұдан соң денсаулық қамқоршысы Индраға жіберіледі. Ал Индрадан соң данышпан Бхаратваджаға түсіп, Бхаратваджа бүкіл Үндістан мен Гималайды мекен ететін данагөйлерді жинап, оларға «Адамзат аурулары мен оларды емдеудің әдістері туралы ғылымды» риуаят етеді. Осылайша б.д.д. VI ғасырларда Үндідегі алғашқы медициналық трактаттар пайда бола бастайды. Ригведаға сенсек медицинадағы ұлы тұлғалар ретінде Чарака мен Сушрута аталады. Сушрута (б.д.д. 500жж) жүзден астам хирургиялық құралдарды сипаттап, 760 дәрілік өсімдіктің тізбесін құраған.

Үнді елінде оташылар ампутациядан бастап пластикалық операцияға дейінгі отаның түр-түрін жасай білген. Бұларда тіпті сексология да қарастырылып бедеулік пен белсіздік мәселесінің шешімі ретінде «Камасутра» ұсынылған. Мәселенің құқықтық жағына келсек, қателік жасап адамды мертіктірген дәрігер бұл өмірде жазасыз қалғанымен де, арғы өмірде жазасын алады деген қағида билік құрған. Сансара шынжырынан құтыла алмай, кармаға қармалмас үшін дәрігерлер мейлінше сақ болуға тырысқан. Ману заңдарының жинағында дәрігердің дұрыс емдемеуі себепті төлейтін айыппұлы пациенттің касталық жағдайы бойынша айқындалады деп көрсетілген. Демек мәселе деонтологиялық реттелген.

Бұл орайда Үнді мен Қазақ жұртындағы ұқсастықты атап өту керек. Үндіде құдайлардың беделінен именіп, өзі істесе де тұлғалар істерін құдай еркімен істелді деп аттарын соңынан болар болмас атаған, көрінер көрінбес жазған, немесе мүлдем атамаған. Осылайша жасанды аңызға айналдырған. Ал аңыз құдыреті, оның ұмыт қалмайтындығында және материалдық тасымалдаушылардан гөрі, биологиялық жадыда өмір сүруді қалайтындығында. Қазақ халқының дүниетанымында да аңыз басты роль атқарады және әрбір аңыз артында тұлғалар мен субъектілер бар. Мұнда халықтың ұстанған басты принципі «атың аталмаса да, еңбегің сіңсін»! Бұның мәні жер өртеп атыңды шығарғанша аталмай ақ қал, еңбегіңді бәрібір құдай көріп тұр дегенге саяды.

Тибет

Тибет медицинасының классикалық қайнар-көзі - “Чжуд-ши”. Төрт тантра деген атпен белгілі болған төрт томдық трактат «Амрита жүрегі – сегізмүшелік құпия және ауызша тәлім тантралары» да аюрведалық ілімдер секілді автордың емес Брахма мен Шакьямуни будда атынан ұсынылған. Дәрігер қателеспеуге тиіс, қателескен жағдайда Будда қаһарына ұшырайды деген сенім болған. Медицина мәселесін философия және дінмен матастыра қарайтын болсақ дәл осы Тибетте, денсаулық, өмір және өлгеннен кейінгі өмір мәселелері барынша тиянақты жазылған. Тибеттік «Өлілер кітабы» соның айғағы. Ислам діні де, христиан діні де өлім мәселесіне тереңдеп тоқталмайды. Бұның өзіндік себептері бар. Ал тибеттік «Өлілер кітабында» өлімнен кейінгі күй бүге-шүгесіне дейін сипатталып, жан о дүниеде қандай есіктерден өтетіні, басқа күйге қайтадан қалай енетініне дейін тәптіштеп жазылған. Бұл кітап бүгін ми өлімі, клиникалық өлім мәселелерін зерттеуде, жалпы танатологиялық мәселелерді негіздеуде құндылыққа ие болып отыр. Тибет пен оған жапсарлас Непал және Үндінің Кашмир аумағындағы халықтың дүниетанымы мен бірқатар жөн-жоралғылары қазақ халқы дәстүрлерімен әбден ұқсас. Тіпті, олардың нанды нан, тандырды тандыр дейтіні де көп нәрседен хабар беретіндей.

Қытай

Барлық шығыс елдері секілді Қытай медицинасы да аңыздармен шырмалған. Қытай медицинасының негізін қалаушы император Шэнь-нун (б.д.д. 2700жж.), саналады. Ол 100 емдік шөптен тұратын алғашқы жинақ шығарған және акупунктура техникасын ойлап тапқан. Ежелгі Қытайдағы ең негізгі медициналық еңбек Нэйцзиннің (Хуан-ди Нэй-цзин) «Медицина канондары» атты трактаты. Табиғат пен өмір туралы бұл еңбектің жазылуына император Хуан-ди (б.д.д. 2698-2599) ұйытқы болған. Қытайдың бірқатар дәрігерлерін атап кетейік: әмбебап дәрігер Бянь Цао, оташы Хуа То, эпидемиолог Чжан Чжун-цзинь, Нэйцзиннің еңбегін түсінікті етіп өңдеген Ван Бин.

Бастапқыда магикалық, кейіннен эмпирикалық жолмен дамыған қытай медицинасы рационалдық деңгейге жетіп, бастапқы бес элемент (от, су, жер, ағаш, темір) пен инь мен янь арақатынасы секілді абстрактілі ілімдерімен сипатталады. Қытайда анестезиялауды меңгерген оташылар, наркоз арқылы операция жасай берген. Диета, массаж, инемен емдеу, салауатты өмір салтын ұстану кеңінен қолданылды. Үш патшалық тұсында дәрігер Хуа То (190-265) бес аңның ойынын сипаттайтын "У цин си" атты емдік гимнастика негізін қалап, адам сенгісіз қабілетке жетіп, трансценденттік күш иесіне айналады. Аю, жолбарыс, бұғы, маймыл мен тырна қимылдарына ұқсас жаттығулар кешені гимнастикалық және жекпе-жек әдістері ретінде дамудың даолық жүйесіне еніп салауатты өмір салты ретінде күні бүгінге дейін насихатталуда. Осының негізінде Жапония, Керім (Когурё, Силла) секілді көрші елдермен астаса дамып жетілген жаттығулар жүйесі бүгінде біздің елімізде де кеңінен таралған. Оған дәлел еліміздің түкпір түкпіріндегі айкидо, таэквандо, каратэ-до шотокан, каратэ-до кёкисункай, джит кун до секілді секциялар.

Син династиясына дейінгі кезеңде Қытай медицинасы жүйелі түрде дамыды. «Жәрдем» газетінің (2009ж.), «Көрші» журналының (2008ж.) мәліметтеріне сәйкес ол кезеңде қытай медицинасында он бір түрлі бағыт қалыптасқан:

Андромедицина, яғни ерексерді емдеу медицинасы (да-фэн-май)

Жалпы медицина (цзэ-и)

Педиатрия (хао-фэн-май)

Сал ауруларын емдеу (фэн-га)

Гинекология (фу-ге)

Офтальмология (ян-ге)

Стоматология (гоу-ци)

Тамақ ауруларын емдеу (ян-хоу)

Ортопедия (чжен-гу)

Сыртқы аурулар мен хирургия (цзинь-чжуан)

Акупунктура (чжень-цзю).

Қытайдағы дәрігерлер ісін құқықтық реттеу, басқа салаларды да құқықтық реттеп отырған Легизм мектебінің нормаларымен жүзеге асты. Легизм мектебінің санкциялары өте қатаң саналатындықтан, оның үстіне Кун Фу цзы мен Даосизм мектебі моральдық, деонтологиялық нормалардың шеберханасы саналғандықтан басқа құқық қатысушылары секілді дәрігерлер де өз ісіне аса жауаптылық орнықтырған.

Ежелгі ғана емес, бүгінгі қытай еліне риясыз риза болуға жетелейтін ең негізгі факт – бұл күнде Қытай медициналық жоғарғы оқу орындарында қазақ медицинасының оқытылуы және қазақ халық медицинасын зерттеу ғылыми орталықтарының жұмыс істеуі. Өзіміз барымызды бағалай алмай жүргенде қазақ медицинасын дәріптеген және өшкен биіміз «қара жорғаны» спорттық гимнастика санатына дейін қосқан аспан асты елі қазақ медицинасының деңгейі биік екенін ғылыми түрде негіздеп берді.

Осылайша, өз заманынына лайық медицинасы дамыған, 200 мыңнан астам папиростарында (б.д.д XVIII ғғ. Катун папиросы, б.д.д. XVI ғғ. Эберс папиросы, б.д.д. XI ғғ. Брушга папиросы, б.д.д. III ғғ. Имготеп (Имхотеп) ілімдері, Тебтюнисх, Оксиринх, Гибелен папиростары  және т.б.) медициналық мәліметтер жазылған Мысыр елінде медициналық құқықтың алғышарттарының болмауы мүмкін емес. Өйткені, бұл папиростар медициналық, сондай-ақ медициналық-құқықтық мәліметтерді көздеген деректер базасымен барабар болған. Ежелгі Қытай, Тибет, Үнді, Парсы елдерінде қолданылған медициналық-құқықтық сипаттағы әдістер күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Бұл елдерде медициналық білімдерді жинақтау мен медициналық білім беру мәселелері де жолға қойылған болатын. Жоғарыда айтылған үнділік дәрігер Сушрута, Бенаресс университетінің түлегі болған. Қытайда жалпы және жеке сипаттағы медициналық-құқықтық актілер кеңінен тараған. Мысалы, император әулетіне қатысты жеке медициналық-құқықтық ережелер қалыптасқан. Мысырда, ең алғашқы травматологиялық және созылмалы ауруларға арналған стационарлар жұмыс істеген, офтальмологиялық клиникалар да қалыптасқан. Ал Иранда б.д.д. І мыңжылдықта азаматтық медицинамен қатар, тіпті, әскери құрылықтық, әскери флоттық медициналық қызмет те қалыптаса бастаған. Осы көрсетілген ежелгі дәуірдің барлық елдерінің медицинасында ТҮРКІЛІК ІЗДЕР жетіп артылады. Кашмир, Тибет, Непал тау бөктеріндегі халықтардың болмысын зерттеу олардағы медицинаның бақсылықпен де, салт-дәстүрімізбен де (адыраспанды қастер тұту, үйді аластау) байланысатынын, тіпті тіліміздегі туыстықтың да барын көретіп берді.

Антика

Антикалық медицина емдеудің магиялық нысандарын, дәстүрлі медицинаның әдістерін мұра етіп алды және мифологиялық сипатта болды. Антикалық грекияда да Ежелгі шығыстағы әдістер секілді диета, массаж, су процедуралары, гимнастика және хирургиялық араласу әдістері қолданылды. Емдеу ісі бастапқы еңбек бөлінісінде жеке кәсіп ретінде бөлініп шыққан соң өзіндік дәрігерлік культ қалыптаса бастады. Дәрігерлік құдайы Асклепий мен оның қыздарының культі аңыздардан басты орын алды. Асклепий қыздары: Гигиея, денсаулық қорғаушысы болса, Панакея, емдеу ісінің қамқоршысы болды. Осы қыздардың есіміне байланысты, сәйкесінше «гигиена» мен «панацея» қалыптасып отыр. Өр мінезді Панакея адамдарды күллі дерттен бірден құлан таза айықтыратын дәрі табатынына сенімді болса, салқын қанды Гигиея мұндай дәрі болмайтынын алға тартып, адамдарда ауруға қарсы тұра аларлықтай қабілет те, ақыл да бар, сондықтан аурулардың емі де адамдардың өз қолында деп негіздейді. Апалы-сіңлілі екі қыз көзқарастары түрлі болғандықтан әрқайсысы өз жолдарымен кетеді. Панакея ауруды емдеуде әртекті улы заттарды – ұнтақтарды, микстура, таблеткаларды қолданып барлық аурудың емін табатын бірегей зат іздеумен болса, Гигиея  өмір заңдарын негіздеп, салауатты өмір салтын ұсынумен келеді. Қыздардың әкесі Асклепийді римдіктер Эскулап деп атап кеткен. Бұның мықты болғаны соншалық, ауруларды өлімнен арашалап қана қоймай, тіпті өлгендерді тірілтетін дәрмені болыпты-мыс. Бұған ашуланған өлім құдайы Танатос тірліктегілер өлім барын білмесе, өмір мәнін түсінбейтінін көрсетіп, Зевске шағым айтып Асклепийді ақыры өлтіртіп тынады. Ал Танатос есіміне байланысты өлім туралы ілім – танатология қалыптасқаны белгілі.

Философиялық ой-пікір генерациясы тұрғысынан басқаларын айтпағанның өзінде тек Сократ, Платон, Аристотель есімдері арқылы ғана Антика кезеңінің дамудың жоғары сатысында болғаны еш шүбә келтірмейді. Алайда, антикалық грекиядағы медицинаның дамуы ғылыми деңгейден мүлдем аулақ тұрды. Онда медицина әр тұрғыдағы үзік үзік білімдерден құралған болатын. Бұл тұста, антика дәуірінің медициналық мәселесіне қатысты адасушылық та, фактілерді бұрмалаушылық та бар. Адасудың көп себептерінің бірі де бірегейі антикалық дүниені тек гректермен байланыстыру. Адасудан бөлек жатқан саналы түрдегі әрекет, шығыс өркениеті жайқалған орта ғасырлар кезеңінде еуропа тоқырап кері кеткендіктен, ортағасырда көзайым болар еш нәрсесі болмағандықтан, амалсыз антикалық жетістіктер дәріптелді және жауыр болғанша қайталанды. Бұл еуропацентризмнің бірден бір көрінісі. Дегенмен сілтемеге құмар ғалымдар адасушылар санатында болғандығы хақ. Ал бұл адасудан туындайтын – адасушылық, гректердің мирасқорлары ретінде римдіктерді ғана тану, жерорта теңізіндегі шағын мекендермен шектеп қою, немесе мәселе кіші азияға, мысырға тірелсе әншейін эллиндіктерді, гректерді тізбектеп қою. Антикалық өркениет жайқалмай тұрғанға дейін ақ, пирамидалар тұрғызған мысырлықтар, «гректер» Ескендерреяны (Александрияны) салып жатқанда өркениет ісіне қатыспай, оларың біреуінің болса да аты аталмауы жұмбақ секілді. Гректер түркілердің оғыз бұтағынан тараған жерлерінде ғылымды жайқалтып жатқанда Станбол мен Анадолы (Анатөлі)  аралығындағы түркілер жалауды гректерге беріп қойып неге ғылымға қатыспай, неге өз жерінде өзі варвар атанып жүргендігі ойлантады. Бұл тұрғыдағы ғылымдағы басты желеу: «Түркілердің ол жерге мүлдем кейін, әбден гректер мен римдіктер бәрін жасап кеткеннен кейін баруы», «Жиырмасыншы ғасырға дейін түркілердің басым бөлігінің бұратана кейіпте жүруі». Осыған байланысты «Түркі тайпалары Кіші Азияға ІV ғасырдан бастап қоныстана бастады» деген тарихи ғылыми көзкарастар түркілерді өркениеттен алшақ ұстау үшін әдейі жасалған тарихқа деген қиянат болуы бек мүмкін.

Еуропацентризм басқа ұлыстарды да жетістірмеді. Антикалық мәдениет, Рим өркениеті аясында парсылар мен арабтар неге данышпан гректерге таңданумен жүрді! Жауабы: ол кезде олар бәдәуиндер ретінде жабайы болған. Сондай-ақ бұның мәні еуропа ортағасырларда қараңғы түнек аясында жүргенде, шығыстың не себепті озып кеткенін түсіндіру үшін қажет болды. Себебі, соны пайдаланып арабтар мен араб тілділер, онда да олардың ішіндегі христиандары жаппай антикалық гректердің мәтіндерін арабшаға көшірген және аударған. Осыған байланысты ресейлік ғалым шығармасынан өзгертпестен мысал келтіре кетейін:

«Осознавая значение античной науки, халифы и другие вожди мусульман содействовали переводу на арабский язык важнейших греческих сочинений (которые к тому времени сохранились в регионе по преимуществу на сирийском языке — языке преподавания в Гундишапуре и других центрах). Начало этой деятельности было положено в конце VIII в., однако основная работа переводчиков развернулась в правление халифа ал-Мамуна (813—833), который специально для этого организовал в Багдаде «Дом мудрости» {араб, baital-hikma). В течение IX и X вв. на арабский язык была переведена практически вся доступная литература, представлявшая интерес для арабов.

Со временем переводы на арабский стали делать непосредственно с греческого. Большинство исследователей связывают этот переход с деятельностью самого известного переводчика эпохи халифатов — христианина-несторианца Хунайна ибн Исхака (НunainibnIshag, 809—873) из Хиры. Он имел глубокие познания в медицине, был придворным врачом халифа ал-Мутаваккила (847—861) и преподавал медицину в Багдаде. Хунайн иби Исхак в совершенстве владел арабским, сирийским, греческим и латинским языками, в поисках рукописей научных и философских трудов совершил путешествие по Византийской империи, после чего собрал вокруг себя группу переводчиков, в которую входил и его сын Исхак.

Среди переводов,   приписываемых водил Платона и Аристотеля, Сорана и Орибасия, Руфа из Эфеса и Павла с о. Эгина. В то время на арабском языке еще не существовало оригинальных текстов на темы переводимых им сочинений, и Хунайн ибн Исхак освоил медицинскую терминологию, ввел ее в арабский язык и заложил драгоценный лексический фундамент медицинских текстов на арабском    языке».[2]Бұл жолдардан әлі күнге дейін шығысқа қатысты ешбір шынайы пікір айтылмай жүргенін, «зерттеушілердің» шығыстың өз еңбегін өзіне қимай келетінін көріп отырмыз. Әншейін, жата кеп, әуелі аудармашылардан «топ» жасақтап алып аударуға кіріскен шығыс өкілдерінің «дайынға ие болуы» тек күлкі шақырады.

Қазір бастау алған ғылымдағы серпіліс тарихи әділеттілік орнатуды көздейді. Болашақта бұл үрдіс әділ шешімін табатынына сенгіміз келеді. Негізінде антикалық кеңістік жерорта теңізін айнала қоршаған жағалаумен ғана шектелген жоқ. Ол қазақ жерінің тарихи бесігі сақ даласымен ұштасып, құрылықтың кіндігі түркі әлемімен астасып жатқан. Ал қазіргі Түркия жері антикалық медицина ғана емес, антикалық дәуірдегі өркениет ошағы болған. Прототүріктер мен протоқазақтар шаһары Станбұл[3]атанған бұрынғы Константинополь түбірінде Константин емес: «қоныс», «қоныстану» сөзі жатыр (Е.Қ.). Жаңа Рим атанып, Рим, Византия, Шығыс Рим Империясының, Латын империясының, Осман империясының астанасы болған. Түркі жұршылығы ол жерді Сарықырат деп те атаған. Бұл жерде орыстар мен славяндардың Станбұлды Царьград деп атағанын айтқым келіп отыр. Олардың Царьград деп Сарықыратты атағаны айдан анық. Түркі тілінде «стан» сөзі гүлденген, абаттанған мекенді білдіргендіктен, гүлдене бер, абаттанған жерге айнал деген тілекпен - қала Станбол (Станбұл) атауына ие болады. Әркімнің өркениетке үлесі болған. Сол кезеңдегі, қытай, үнді, парсылармен етене қарым қатынастаста болған протоқазақтардың антикалық қана емес, жалпы әлемдік өркениетке қосқан үлестері өлшеусіз. Қазақ түркілерінің өркениеттегі іздеріне көз салсақ «антика» беріде қалып қалар демеске лаж жоқ. Протоқазақтардың іздері мен қолтаңбаларын, ілімдері мен білімдерін сонау шумер-аккад дәуірінен көреміз. Әлбетте, бұған бөлек әңгіме арнауымызға болады. Бұл тұрғыда тек бұның жорамал, болжам емес, «дәлелденіп қойылса да назар аударылмай жүрген тарихи факт, ғылыми дәлел» екенін баса көрсету керек. Көптеген ғалымдар шумер тілінің нақ түркі тілі екенін атап кеткен. Түрік ғалымы Осман Недим Туна, қазақ ғалымы О. Сүлейменов және көптеген батыс ғалымдары: Б. Ландсбергер, Дж. Клауссон, Ф. Деимел, Г. Винклер, Ф. Гоммель, З. Андреас, Ф. Хоммель шумер тілі мен түркі тілін байланыстырады. Демек, шумер мәдениеті де, шумер медицинасы да, шумер құқығы да  прототүркілердің жетістігі болып саналады. Ал әзірбайжандық зерттеуші С. Измайловың пікірінше тіпті парсылардың және парсылық тұлғалар мен еңбектердің басым бөлігі түркілік дүниелер. Измайлов «Халықты құл етудің төте жолы – оның тарихын тартып алу» тезисін мысал ете отырып, отаршылар қалай да «түркілер» жетістіктерін мансұқ етуді көздеп, ақыры Иранды алу мүмкін еместігін сезгендіктен түркі жауһарларының бәрін парсыға жазып отырған деп негіздейді. Автор, сондай-ақ тіпті иран сөзінің өзі «еран» деген түркі сөзі деп көрсетеді. «Ер» түсінікті, ал «ан» ежелгі түркідегі көптік жалғауы болғандықтан, Тұран секілді, Еран ерлер мекені деп көрсетеді. Кейбір мәліметтерде Иран түркілер мекені ретінде көрсетіле келе, «Аран» деп аталады. Аранның бір мағынасы бәрін жаулаушы, жалмаушы болса, басқа мағынасы бөрі мағынасындағы трансформацияланған «Арлан» ұғымына саяды. Осы тұрғыда қазақы «арандату» сөзі де бірқатар ойларға жетелейді. Бұл мәліметтерді көрсетудегі мақсатым, мәніне қарай парсылық жетістіктердің бірқатарын түркілік жетістіктер ретінде қабылдауымыз қажеттілігі.[4] Әлбетте, Бабырдың Үндістанда, Сұлтан Бейбарстың Мысырда билік құрғандығы мәселелерін де таратып айтуға болар еді. Бірақ түркі кілемдерінің «парсы кілемдері» аталып кеткендігі секілді тарихи әділетсіздіктер назарымызды аударғандықтан ғана парсыны (жанама түрде арабтарды) мысалға алып отырмыз. Ортақ жаратушы (Заратуштра) кезеңі, сақ дәуіріндегі Тұмар ханшайым басқарған кезең болсын, беріректегі сыр бойын мекен еткен ІХ ғасырдағы Хорасан ата кезеңі болсын түркілердің парсыларға (арабтарға) ықпал етпеуі мүмкін емес. Сондықтан тілімізге парсы-араб сөздері ықпал етті деп біржақты қарайтын әдісті өзгертіп, керісінше түркі тілінің парсы және араб тілдеріне ықпал ету мүмкіндіктерін қарастыратын әдісті орнықтырған жөн болар еді. Тіпті жоғарғы мысалдағы «стан» сөзін де парсыдан енген сөз деп келдік.

Антикаға қайта оралсақ, басқа саладығы секілді, антикалық медициналық жетістік те прототүркілік базис негізінде дамып келген. Басқаларына тоқталмай-ақ, капитолилік бөрі мен түркілік көк бөрі сабақтастығы мысалын айтсақ та, жер-су аттарын айтсақ та (мысалы, менің теңізім, иесі менмін деген мағына беретін Егей теңізі түбірінде түркілік «еге», «ие» сөзі жатыр, Е.Қ.), манускриптердегі түркіше мәтіндерді алсақ та түркілік ізді байқаймыз. «Грек, не Грекия деген атау атымен жоқ, б.д.д ІҮ-ІІІ мыңжылдықта Кіші Азия, яғни, қазіргі Түркия жері экономикасы мен мәдениеті шарықтап гүлденген өлке болды. Түрік ғалымы Адиля Айда б.д.д І мыңжылдықта Апеннин жарты аралының терістік батыс бөлігінде Римге дейінгі өркениетті өмірге келтірген этрускілердің тегі түрік екенін дәлелдейді. Ал түрік халықтарының шығу тегін Алтай тауындағы қаншық қасқырмен байланыстыратын аңызды ескерсек, “Ұлын Ұрымға, қызын Қырымға қондырған” деген көне мәтелдің қайдан шыққаны түсінікті болады».[5]

Оның үстіне сол кезеңде «алыс-беріс» өте жақсы жолға қойылған болатын. Қытаймен арадағы құдандалық болғаны секілді, гректерде қыздарын прототүркілерге, ақылы асқан сақтарға ұзату кең үрдіске айналған. Мысалы, өмірінің басым бөлігін нағашы жұртында өткізген прототүркі Анарыс гректердің жиені. Жеті данышпанның бірі саналған, сақ Анарыс (Анахарсис) бабамыздың дәнекерлігі гректерге Ұлы дала жетістіктерін таныстырды. Аты аңызға айналған дала данышпаны, Анарыстың нақты өмірбаяны туралы деректер Диогеннің мәліметтерінде кездеседі. Ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 605-545 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. 594 жылы «архонт Эвкраттың тұсындағы Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген. Осы күннен бастап Солонды үйіне іздеп келіп, өмір бойы дос болып өтіпті. Геродот Анахарсисті скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өнер-білімге құмар, Элладаның тілін үйреніп өскен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам» - болған деп көрсетеді. Секст Эмпирик Анахарсисті жеті данышпанның біріне жатқыза отырып, оның емшілік дарынын да айтып өтеді. Философиялық сөздіктер бойынша Анарыс, ешқашан жарақат дегенді білмепті, мұнтаздай таза, кіршіксіз денсаулық иесі саналғандықтан, денесіне жара түсе қалса әп сәтте емдеп жазып алатын Анахарсис – Жараланбайтын атанып кеткен. Анахарсис гректерге тазалықты насихаттап, маскүнемдіктің зиян екендігін нұсқап, сол кездегі сақ даласында кең таралған гимнастикамен айналысуды үнемі ұсынумен болған. Анарыс суда жүзу негізін қалыптастырып, сақтарда ықылым заманнан белгілі желкенді кеме мен оны тоқтату тетігі саналатын зәкірдің не екенін элладалықтарға ұқтырған. Анахарсистің қоғамдық денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастырудан бөлек әр салаға байланысты 50 шақты шығармалары болған. Ол элладалықтарға скифтік ойлау және сөйлеу мәнерін қалыптастырған. Бейресми деректерге қарағанда Анахарсис бірнеше мәрте олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Кезінде данышпанды пір тұтқан француз философы әрі төңкерісшісі Жан-Батист Клоотс аты-жөнін Анахарсис деп өзгертіпті. Анахарсис заманында антикаға танылған атақты дәрігер сақ даласынан шыққан Тоқсары (Токсарис) да өмір сүрген. Анарыс Тоқсарыны өз ұстазына балаған. Эллиндік шешен Лукианның жазбаларында Тоқсары Асклепий үмбетімен қатар тұрған асқан дәрігер ретінде сипатталады. Ол қайтыс болғаннан кейін де Афинылықтар варварлық Балгер әулие ретінде оған үнемі құрбандық шалып тұрған екен. Осы тұрғыда эллиндіктер прототүркілерде керектінің бәрі барын мойындағандықтан, сақтарды, олардың бізде БӘРІ БАР дегендеріне орай «варвар» атап кетсе керек. Атақшы тарихшы Геродот, «Тарих» еңбегінде «Скифтерде өмірге қажеттінің бәрі бар» деп көрсетеді. Сондықтан, варвар сөзі «БӘРІ БАР» сөзінен алынғанына еш шүбә болмаса керек (Е.Қ.).

Ресейлік ғалым В.Г. Лазаренконың зерттеулеріне сәйкес тіпті, жоғарыда айтылған Асклепий, бұған қоса Прометей, Аполлон, Ахилл секілді ғұламалардың өзі грек емес. Олар шамандар! В.Г. Лазаренконың айтуы бойынша студенттерге медицина тарихы шынайы оқытылып жүрген жоқ. Медицина тарихы медицина табиғатына жақын жуымайды және ондағы беріліп жүрген мәліметтер мүлдем ескірген. Мәліметтер еуропацентризм пайдасына дәлелсіз еншіленген және идеологияландырылған. Бұл тұрғыда жүйелі әрі ғылыми бағыт қажет. Ал, қазіргі мәлімет беру ғасырлар бұрын қолданылған «медицина аталарын» дәріптеу, құрғақ баяндау мен мифке негізделген ертегі ғана! Осылайша, аталмыш автор антикалық кеңістік аумағын қара теңізді айналдыра кеңітеді[6].

Дегенмен, бұл автор да жеме-жемге келгенде сол дәуірдегі жетістіктерді қара теңіз бен жерорта теңізін тербеткен түркі әлемінен қызғанып, антикалық кеңістікке орыс пен украин даласын ғана қосуға тырысып бағады. Бұл фактінің өзі ғана ғылымды әркім өзіне тартатындығын көрсетеді. Еуропацентризмді жоққа шығарумен бір мезетте, славянофилшілдік ойды алға тарту ғылымда объективтіліктің жетіспей тұрғанын көрсетеді. Расты рас, дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деу керек. Қазақ ғалымы К. Ислям латын тіліне қатысты еңбегінде антика мен рим өркениетіне қатысты «Рим өркениеті 2 мың жыл бұрын пайда болса да, біз ежелгі римдіктердің өмірі туралы көп нақтылы мәліметке иеміз, бірақ бұлардың барлығы тарихи фактілер емес. Ол көбінесе аңыздармен, ертегілермен, риторикалық қиялдармен тығыз байланысты (кейде тіпті әдейі бұрмаланған)» деп өте әділ атап көрсетеді.[7] Антикалық медицинаға байланысты арнаға қайта ойыссақ бірқатар тұлғалар мен жетістіктерді айтуымызға болады. Аңыздарға сәйкес Сатурнның баласы Кентавр Хирон шөппен емдей білген, Асклепийді жоғарыда айттық, айналып келгенде аңыздардың бәрі антикалық шипагерлікті шамандардың ісіне теңейді. Нақтылық жоқ. Мифтер бірді айтып бірге кетеді. Бірде мың жыл алшақ жатқан шумер мекенін көрсетсе, бірде Фракиядағы дәрігерлік әдісті сипаттайды. Кротоннан шыққан Алкмеон адам миына назар аударыпты. Гиппократ, медициналық білімдерді жинақтап, медицинаны өнер деп көрсетеді, темперамент туралы ойлар айтады, медициналық этиканы негіздейді. Африка құрлығындағы гректердің жетістіктеріне тоқталсақ, Мысырдағы Ескендерриядан шыққан «грек» Герофил алғаш мәйітті ашқан дәрігер саналады. Ол жүрек жұмысының үш кезеңін, көз алмасының құрылымын сипаттап көрсетеді. Герофилдің досы Эразистрат мидың қатпарлылығына назар аударып, мида бөліктер болуы ықтималдығын айтады.

Гиппократтың медицина атасы деген дәріптеумен тарихта қалған себебі, оның кіші азияны қоса алғанда, мысыр жерін, сақ даласын шарлап барлық қолына түскен медициналық мәліметтерді грек тіліне адаптациялағандығынла болса керек. Ал Гиппократтың өзі жазған нақтылы еңбегінің бар-жоғы мәселесі әлі күнге түпкілікті шешімін тапқан жоқ. Птоломейдің тапсыруы бойынша Александриядағы кітапханаға әр тараптан жиналған 700 мың шиыршық буманың ішіндегі медициналық еңбектердің дені грек тілінде жазылған. Бірақ бұл еңбектердің бір де біреуінде не «медицина атасы» Гиппократтың, не басқа да грек «данышпандарының» есімі жазылмаған. Осылай бола тұра б.д.д. 300 жылдары Гиппократ дүние салғаннан кейін еңбектер топтастырылып, «Гиппократ жинағы» аталып кетті. Осылайша, Гиппократ есімімен байланысқан грек медицинасы Гиппократқа дейінгі, Гиппократтық және Гиппократтан кейінгі болып үш кезеңмен қарастырылып күні бүгінге дейін өзінің догмалық сипатынан арылмай келеді. Бұл жазбада бұрыннан насихатталып жүрген медицинаға із қалдырған тұлғаларға тоқталмадым. Оның есесіне айтылмай жүрген жайттарды ғана қарағанды жөн санадым. Гиппократ бар болғаны 200-дей дәрі түрін, үнділік емшілер 800-дей дәрі түрін пайдаланған болса, түркі бабамыз ибн Сина 3000-ға жуық дәрілік заттар түрін еркін пайдалана білген. Жоғарыда айшықталған қазақы іздерден бері ойысып өз аумағымызға жақындайық. Осылайша, жазбамның басында бұл ретроспективті экскурс медицина арнасымен байланысты екенін айтып кеткенімдей, шеткері жатқан бабаларымыздың осы саладағы сүрлеуін көре алған болсақ енді түк жоқ, ваккум саналатын өз аумағымызға оралып, ежелгі дәуірмен қатар орта ғасырлар түгесілген тұсқа аз-кем тоқталайық. Шумерлік кезеңде өздерін қаңғар (хунгар, кеңгір) атаған пртотүркілер алғашқы медициналық мекемелерді табысты ұйымдастырып, картотека жүргізе білген, тасқа басылған заңдар арқылы заң қызметін жолға қойып, дәрігерлерді көтермелеу және жазалау шараларына дейін белгілеп отырған. Сақтар өзіндік панацея ретінде грек даласына дейін тараған хаома сусынының шипасымен күллі тайпа мен руды ауру кеселдерден аман ұстай білсе, ғұндар бірінші орынға мұнтаздай тазалық пен салауатты өмір салтын қойып, гигиеналық тазалықты дәріптеді. Нәтижесінде қол астындағы еуропа сарбаздарын да тазалыққа үйретіп, кәріз жүйесі мен акведуктар салуды үнемі қолдап жүрді. Гигиенаны алға қойып өздері басып алған қалаларындағы акведуктарды қиратпады және оларға мүлдем тимеді. Әр саладағы жарқын жұлдыздарымен сипатталатын, ортағасырлық білім мен ғылымның ордасы болған мұсылмандық шығыстың әлемдік өркениетке қосқан үлесі өлшеп тауысқысыз. Бұл аумақты шартты түрде Түркістан деп алайық. Оның мәні біріншіден, жоғарыда сөз болған ежелгі Византия орныққан жердің бүгін Түркия екендігінде, Константинопольдың бүгін Станбул екендігінде, екіншіден, медицинаға үлес қосқан шығыс, мұсылман тұлғалары ретінде қазақтардың, дәлірек айтсам протоқазақтардың, ал нақтылап айтсам түркілердің араб пен парсылар тасасында қалып қойғандығында. Бұның себебі латын тілі қанат жайып еуропа ғалымдары туындыларын латын тілінде жазғандай, шығыста да араб тілі кең таралғандықтан түркілер шығармаларын сол тілдерде жазған. Осыған байланысты жазылған тілі бойыншы субъектінің аумаққа қатыстылығы жаңсақ түсінілген. Сондықтан да араб, парсы ғалымдарын бір жолға түркі деп атасам ештеңе етпес. Онсыз да ибн-Сина мен әл-Фараби секілді бабаларымыз түркі бола тұра бірқатар шығармаларда араб, парсы атанып жүр емес пе. Түркістандықтардың медицинада қалдырған іздері күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Алғашқы сауықтыру емханасы 707 жылы Шам шаһарында ашылды. Ал X ғасырда Куртубада 50 емхана жұмыс істеген. 754 жылы түркілер билік құрған Бағдатта тұңғыш дәріхана ашылды. Қазақ жеріне келсек, мұнда жалпы алғанда медицина ғана емес, медицинаның жекелеген бөлімдері мен салалары да сол заман деңгейіне орай дамыған. Павлодар өңіріндегі Қараобадан табылған әйел сүйегі, батыс Қазақстан мен Тараз өңірінен табылған жауынгер бассүйегі, арқадағы Қарабие маңынан табылған адам қаңқасы секілді археологиялық қазбалар, оларға хирургиялық манипуляция жасалғанын дәлелдеп берді. Қазақ даласында хирургиялық операциялармен оташы айналысқан. Оташының екінші мағынасы да бар, ол фармацевт ретінде түсінілген (От – шөп, оташы – шөптесін дәрілік өсімдіктерді отап олардан емдік дәрілер жасаушы: Е.Қ.). Ал жалпы тәжірибемен тәуіптер, емшілер айналысқан. Тәуіп дегенде көз алдымызға әрине бақсы келеді. Тәуіп көптеген түркі халықтарында тавиб, табиб деп аталады және бұл ұғым дәрігер ретінде түсініледі. Нақтылап айтар болсақ тәуіптер аурудың қандай екенін табатын диагностика әдістерін жақсы білген (тауып, яғни табу етістігінен, мысалы, қандай ауру екенін табу, осылайша диагноз жасау). Қазіргі мағынадағы дәрігер бұрнағы қазақ заманында басқаша аталған және шын мәнінде ол заманда дәрігер атауы ешбір медицина қызметкерінің құқықтық статусын аша алмаған болар еді. Қазіргі кезде дәрігер сөзі жалпы медицина қызметкерлерін білдіретін ұғым ретінде қолданылуда. Ал, шындығына келгенде қызметі дәрі-дәрмекпен, дәрімен байланысты фармацевт, провизорлар дәрігер аталғаны өте абзал болар еді. Бұлай болғанда фармацевт атауы дәрігер болып қазақыланып шыға келер еді. Оның есесіне қазіргі қолданыстағы дәрігер атауын, «емші» атауына алмастырып алар едік. Емші дегенге көз алдымызға бақсы-балгердің келетіні рас. Дегенмен кеңінен ойласақ дәрігер қияр тұздаған секілді, науқасты дәрілемейді, ол «емдейді» ғой. Оның үстіне қазіргі Жалпы медицина мамандықтары дәрігерлік іс емес, осы уақытқа дейін «емдеу ісі» деп аталып келді емес пе? Ендеше бұл атаудан «бақсы» көргендей үркуімізге жол болсын. Дәрігер фармацевт, провизорлар секілді ДӘРІханада емес, ЕМханада, ауруханада қызмет атқарады емес пе? Ендеше неге біз емші атауынан қашуымыз керек деген ой туындайды. Осылайша өткен қазақ қоғамының денсаулық сақтау жүйесінде шипагерлер жіктемесінің: тәуіптер (диагностик), көріпкелдер (ем-домда диагностик, тұрмыста болжаушы), дәрігерлер (фармацевт), отаушылар (провизор), оташылар (хирург), сынықшылар (травматолог), емшілер (қазіргі мағынадағы дәрігерлер, врачи), дуашы, дауашылар (реаниматолог, анестезиолог), құшнаштар (гинеколог, акушер), бақсылар (процедурная, бағып-қағушылар), тамыршылар (ангиоврач, ангиохирург), шипашақшылар (регистратура, рецептурная, ресепшн), эпидемиологтар (аластаушылар) институтының тиісінше қалыптасқанын аңғарамыз. Дәстүрлі қазақ медицинасы: өзгерістер кезеңі[1] атты еңбегінде поляктың жас қызы Сусанна Гжывач қазақ халық медицинасының бастауларын, дәстүрлерін зерделей келе терең талдау және жан-жақты шолу жасайды. Қазақ медицинасын дәстүрмен де, дінмен де, магиямен де бірлікте қараған Гжывач қазақ медицинасының араб, парсы, қытай, үнді және тибет медицинасымен етене байланысты екенін негіздейді. Эзотерика мен биологиялық энергиялық терапия жоғары дамығанын көрсетеді. Емшілерді: жан емшілері, тән емшілері және көріпкелдер деп үш санатқа бөліп көрсетеді де, бірінші санатқа: бақсы, тәуіп, үшкіруші, түкірушілерді, екінші санатқа: тамыршы, уқалаушы, сылаушы, ысқылаушы, сынықшыларды жатқызады. Осылай үшінші санатқа: болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, көріпкел, жорушы және тұспалдаушыны жатқызады. Міне, басқасын айтпай-ақ поляк қызының осы жіктемесін ғана алсақ та, біріншіден талдырмаш қыздың орасан еңбегін, екіншіден қазақ медицинасындағы медициналық құқық субъектілерінің кең шеңберін аңғарамыз. Олар: жоғарыда аталғандарды қоспағанның өзінде шипашақ, яғни рецепт, тұмар, шипалы дұға жазып беретін емшілер, бақсылар, сәуегейлер, шамандар, шипагерлер, абыздар, дем салушылар, аластаушылар, жын қуатын экзорцистер, дәрігерлер, оташылар және т.б. болып тізбектеліп кетеді. Осылайша, қазақ қоғамында субъектілердің кең палитралы спекрі өз заманында шипасын себе білген. Мысалы, сынықшы әрі оташы Құртқа абыз ауру симптомына қарай сала, сол мезетте тиісті дәріні табан астында жасай білген. Қазақ даласындағы екінші ибн Сина, қазақ медицинасының негізін қалаушы – қараүзген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1478). Ол – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, оташы, фармацевті, ең алғаш протез бен имплантант қоюшы. «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбектің авторы, қазақтың географ, этнограф, тарихшы, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психологы – біртуар әмбебап тұлғасы. Емші ұстаз адам ағзасының 500-дей мүшелерінің анатомиялық терминін қалыптастырып, 1050 дәрі негізінде 5000-ға жуық ауруларды емдей білген, қан айналымы шеңберін Ульям Гарвейден бір ғасыр бұрын, шешекке қарсы вакцинаны Эдвард Энтони Дженнерден 350 жыл бұрын тапқан ғұлама. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, тіпті ботаның жіліншік сүйегін адамға сала білген ғұлама. Адамзат тарихында медицина саласының негізін қалаушы ретінде алдымен Гиппократтың, одан кейін Ибн-Синанының есімдерін атаймыз. Алайда, тіпті университет атына лайық ғалым бабамызды тасада қалдырамыз. Мысалы, қақпасынан шатырына дейін латынмен өріліп, дәлізінен есігіне дейін грек пен Рим құдайларының есімі жазылған, латыни concordiae, vivat, intro-лар жаңылыстыратын С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де барлық дерлік латыни медицина өкілдері айшықталып, тіпті суретші Леонардо да Винчи есімі де ойып жазылып, өзіміз тұрмақ әлемге танылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына музейдегі бір бұрыштан басқа ескерткіш тұрмақ не бюст, зал тұрмақ не аудитория да қарастырылмапты. Бұл өте өкінішті жайт. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары осындай дана тұлғаларымызды ұлықтауды көздемеп пе еді.

Жалпы алғанда ежелгі шығыс пен батыстағы қазақы іздер бірте бірте айшықталып келе жатқаны көңілге медеу. Елімізде «Қазақ Хандығы», «Томирис» көркем фильмдерінің түсірілгені соның айғағы. 2020 жылы әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын тойлау да жаһанға қазақы іздерімізді айшықты ету. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тойға дайындық шараларын бастап та кетті. Алдағы уақытта Алтын Орданың 750 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өтілетіні тарихи тамырымызды нықтағанымыздың, 550 жылды әрі 750 жылға ұластырғанымыздың айқын көрінісі. Міне, осылайша ежелгі шығыста да, батыста да қай салада болмасын қазақы-түркілі іздер сайрап жатқан Ұлы даланың тарихы әлі де әріге жылжитыны тарихи-әлеуметтік һәм табиғи заңдылық.

Пайдаланған әдебиеттер: 

[1] Шумер тілінің түркі тілімен туыс екені көп ойларға жетелейді. Бұл мәселе қазақ, түрік, башқұрт, татар ғалымдарымен әлдеқашан зерттеліп кеткен.

[2] Сорокина Т.С. История медициныв двух томах. Часть 3. Средние века. Медицина в  арабоязычных  халифатах (VII-X вв.). М. ПАИМС 1994

[3] «Стан» таза қазақы түркілік сөз. Ол абаттанған, кемелденіп, гүлденген қоныс, мекен, ел ұғымын білдіреді. Ол парсы сөзі емес, керісінше түркіден парсыға енген сөз. Осылайша, Станбұл атауы «кемелденген көркейген мекен бұл» деген мағынаны білдіреді немесе сондай абат мекен болсын деген үміт пен тілекті көздейді – Станбол (Е.Қ.). Сөздіктерде «стан» қоныс деп ұғынықты түсіндірілген. Қазақтың құпия тарихын жазған Бекжан Әденұлының пікірі де осыған саятыны қуантады.

[4]Г.Н. Гумбатов. "Историческая прародина тюрков. От Арана до Алтая". Баку. 2012

[5] Бекжан Бейсенбай. Ұлы дала тарихы мен ұлы қоныс аударулар. «АҚИҚАТ» Ұлттық қоғамдық саяси журналы. 20.04.2012

[6] В.Г. Лазаренко. Истоки античной медицины – в северном причерноморье «Традиционная медицина». 2012 г. №1(28)

[7] Ислям К.С. Латын тілінің шығу тарихы: Оқулық. – Павлодар, 2007.

 

Екінші жазба.Тарихи шындықты ТҮРКІЦЕНТРИСТІК тұрғыдан негіздеу қажеттілігі

Бұл тақырыпта қандай мәселе көтеріліп отырғанын оның атауынан бірден аңғаруға болады. Тақырыптың бұлайша аталуының басты себебі, беделді әрі ресми тарих ретінде кезінде әділетсіз орныққан еуропацентризмге деген негізді қарсылықтан туындап отыр. Қарсылықтың мәні біріншіден, еуропацентризмнің жалған дәйектеріне қарама-қарсы және бара-бар жауап қайтаруда болса, екіншіден, оларды жоққа шығарып терістеуде. Тақырып таңдалғандағы басты мақсат та осы болатын. Бұл мақсаттың орындалып, тарихи мәселелерді қарастырғанда «түркіцентризм» ұғымының қолданылғаны ақиқаттың орнағаны болып саналар еді. Ал, ақиқат – әлемдік өркениеттің қалыптасуында түркілердің қатысқандығы. Олардың қатысып қана қоймай өркениет өрілуінде шешуші рөл атқарғандығы. Әрі беріден кейін, Еуропацентризм ұғымы қалыптасқандығының өзі табиғаттың заңына қайшы және ақылға сыймайтындығы. Қандай да нәрсе болмасын оның қозғаушы күші еш жағдайда шетінде емес, оның ортасында болады. Тіпті математикалық-геометриялық жолмен қарасақ та «центр» шетте емес қақ ортада болады. Жердің ядросы да дәл ортада, адамның жүрегі де өзге жерде емес – кеудеде. Еуропацентристік, эгоистік дүниетанымның қателіктерінің өзі ресми орнығып, Колумбтың Үндістанда жүр екенмін деп жаңылысып, Американдық түркілерді үндістер деп атап кеткен «қате» тұжырымының ресми қабылданып кеткендігі де еуропацентризм ықпалы... Олар тіпті жер-жаһанның кеңдігін тарылтып мәні бойынша «Күнбатыс» аталуы тиіс теңізді де «Жерорта» теңізіне айналдырды. Осы заңдылыққа сәйкес ешбір дәлелсіз-ақ өркениет ошағы құрылықтың дәл ортасында деген формальды тұжырымның өзі жеткілікті. Алайда, формальды түрде бұның рас екені былай тұрсын, шын мәнінде және іс жүзінде де өркениет еуразия кіндігінен бастау алып тұрғаны және оған түркілердің тікелей қатысқаны бүкпесіз шындық болып отыр. Егер еуропацентризм өркениет дамуында еуропа халықтарының шешуші рөл атқаратынын көрсетіп, басқалардың үлесін жоққа шығаратын болса, ұсынылып отырған «түркіцентризм» азияның әдейі еленбей жүрген аумақтары мен көшпенділер үлесін негіздеуге және адамзат жетістіктерінде түркілік іздердің бар екенін дәйектеуге бағытталып отыр. Еуропацентризм түркілер жетістіктерін жоққа шығарған болса, түркіцентризм еуропа халықтарының жетістіктерін жоққа шығармайды, тек тарихи әділеттілікті қалпына келтіруді көздейді. Өйткені орта, таяу, қиыр шығыс қана емес, қазіргі қағынан жерінген еуропа халықтарының өзегін кезінде түркілер құраған.

Бірінші жазбамда ретроэкскурс жасауда зейінімізді сан тарапқа шашыратып алмау үшін басты науа медицина болсын деп шешкен едік. Байқап отырғандарыңыздай осы тақырып аясындағы мәселелердің медицина мен медицналық құқық тарихына тек жанама ғана қатысы бар. Мұнда қорытындыға келерде көбінесе аксиоматикалық әдістер пайдаланылды. Өйткені, шындығында да жазылғандардың басым бөлігі тіпті дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар. Сонымен қатар, орайына қарай бірқатар жайттар альтернативтік, адекваттық сарында қарастырылды. Қажетіне орай еуропацентристік мәндегі кейбір тұстарға қатысты негационизм мен ревизионизмді қолдана отырып, тіпті оларды жоққа шығарған жағдайлар да болды. Десе де отаршылық рухында қалыптасқан қолдан жасалған тарих өзін өзі сақтандырып қойғандықтан көп жағдайда оның бүкпесіз шындықты, жаңа әдістер мен беталыстарды тануға құлық танытпайтындығы түсінікті. Осылайша, «бекітілген» жалған тарихқа қарсы, еуропацентризмге сын келтіріп немесе кеңестік қатталған тарихтың бұрмаланған екенін көрсету жолымен жасалған жаңа зерттеулерді елеусіз қалдыру үшін қалыпты-номенклатуралық тарихта «фолк-хистори» тіркесі қолданылып, тарихтан ақиқат іздеген зерттеушілерді фолк-тарихшылар санатына қосу үрдісі де қалыптасқан. Өтірікке сенбей шындықты жазғаны үшін оппоненттеріміз аталған тіркеспен Е.Бекмаханов, О.Сүлейменов сынды тұлғарымызды да атап кеткен. Бұндай кедергілерге қарамай алдағы уақытта да адекваттық түркология бойынша зерттеулерімізді жалғастырып, оларды енді жекелеген салалық арнаға бұра отырып зерделеген дұрыс. Түркіцентризм атауы тілімізбен біршама үйлеспегені болмаса, дәл қазіргі сәтте болмысымыз айқындалып, өзге елдер тарапынан «лайықты» тұрғыда мойындалуымыз үшін бұл тіркестің көп қолданылуы таптырмас шешім болып тұр. Осы арқылы тарихтағы ақтаңдақтар бұл күнгі парадигмалар ауысқан шақта лайықты зерделеніп әділ бағасын алатын болады. Ал бұлай болмаса әлі екі жүз, үш жүз жылдан кейін де оппонеттеріміз тарапынан тарихы болмаған 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ғана ғайыптан пайда болған, оған дейін артта қалған, жабайы, варвар, тағы, бұратана, абориген халық болған деген таңбамен сипатталып жүретініміз айдан анық. Түркіцентризм – ғылыми прогресс пен өркениет дамуының өзегін түркілер мен түркі тілдес халықтар құрайтынын уақыт тұрғысынан және кеңістік жөнінен бұрмаланған деректерді қалпына келтіру арқылы объективті зерттеуге бағытталған ғылымдағы адекваттық-виндикациялық тұжырым, – деген анықтама ұсынар едім. Бұл тұрғыда түркілік фактордың Америкаға, тұтастай алғанда Еуропаға, сонымен қатар Азияға: ежелгі шумер, мысыр, араб, парсы, үнді, қытай жеріне деген ықпалы да қамтылады.

Әркім қолында барды ғана жаратады. Басқаның қолындағы немесе одан жасырын тұрған нәрсе, қолында болмағасын белгісіз болып қалады. Салған жерден дәл осы ойды еуропацентристік көзқарастағы ғалымдарға қатысты айтқым келіп отыр. Мәтін арасында бұның мәні өздігінен ақ түсінікті болар деп ойлаймын. Қазақ халқында «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда», деген қанатты сөз бар. Тылда кәрілер мен қарттар, әйелдер мен балалар ғана қалатын болған. Ал ерлер түзде, құла дүзде жүретін. Түз тағысымен бір мағынада сипатталатын ерлер ғұмыры сайын даламен біте қайнасып өрілетін. Сондықтан да жүректерін Атажұрт пен Атамекен сынды қастерлі ұғымдар елжіретіп тұрғанымен қазақ баласының мекені мен бабасының мекенін географиялық кеңістік тұрғысынан қашықтық пен алшақтық бөліп тұратын. Бұл тіпті мына шумақтардан да көрінеді:

Тағдыр айдап Ұрым кеткен Оғланым,

Құрылықты дүбірлеткен Оғланым,

Арғымағын тарпаң еткен Оғланым,

Жат қамалын талқан еткен Оғланым,

Бөтен жұртта бөрілі ту көтеріп,

Түркі даңқын қалқан еткен Оғланым!

Аманат жұрт менде қалған, Оғланым,

Жүрегімді шерге малғам, Оғланым.[1]

Өз тарихымызға келгенде өзімізді уақытпен де, кеңістікпен де шектемеуіміз керек (Мысал ретінде сауал тастасам: Әкеңнің осында жүргені өмір, ал оның әскерде, айталық Иркутскіде, сібірде жүрген кездері өмір емес пе? Атаңның мұнда жүргені өмір ал Беларусь пен Украин майданында шайқасқаны не? Ол жақта болды ғой, жылдарын сонда өткізді ғой?!). Ата бабаларымыз қай соқпақпен жүрді, қай жерде олардың сүйегі қалса, сол жерде біздің тарихымыздың бір бөлшегі жатыр деген сөз. Бүгін ол жерлер біздікі болмағанымен, сол жерлердің қойнауы біздің тарихымызды жасырып жатыр. Себебі ол жерлерде ата бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Бұл ойымның астарында не жатқанын аңғарғандарыңыз абзал болар еді. Ойымды таратып айтсам біз ешқашан да Қазақ тарихын Қазақстан Республикасының аумағымен ғана байланыстырмауымыз керек. Тек қазіргі Қазақстан Республикасы аумағымен ғана байланысты, оның шегінен қарыс қадам шыға алмайтын, шекарадан тысқары жердің тарихын қарауға именген тарих: тарихты жазушы ғылым докторы, мейлі академик болсын, ол – тарих емес, тарих болса да толық тарих емес, толық тарих болса да, бар болғаны ӨЛКЕТАНУ ТАРИХЫ ғана! Сондықтан да тарихқа келгенде кеңістігімізді үш Алатау[2](Е.Қ.) аралығына сығымдауға болмайды. Ал тарихи уақытты қазір әлі дәріптеліп жүргендей әншейін, «Ресейдің қазақ елін жарылқаған» тұсынан бастауға тіпті де болмайды.

Қазақ жеріндегі және қазақтар, протоқазақтар мен прототүркілер жүрген жердегі тарихымыз таймыр мен шумер аралығында қатталып жатыр.

Таймыр атауы прототүріктер заманында қалыптасқан. Түбірінде «тамыр» ұғымы жатыр деп түсінуіміз керек. Тамыр біріншіден жердің қиыры, жердің басталуы, жердің тамыры ұғымын білдірсе, екіншіден туыс, туысқан ұғымдарымен төркіндес (Е.Қ.). Пиренейдегі үңгірде қашалып салынған, үстіне тері жамылып, басына бұғы мүйізін қадаған бақсы бейнесі ғалымдар зерттеуі бойынша 20 мың жылдық тарихты сиғызып тұрған кроманьондық кезеңге жатады екен. Бұл кім, бұл кімнің бейнесі? Әрине бұл шаман. Бұл бақсы. Бұл прототүрік. Бұғыны Испания мен Жерорта теңізі маңайындағылар білмейді де, ал оны біз аудармашысыз түсіне алатын сібір халықтары қастер тұтады. Таймырлық протүріктік көш шығысқа да, батысқа да тарамдалып поляр шеңберімен параллель түрде Берингов өткелі, Скандинавия, Гренландия, Атлантида жерлерімен өтуі гипотетикалық тұрғыдан алғанда бек мүмкін. Таймыр прототүркілердің бір легін – теріскей түркілерін Америкаға өткізген, олардың келесі легін Сібірден Шумерге жеткізген терең тамырлы БЕКЕТ! Бір кездегі жадыраған күн райының суытуы, мұхит суының мойнақты жауып, оңтүстік және солтүстік әлемді екі материкке бөліп тастауы секілді факторлар прототүркілердің шумер өркениетінің негізін қалауына алып келді. Шумер елінің түркілік екені, оның халқы қаңғарлар, яғни киеңкірлер түркі тілінде сөйлегені әр саладағы ғалымдармен әлдеқашан зерттеліп кеткендіктен, сол зерттеулер негізінде сенімді түрде Шумерді түркілер еліне жатқызуға болады. Бұл орайда тек Шумерден сәл кейін үшінші мыңжылдықта қазіргі Иран елі аумағында қалыптасқан Елам (Элам) елінің негізін түркілер қалағаны жөніндегі болжамымды да келтіре кеткенім жөн болар. Емпілхан (Энпилухан), Ұнташ (Унташ), Хумбан Халташ секілді адам аттары да, Адамдун, Шошан (Шушен), Сыз (Суз) секілді топонимдері де бұл елдің түркілік болмысын айқындап тұр. Тіпті Елам атауының өзінен-ақ түркілік тұрмақ бірнеше қазақы атауды бөліп көрсете аламыз. Олар: «Әлем», менің елім ұғымы мағынасындағы «Елім» (тіпті, «Әлім» руының атауы да осымен үйлесіп тұр). Осылайша протоқазақтар атының тұяғы тимеген жер Таймыр, Сібір, Шумер, Кемер адырларында кемде кем деп айтуға толық негіз бар.

Осы бір қалтарыста елеусіз жатқан таймыр жайын әлдеқандай қылып көтеріп не көрінді дегендей сауалдарға жоғарыда «Таймыр бекеті» тіркесі арқылы және «Таймыр-Тамыр» сабақтастығы арқылы жауап қатқан дұрыс болар. Десе де таймыр һәм тамыр қазақтың болмысын ашып тұр деген тұжырымды келтіргім келеді. Бүкіл ұлт пен ұлыстың мәйегі мен бастауы, яғни тамыры – қазақ деп көрсетер болсақ, бәрі де қазақтан бастау алады деп тұжырымдасақ бәлкім кеудені соққан пафос болып көрінер. Бірақ та Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, феникстей күлден қайта тіріле алатын, оңынан да, теріс те «қазақ» болып оқылатын, құрлықтың қақ ортасындағы өр рухты халқымыз да, қазақ этнонимі де, ұғымы да осы тамырдан бастау алса керек. Көп дәлел келтірмей-ақ аксиоматикалық түрде қазіргі бәрімізге мәлім қазақ этнонимдері қатарына қазақ сөзінің мәні жөнінде және бір, олармен тамырлас болжам ұсынбақпын. Болжам мәні мынада ... Шумермен, тіпті сонау микронезиядағы Индонезиямен, Американдық үндістермен табиғи «тамырлас» қазақ, қазықтайын нық болып еуразияның ортасына «мәңгі ел» іргетасы ретінде қағылған «ҚАЗЫҚ» ұғымынан бастау алады. Міне, кезекті сенсациялық әрі аксиомалық түрде келтірер болжамым осы! Ұлтымыздың атауына қатысты бұған дейінгі болжамдардың мәнін зәредей де төмен түсірмеймін. Тек сол болжамдармен қатар осы оқып отырған жорамалымды ұсынып отырмын. Сонымен: ҚаЗаҚ тереңге кеткен тамырдай, тереңге қағылған ҚаЗыҚ деген сөзден бастау алса керек!

Шумер өркениетіндегі прототүркілер қалыптастырған медицина мен медициналық құқық негіздері тіпті кейін пайда болған антика кезеңінен де алда тұрды. Тұтастай еуропа түтініне тұншыққан еуропацентризм жетегіндегі ғалымдардың көпшілігінің пікірі сын көтермейді. Ойыма эмоционалдық реңк беріп айтар болсам, саналы түрдегі, әдейілеп шығысты мұқату мақсатындағы докриналары анықталған жағдайда, бұл сарындағы бүкіл ғалым атаулыны болашақтың «Ғылыми соты» күтіп тұрғаны әбден мүмкін. Уақыт өте келе олардың дүмше еңбектері жойылып, ғылыми атақтары ада болып ар жазасында қалмақ. Еуропацентристер тұтас ұлтқа, ұлысқа, мәдениетке, өркениетке, халыққа, мемлекетке, тұтастай тарихқа қарсы, кешірілмес қылмыс жасап отыр десек те болады. Бәлкім болашақтың объективті зерттеушілері еуропацентристердің ғылыми зерттеулерін «Ғылымдағы ұйымдасқан қылмыстық топ», ғылымдағы ОПГ, ғылымдағы мафия деп саралап қалар...

Қолында бар деректер арасында тиісті мәлімет жоқ па – жабайы, тағы;

Оқылуы қиын немесе қосымша білімді талап ете ме – жабайы, варвар;

Арнайы барып зерттеу керек пе, баруға уақыт жоқ – жабайы;

Зерттеуге уақытты және қосымша құралдарды қажет ете ме – жабайы, абориген;

Түсініксіз бе – жабайы;

Түркілік жетістік екені даусыз ба – мейлі, онда арабтарға не парсыларға жазылсын, тіпті болмаса үнді не қытайға жазылып «шығыстық» деп белгіленсін, әйтеуір түркілік деп жазылып кетпесе болғаны;

Жетістіктері бар ма – мүмкін емес, бұлар бұратана халықтар, бұлар жабайылар. Міне, субъективті көзқараста болған ғалымдардың өз ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру әдісін дәл осы мысалдарда көрсетілгендей сипаттауға болатын шығар.

А.Тойнби мен О.Шпенглерден бастап бұл «ғалымдар» күллі әлемге қарсы, күллі адамзатқа қарсы, тарих пен диалектика заңдарына қайшы болғандай әсер қалдырады. Қаншама мүмкін болар дамуды тежеп отыр. А.Тойнби көшпенді түркілердің отырықшыларға қарағанда жоғары тұрғанын, жабайы аңдарды алғаш қолға үйреткенін жаза тұра номадтардға өркениеттер қатарынан орын бермеді. Түркі дүниесін ваккумда қалдырып, есесіне «Африкандық өркениетті» паш еткен ғалымдар барды жоқ, жоқты бар етіп көрсетіп кеткені өкінішті. Шеткері Британия Ұлы аталып, Ұлы дала, Ұлы Азия Орта Азия кейпінде бүгінде. Вольтер секілді еуропацентризмге қарсы шығушы деп сеніп жүрген неміс мәдениет тарихшысы И.Г.Гердердің өзі түркілердің тарихтағы роліне менсінбеушілік танытқанымен қоймай, «Ғасырлар бойы жабайы күйде қалған бұл азиаттар кімге керек? Еуропаға келген жатжұрттықтар кімге керек?»[3] деген жөнсіз сауалдарды алға тартады. Еуропацентризм ғана емес Патшалық Ресей, ал кейіннен Кеңестік идеология тарапынан да түркілік жетістіктер мойындалмай айтулы тұлғалар қатаң санкциялар мен репрессияға ұшырап жатты. "Алаш" қозғалысының көшбасшылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Түркістан автономиясының көсемі Мұстафа Шоқай секілді арыстар осыған мысал бола алады. Тіпті Үлкен Кеңес Энциклопедиясының (Болшая Советская Энциклопедия) үшінші басылымында түркілер жайындағы мақала мүлдем алынып тасталды.[4]Ал орыстың ақиқатты айтып, түркі халқының мұң-мұқтажын жоқтаған тарихшысы Михаил Худяков болса «Великодержавный шовинизм в русской этнографии» секілді мақалалары үшін НКВД құрығына ілініп атылып кетті. Кеңестік биліктің құрығы жетпейтін шетелдіктердің түркілер мен қазақтар жайында жазған оңды туындыларына еш назар аударылмады. Мысалы, көптеген позитивті ой айтқан зерттеушілер секілді, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевичтің: «…Қазақтың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті балаларының ақылы ерте толысады. …Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес»[5]деген ойлары болды. Бірақ мұндай сарындағы жағымды пікірлер еленбеді.

Бүкіл әлемдік өркениетке, бүкіл ғаламдық прогресс дамуына бірден бір үлес қосқан прототүркілер мен протоқазақтарды мойындамау халыққа ғана емес, бүкіл тарихқа да жасалған қиянат емес пе. Бүкіл ғаламның дамуына бірден бір үлес қосқан бірегей түркі жұртының жетістіктерін мойындамау еш қисынға және еш логикаға сыймайды. Осыған байланысты протоқазақтардың[6] медициналық және құқықтық жетістіктерін ғана сөз етпей, жоғарыда анықтамасын келтірген түркіцентризм идеясын негіздей отырып, еуропацентризмге қарсы дәйек ретінде алдымен түркілердің жалпыадамзаттық жетістіктерін де атап өткенім әділетті болар. Ал, енді соған кіріселік.

Адам Атадан тараған АДАМДАР қазақ елінде АДАМ деп аталады.

Егер жер бетінде жұмақ болған болса, онда ол Хауа Ананың алғаш алманың, АЛМА жемісінің дәмін татқан жер, алманың отаны Алатау бөктеріндегі – АЛМАты. Ал, алманың екінші мағынасы бұйрық етістігі түріндегі алуға тыйым салынғандығын білдіретін АЛМА сөзі екенін ескерсек, бұдан да, айталық «бір уыс бидайды алуға болмайды» деген ойды аңғарамыз.

Алматыдан батысқа қарай орналасқан Үңгіртас елді-мекені – жердің энергетикалық ортасы, яғни жердің кіндігі болып саналады.

Адам Атаның қазаны басқа жерде емес, қазақ жерінде, Хан Тәңірінің етегінде (А.Жанғалиев, Е.Омаров).

Адамзат тарихындағы ең алғашқы эпос, яғни «Гильгамеш туралы аңыз» поэмасы Шумерлік протоқазақтар туындысы. Поэмадағы негізгі екі кейіпкердің бірі Гильгамаш болса, екіншісі Еңкейді (Энкиду). Ғалым О.Сүлейменовтың зерттеуінше Гильгамаш Бильгамаш болса керек. Білгемаш (Білгір баба) арқылы бізге жеткен Білге бек, Білге Қаған атауларын еш дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома деп түсінген дұрыс. Бектеміс, Тоқтамыс есімдеріндегі түркілік түбірді негізге алып эпосты бұдан әрі «Білгеміс туралы аңыз» деп атар болсақ ғасырлар бойы ажырап тұрған өз кертігіне бап келе қалар еді. Қалай айналдырса да қазақылық самалы есіп тұрған Білгемісті, «Білгемес» дегеннің өзінде де Естемес, Ескермес есімдерімен үндесе қалады. Олай болса ең алғашқы эпос кімдікі?

VII-VI мыңжылдықта Түркілер Шумер өркениетін құра бастады (Misinformative.info сайтының мәліметтері бойынша).

Қазақ елі әлемдік өркениеттердің эпицентрі болып табылады (Амангелді Нарымбаев "Аркаим. Очаг мировой цивилизации, созданный прототюрками").

Ватикан кітапханасында сақтаулы Інжілдің ең ежелгі мәтіндерінің бірі "Псалтырь" түркі тілінде жазылған және V-VI ғасырларда Римге әкелінген. Түркі тіліндегі осы тектес басқа да кітаптар жайында тарихшы Моисей Коганкотваций айтып кеткен.[7]

Протоқазақтар ең алғаш жабайы жылқыны қолға үйретті.

Протоқазақтар алғаш дөңгелекті ойлап тапты.

Конькиді протоқазақтар ойлап тапты (Жезқазған маңындағы қазба деректер).

Олимпиадалық ойындарды протоқазақтар ойлап тапты.

Поло ойынын қазақтар ойлап тапты.

Хоккейді қазақтар ойлап тапты (Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Қ. Х. Закирьяновтың зерттеулері бойынша).[8]

Футболды протоқазақтар ойлап тапты (Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасында сипатталған «тепік» ойыны дәлел).

Тек протүркілер ғана көшпенділік пен отырықшылықты тел меңгерген.

Прототүркілер алғаш ақшаны ойлап тапқан. Теңге атауынан деньги т.б. өзге тілдегі атаулар өрбіген.

Прототүркілер алғаш кен өндірген.

Протүркілер алғаш дәрі-дәрмек жасаған.

Үндіс прототүркілері алғаш табак пен кокаинды анестезия ретінде пайдаланған.

Протүркілер қазіргі ас рационының негізін қалаған. Алма ағашы мен жүзімі жайқалған жетісудан қақтар мен мейіздер, жуа, пияз, қамыр, күріш, ет тағамдары әр түрлі вариацияда әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. Қазы айналдыру – шұжықтар пайда болуына; шалап, қатық, құрт, ірімшік, йогурттар – сүт коктейльдері мен көптеген деликатестердің пайда болуына жол ашты. Шұбат, қымыз, боза әлемнің төрт бұрышына таралғаны соншалықты тіпті ағылшын тілінен де booze сөзі арқылы орын алды. Атақты антрополог Леви Стросс мәліметтері бойынша бүгінгі күні негізгі тағамдық рацион саналатын каpтоп, жүгері, жаңғақ, какао, ваниль, томат, ананас, бұрыш, бұршақтұқымдастар және т.б. азықтар үндіс түркілерінің арқасында әлемге танылды.[9]

Прототүркілер ыдыс-аяқ пен ас пісіру құралдарын әлемге таратқан. Олар алғаш қасық пен шанышқы, шөміш, ожау, қазан, самауыр секілді аc-ауқат құралдарын жасаған (www.bash-portal.ru)

Протоқазақтар Ұлы Жібек Жолына серпін беріп түркілік менеджмент пен маркетинг жүйесінің көрінісі ретінде Әлемдік сауда орталығы Саудакент шаһарын салды (М. Орынбеков. Предфилософия протоказахов. А.1994.)

Қазақтар шын мәніндегі арийлер (Кляшторный, Сұлтанов, Омаров, Ковальская зерттеулері бойынша. Алайда екінші дүниежүзілік соғыс ылаңының кесірінен бұл жөнінде ештеңе айтпауға мәжбүрміз).

Протоқазақтарда ерекше құрылыстар болған. Түркістанда құлует болса, Оты­рар шаһарын өзге қалалармен жалғап тұрған атты кісі жүретіндей етіп жасалған жерасты жолдары мен тоннельдер болған.

Ең алғашқы әлемнің картасын протоқазақтар жасаған.

Ұлықбек бастамасымен прототүркілер обсерваторияда алғаш ғарыш денелерін зерттей бастаған.

Жер-жаһандағы барлық топонимдер мен гидронимдерде түркі сөздерін айтпағанның өзінде, қазақ сөздері молынан кездеседі.

Әлемдегі ең бай кітапхана қазақ жеріндегі Отырар кітапханасы болған, ал Александрия кітапханасы екінші орында болған (Е.Омаров).

Алғашқы қағазды ІІ ғасырда қазақ жерінде, Шу өңірінде Ротати атты протоқазақ кендірден жасаған. Ертедегі қазақтардың ежелден-ақ 28 әрпі, жеті-сегіз жазу тобы болған. V ғасырда Арал теңізінің шығыс жағында Аққағаз деген әйел патшайым болғанын ескерсек қағаздың сол кезде кең қолданыста болғаны шүбәсыз. Яғни, эволюциялық түрде жазулар папирос, пергамент және қағазға жазыла бастаған (ибн Бадис, Мурат Аджи, Е.Омаров).

Алғашқы кітап – «Авеста» прототүркілер жерінде жазылған және Үргеніш шаһарында оның ескерткіші бар.

Тіпті британдық рыцарьлар да қазақ болған деген болжам бар (Говард Рейдтің  «Король Артур – король драконов» кітабы және Қ.Закирьянов зерттеулері бойынша).

Саксондар сақ тайпаларынан шыққан. Саксон сөзін ағылшыншадан тікелей аударсақ: «Сақтың ұлдары» (Saks son, Saks sons) деген мағына береді.

Ғарышпен байланыс алғаш қазақ жерінен – Байқоңырдан басталғаны түсінікті болса керек.

Тек протоқазақтар ғана әлемнің төрт бұрышын жайлаған. Атлант мұхиты мен Тынық мұхиты аралығын алып жатқан Түркі империясы әлемдегі ең алғашқы ірі империя болған.

Қазіргі сәтте неотүркілер 11 млн. шаршы шақырым аумақта өмір кешуде (зерттеуші А. Абдакимов).

Егер Гиперборея елі шынымен болған болса, онда ол жер прототүркілер мекені болған (Е.Қ.).

Егер Атлантида болған болса, онда ол жерде біздің бабаларымыз мекен еткен (Ә. Балқыбек).

Прототүркі номадтар еуропалық отырықшыларға қарағанда дене және рухани даму жағынан да жоғары тұрды. Жер өңдеуге қарағанда жануарларды үйретіп оларды бағындыру жоғары ақыл-ой ғана емес, зерделілік пен үлкен ерік-жігерді талап еткен (Төрт түлікпен қатар, құмай-тазы мен саятшылықты қоса алғанда).

Прототүркілер, оның ішінде қазақтар күнтізбені, жыл санауды ойлап тапты.

Алғашқы күнтізбені протоқазақ астроном Сөзікен (Созиген) жасаған. Оны Ұлы Қайсар (Caesar/Юлий Цезарь) бекіткен.

Қазақ киіз үйінің бұрышы болмады. Ол домалақ болып шексіздікті білдірді және есігі тек шығысқа қарады.

Бірінші ұстаз Арыстотыұл (Аристотель) – прототүркі.

Екінші ұстаз әл-Фараби – протоқазақ.

Медицина дамуын айқындап берген ибн-Сина – протоқазақ.

Медицинада төңкеріс жасаған Өтейбойдақ – қазақ.

Түркі әл-Беруни Коперниктен 500 жыл бұрын астрономияда ұлы төңкеріс жасап жердің домалақ екенін және жердің күнді айналатынын математикалық түрде дәлелдей отырып әлемнің гелиоцентристік теориясын жасады.

Түркі Мұхаммед әл-Хорезми алгебраның негізін қалады.

Философия, математика, география, астрономия, минералогия, химия, физика, медицина секілді ғылымдар түркі жерінде пайда болды (adji.ru).

Еуропадағы малға жайлы, жайылымды жер Румыния, Хорватия, Болгария, Албания мен Венгрия т.б. аумағы. Еуропаны жаулаған түркілердің сол жерде тұрақтаған себебін түсіну қиын емес. «Барар жерім Балқан  тау, Ол да біздің барған тау» деген дана халқымыздың сөзі ол жерлердің бабаларымыздың мекені болғанын көрсетеді. Балқан таудағы балқарлар, бұлғарлар, болгарлармен түркінің түбі бір.[10] «Қызын Қырымға, ұлын Ұрымға қондырған» бабаларымыз Жерорта теңізінің бойы тұрмақ, теңіздің аралдарына дейін мекен еткен. Кипр аралдары «Алаш аралдары» аталған.[11] Бұл орайда сонау еуропаны түркілер мекен етсе, даласы жайында балбал тастар сыр шертетін шығыс еуропадағы ноғайлар, татарлар, украиндар мекені түркілік болмауы мүмкін емес екендігі түсінікті (artifact.org.ru: Украинцы - не славяне, а ТЮРКИ, za.zubr.in.ua: Украинцы этнически гораздо ближе тюркам, чем к славянам, ru.wikipedia.org: Тюркизмы в украинском языке, narvasadataa.livejournal.com: Укро-тюрки в лицах. Тюркские корни украинцев). Міне бүгінде жоғарыда аталған жерлерді мекен еткен халықтар (албандар, хангарлар, мадиярлар, шеркестер) бұлғарлар мен хазарлардың түркіліктен жаттанып қайта тарихи тамырына үңілудегі ұрпақтары.[12] Егер таратып айтатын болсам, Албанияны албандар құрғаны, Болгарияны дулаттар құрғаны және т.б. мәліметтер тізбектеліп мақала көлемі ұлғайып кетпек.

Дипломат әрі «ең соңғы Рим қолбасшысы» Аиса (Аэций) прототүркі болған (Е.Қ.).

Жарты әлемге билеуші титулдарының атауын айқындап берген Юлий Цезарь прототүркі болған. Юлий Цезарь, ол – Ұлы Қайсар. Қайыс Ұлы Қайсардың латынша жазылуына назар аударыңыз: Gaius Julius Caesar. Бұл еш сәйкестік емес! Мысалы, Ұлы Қайсар есіміне байланысты орыстың: «царь», «кесарь», немістің «кайзер» деген атаулары туындаған (Е.Қ.).

Протоқазақтарда қызмет көрсететін малайлар мен таттар болғанымен, елі құлиеленуші болмаған. Сондықтан Еділ қаған (Атилла) еуропадағы құл иеленушілік жүйені жойып, құлдарға азаттық алып берді.

Топонимдер мен гидронимдерді айтпағанның өзінде Ежелгі Римдегі құрылымдар мен орган атауларынан да түркілік самал есіп тұр. Тек қана: Эдил, Эдилитет, Курульдық эдил тіркестеріне ғана тоқталсақ, эдил – қоғамдық ойындар, храм құрылысы және көптеген салалардағы әділеттілікті қадағалаушы лауазым иесі, эдилитет – жоғары алқалы магистратура, курульдық эдил – сот төрелігін жүзеге асыратын төменгі магистраттар. Магистратураның сот жүйесі екені белгілі болса, ал сот жүйесі – әділет жаршысы. Курульдық ( Curūlis) сөзі: бір жағынан, құрамалы, алқалы, екінші жағынан жиналыс, кеңес ұғымын білдіреді. Осы жерден су қараңғы соқырдың өзі, түркілік екені былай тұрсын, жасырынып жатқан Еділ қағанымыздың есімін айтпағанның өзінде: «ӘДІЛ», «ӘДІЛЕТ», «ҚҰРЫЛТАЙ» деген таза қазақы сөзді көреді емес пе (Е.Қ.)! Осы жерде филологтарымыз бен лингвистеріміздің ғұмыр бойына: -ша, -ше; -ма, -ме; -ба, -бе жұрнақтарын зерттеп шырмауға түскенше, Шумер, Үндіс тілдеріндегі жауһарларымызды тауып, Рим мен Грекияның латын қақпасын ашып, ондағы қазақы алтын көмбені аршып алмай ма деген ой еріксіз туындайды.

Италия түркілер елі (Сақ сөзі парсыша ит және бөрі ұғымын қатар білдіретіні секілді осы аналогияға сәйкес ағылшынша дәл дыбысталатындай Италия – Ит елі, яғни, бөрілер елі. Капитолийдегі бөрі мүсінін де еске түсіріңіз. Е.Қ.)

Кентавр – ат мінген түркі. Өмірі ат мінген айбатты сарбаз көрмеген еуропалық дүниетанымның зәресі қалмағаннан туған қиял.

Протоқазақтардың әскери, соғыс тактикасы мен стратегиясы өте жетік дамыған. Соғыстарда артиллерия (қорған тескіш зеңбіректер) мен тасатқылар (камнемет) қолданған және олардың «Ура» (Ұр, соқ, соққы бер дегеннен алынған) деген ұрандары көптеген елдердің қарулы күштерінде қазірге дейін қолданылады. Бұл тұрғыда Ш.Монтескье «Парсы хаттары» деген кітабында түркілердің Қытайды бірнеше рет жаулап алғанын, Персия мен Московияны алғанын, Азия, Еуропа, Африканы бағындырып, Рим империясын құлатқанын айта отырып, ол аталғандар тек тарихта жазылғандар екеніне назар аударады және тарихтағы ақтаңдақтардың да жоқ емес екеніне назар аударып, енді оларды зерттейтін басқа емес, «түркі» тарихшыларының керек екенін атап көрсетеді.

Протоқазақтарда әскери-теңіз флоты жоғары деңгейде болған. Мәңгі ел құру жолында түркілердің мың қолы Тынық мұхитына шығып Жапония, Корея, Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне сәтті жорықтар жасаған. Адмиралдар деп айтуға тұрарлық қарлұқ Қаратай, қаңлы Есудар секілді сардарлар басқаруындағы түркілердің мың қолынан тұратын Құбылай жорықтары әлі де зерттеуді қажет етеді.[13] Американдық түркілерді (үндістерді) айтпағанның өзінде Тынық мұхитындағы Микронезия аралдарының халықтары мен Индонезия халықтарының тіліндегі тюркизмдерге назар салсақ оларды Құбылай Ханымыз жорықтарының бірден бір ықпалы деп түсінуімізге болады. Абылай мен Құбылай есімдірінің үйлесімділігіне де назар сала отырайық. Құбыла атауына байланысты есім иеленген ханымыздың  қазақтың қағаны болмауы мүмкін емес (Е.Қ.)

Протоқазақтар ғана толерантты және зайырлы болған. Олар өздері басып алған Еуропаны да, Русьті де зорлап дінге кіргізбеген. Мысалы, Өзбек хан болсын, Жәнібек хан болсын орыс князьдіктерінен 10 пайыз мөлшерінде салық ала тұра, халықты исламға күштеп кіргізбек түгілі, шіркеулерді салықтан босатқан және қол астындағы халықтың өз дінінде қала беруіне мүмкіндік берген.

            Протоқазақтар ең алғаш моншаны ойлап тапқан.

            Протоқазақтар еуропалықтарға алғаш іш киім мен шалбар киюді үйреткен.

            Протоқазақтар еуропалықтарға тазалық пен жуынуды үйреткен.

Ирригация жақсы дамыған прототүркілерде су құбырлары мен қалаларында кәріз жүйесі болған.

Прототүркілердің үйлерінде жетілдірілген жылу жүйесі болған. Ошақ пен пештен бөлек бу арқылы жылытатын калорифер тектес радиаторлар болған (www.bash-portal.ru)

ПРОТОҚАЗАҚТАР РЕЗІҢКЕ МЕН КАУЧУКТЫ ОЙЛАП ТАПҚАН СОҢ ШЛАНГАНЫ ОЙЛАП ТАПҚАН. ШЛАНГЫ АТАУЫ ЖЫЛАН АТАУЫНАН АЛЫНҒАН. СҮРГІ, БҰРҒЫ СЕКІЛДІ «ЖЫЛАНҒЫ» СӨЗІ ҚАЛЫПТАСҚАН. БҰҒАН ІШЕКТЕН ҚАЗЫ АЙНАЛДЫРУ ІСІ АНАЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАР БЕРГЕН (Е.Қ).

Тек қазақтар ғана егер тіл меңгерер болса әлемдегі кез келген тілде ешбір акцентсіз сөйлейді (Е.Қ.).

Міне, осы тізбені әрі қарай жалғастыра беруімізге болар еді. Басқа жайттарды айтпағынның өзінде жоғарыда көрсетілген «аз ғана» мысалдардан-ақ, қағылез оқырман өркениет дамуындағы шешуші рөлді – еуропацентризм емес, түркіцентризм атқарғанын біле алады. Осындай жетістіктері бар түркі әлемінің өркениетке қосқан қомақты үлесі қашанға дейін назардан тыс қалмақ?!

Көптеген халықтар жоқтан бар жасай алмай жүргенде, дархан қазақ халқы барды жасырып көрсететін әдетке ие. Бұл әдетіміз осы мақаламнан да көрініс тауып отыр. Осынау ғаламда бар болғанымызды және бар екенімізді айғақтайтын жетістіктер мен иеліктеріміздің тізбесін, көптеген қазақы із сайрап жатқан дәлелдерді тақырып көлемі ұлғайып бара жатқандықтан және олардың тақырыпқа тікелей қатысы болмағандықтан бұл жерде көрсетпедім. Осылайша бұл жетістіктеріміздің «қысқаша» тізбесі осы тақырыпқа тек жанама түрде ғана қатысты, бірақ ол жетістіктер тізбесінің жанама қатыстылығына қарамастан бұл жерден орын алуы өте үлкен маңызға ие. Себебі, бұларға назар аударудағы басты мақсат кімнің кім екенін көрсету! Басқа тілдерде том том сөздікті ақтара отырып сөздер мен тілдер арасындағы ұқсастық пен үйлесімділікті таба алмайтын болса, ешбір ғылыми дәйек келтірмей ақ қазақ тілінде кез-келген өзге елдегі топонимдердің қазақтыкі екенін қарапайым ауызекі тілмен ақ дәлелдеп беруге болады. Айталық, Парагвай - Барақбай, Аргентина - Арғынтина, Бразилия - Бір аз ел деп тізбелей беруге мысалдар жетіп артылады. Бұлар қанша жерден күлкілі, жеңіл әзіл-оспақ сипатында болғанымен олардың ерекше және өте сәтті сәйкестігі таңқалдырмай қоймайды. Әрине, күліп қойып жүре беруге болады. Дегенмен күлкіні тыйып астарына үңілсек шын мәніндегі қазақылықты та, дәлелдеуді қажет етпейтін «аксиоманы» да аңғарамыз. Осы тұрғыда қазіргі сәтте күрделі процестердің шешімін бір ғана нүктені басумен таба алатын автоматтандырылған құрылғылардың, күрмеулі, қым-қиғаш сызбалар мен интегралдық тәсімдерді түсінуге кететін уақытты үнемдейтін компьютерлердің артықшылықтарын айта отырып, ғылымда да «оңтайландырылған» нәтижеге сенімді әрі дәлелді түрде қол жеткізуге бағытталған әдістердің ішіндегі оқырман мен ізденушіні сансыз сілтемелер шырмауына орамай, сүреңсіз тілімен жалықтырмай, мәліметті жеңіл бере отырып, баурап алатын әдіс – аксиоматикалық әдісті кеңінен қолданған өте абзал.

Аксиоматикалық әдіс арқылы дәлелденген жетістіктердің артықшылығы ғылыми ортаның патриархтары мен кардиналдары арасындағы тұйықталылған шеңберімен шектеліп қалмай, көпшіліктің зердесіне жол салуға бағытталатындығында. Аксиоматикалық әдіспен дәлелденген шынайы жетістіктер «монография» титулына ие болмай-ақ, «комитеттік басылымдарда» жарияланбай-ақ, импакт-фактор қуып сарғайып жатпай-ақ бестселлерге бергісіз дүние деп қараларына сенім білдірер едім. Осы тұрғыда таң қалдырар бір парадокс қазақ тарихын тың деректермен жазып, қазақтың атын әлемге мәшһүр етіп, сенсациялық мәлімдемелер жасап, қазақ өркениетін ту қылып ұстап, қазақты жабайы дегендердің өздерін жабайы етіп көрсетушілердің мүлдем тарихшы емес басқа маман иелері екендігі. Әлбетте, кезіндегі Е.Бекмаханов, қазіргі Б.Кәрібаев, М.Қойгелдиев сынды тарихшы ғалымдарымыздың еңбектері өте зор. Дегенмен де, тарихшы болмаса да, халқының тарихына немкетті қарай алмайтын ұлтжандылықтан ерлікке пара пар әрекеттер туындары заңдылық. «Қолынан келетін адамға қарағанда, істегісі келетін адам көп тындырады» деген даналық осындайда айтылса керек. Осы тұрғыда ғалым О. Сулейменовтың: «Өз халқын, ұлтын, тілін қорғаудың орнына тарихшылар өз диссертацияларын қорғап жүр», «Біздің тарихшылар әлі де летаргиялық ұйқыда» деген отты сөздерін келтіре отырып, тарихи шындықты ашудағы өзге маман иелері ролінің де зор екенін айтып кеткен ләзім. Тарихшылардан бөлек қазақты танытып жүрген тұлғалар: инженер-геолог және филолог Олжас Сүлейменов, физик Еренғайып Омаров, энергетик Бекжан Әденұлы, математик Қайрат Закирьянов секілді ерекше азаматтар. Бұл кісілердің еңбектері ойнақы, жеңіл қабылданғанымен, олардың астарында терең мән жатыр. Тіл зергері Әмірхан Балқыбектің «Қасқыр құдай болған кез» атты еңбегінің мәні де сілтемеден көз сүрінер еңбектерден еш кем емес. Ғылыми мақалалармен қатар осы мақала авторы да әзіл-қалжың сипатымен біршама «астарлы» туындыларды жариялап көрді.[14] «ТҮРКІЦЕНТРИЗМ» деп сөз саптауыма жетелеген менің жоғарыдағы ойларым аздық етсе, басқа авторлардың ойларын да сәті келіп тұрған соң осы мақаламда көрсете кетейін. Олай болса, Қ. Закирьяновтың қазақты әлемге жаңа қырынан танытуына бағытталған мына төмендегідей мәлімдемелеріне назар аударып көрейікші:

Тек протоқазақ алдында ғана Рим Папасы тізерлеген болатын.

Рим әскерлерінің үштен бірі түркілерден тұрған.

Ескендір Зұлқарнайын түркі.

Гиксостар мен хеттер түркілер.

Кельттер қазақ жерінен шыққан.

Спарта түркілік.

Фракия түркі жері.

Парсылар елін албан тайпасы құрған

Парфияны адайлар құрған.

Мидияны түркілер құрған. Яғни қазақтың матай руынан шыққан Мәди патшаның елі.

Ахеменид әулетінен бастап бүкіл Парсылар қазақтың албан тайпасынан пайда болған.

Платон (Арыстоқыл) түркі

Бах, Бетховен, Ницще, Кант, Гегель секілді тұлғалардың арғы аталары түркілер.

Александр Невский, Иван Грозный, Борис Годунов, Петр Бірінші түркілік.

Тек қазақтың ханы Шыңғыс Хан ғана жарты әлемді билеген.

Готтар германдық та, ирандық та емес, олар түркілер.

Этрускілер түркілер (О.Исмагулов).

Иса Пайғамбар қазақ.

Басқа руларды айтпағанның өзінде Қазақтың албан, суан тайпаларының өзі Жетісуды ғана мекен етіп қоймай Кап тауы, Қырым мен Еуропада өз мемлекеттерін құрған. Албандар аландардың арғы аталары ретінде Кавказ Албаниясының, Албанияның негізін қалап қана қоймай, мұхитқа тіреліп Испания мен Ұлыбританияда мекен етіп, Альбион елін құрған.

Албан тайпалары Африканы да мекен еткен, олар Мысырда көп шоғырланған.

Қазақ тайпаларына байланысты көптеген топонимдер қалыптасқан. Испаниядағы Каталония екінші Алания болып, Барселона Барыс аландары, Барыс елі, Беріштер мекені, Бильбао белбеу, Арагония арғындар елі болып табылады.

Міне, Қайрат Закирьяновтың «Под знаком волка: Тюркская рапсодия» атты зерттеу еңбегін зерделеу негізінде түйінге келген ойлар жоғарыдағыдай. Бұл еңбектің құндылығы оның адекваттық түрде жазылғандығы ғана емес, ағылшын тіліне аударылғандығы (Kairat Zakiryanov, Under the wolf's nest. A Turkic Rhapsody) және тұсаукесерінің Лондон қаласында өткендігі. Ал, ең басты құндылығы еуропацентризмге ақырзаман орнатып, қазақ тарихының жаңа беттерін ашып бергендігі. Бейнелеп айтар болсам кітап тұсаукесері белгіленген күн еуропацентризмнің заманы өткен, түркіцентризмнің заманы басталған күн болды. Себебі, кітап тұсаукесері Лондонда 12.12.12 күні өтті (Е.Қ.)

Жоғарыда жазылғандарды көкейге түйсек, өркениетке осынша үлес қосқан ел қалайша жабайы саналмақ. Біз жабайы емеспіз! Біз тамыры терең, қазығы мықты қазақпыз. Біз зор болдық, ірі болдық. Тірі болу үшін, «тірік» болу үшін ірі болдық. Екі шоқып, бір қарап жерімізді қорғадық. Сауысқандай, сырттандай «сақ» болдық, құлағымыз «түрік» болды. Осының себебінен Алла жар болып аман келеміз. Ол кезде де бәрі болған болса, бізде қазір де «бәрі бар»!

Сирия мен Парсы жерлерін кезек кезек түркінің қыпшақ бұтағы мен оғыз тармағының өкілдері билеп отырған.[15] Тіпті Бағдат шаһарын да түркілер салып оның атауын Тәңірге деген құлшылық ниетімен «Боғда» есімімен байланыстырған. Көпұлтты Бағдат шаһарындағы коммуникациялық құралды орнықтыру мақсатында жалпыға ортақ қолдану мақсатында араб тілі таңдап алынды. Араб тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналу себебі, Құран кәрімнің осы тілде түсірілгенімен және Пайғамбардың (с.ғ.с.) осы тілде сөйлегенімен түсіндірілді. Осылайша, қала атауы да, қала халқының заты да түркі болғанымен олар арабтілді болды. Осылайша, араб тілі Арабия, Сирия мен Мысырға дейінгі аралықта таралып үлгерді. Діні мен сертіне берік түркілер «түркі» атауымен мастанып қалмай, тек түркілер мемлекетін емес, ұлы мемлекет, шығыс халықтары мемлекетінің жайын бірінші кезекте ойлады. Бұл стратегиялық мақсат болатын. Себебі, түркілік канондарды сынадай қағатын болса сүттей ұйып, түркілер билігіне иіп отырған қара халық бөрі ұрпақтарына сенімсіздік білдіретін еді. Әрине, араб тілін дәріптеп отырған түркілерді жалпақ жұрт тегіс қолдады. Арабтарды қарсылас атандырғанша, тілі мен дініне қолдау білдіре отырып олардың күшін пайдалану әлдеқайда тиімді екенін түркі қолбасылары өте жақсы түсінді. Мазмұны түркі, формасы араб болып қалыптасқан араб әлемі, араб тілді әлем халифат ретінде тарихта қалған кезеңдері үшін түркілерге қарыздар. Қандай басқарушы болмасын оның басқаруының ұзақтығы «түркілер қанша қаласа, сонша уақытқа» есептелген. Бұл – кезінде, тоғызыншы ғасырда өз алдына «мэм» болып кеткен тіркес болатын. Ол кезде түркі болсын басқа болсын араб тілінде сөйлейтін немесе ислам дініне сенетін адамның бәрі «араб» аталатын.

Бүгінде,  Түркі Кеңесі мен Түркі Академиясы құрылған.

Протоқазақ, оның ішінде қазақ болмысы басынан әртекті өркениеттер мен мәдениеттерді өткергенімен, қанша жерден полиэтникалық, поликонфессиялық шекпен кигеніне қарамастан әрқашанда автохтонды, синкретті, персистентті қалпынан танбақ емес. Бұның өзі осынау дара халқымыздың бірегейлігі және Гумилевше айтсақ пассионарлығы. Осы тұрғыдан алғанда түркі халықтары еуразияның түкпір-түкпіріне бытырап кеткенімен, отаршылар тарапынан орасан зор геноцидке ұшырағанымен тарихқа оңай беріле қоймайтындығы қасиетімен енді. Осы және басқа да факторларға байланысты жер бетіндегі ең ежелгі және жер шарын айнала қоршай орналасқан бірден бір жалғыз ұлыс түркі болғандықтан, қазіргі түркіцентризмнің көк шыбығы алда өзегі қатайып, тамырын тереңге жібереді деген үміт бар ... Осы сияқты еуропацентризм бояуына малынған, «бізде түк жоқ екенін мойындайық ...» деген сарындағы еңбектерге қарсы адекватты түрде түркіцентристік тұрғыда жазылған еңбектеріміз көп болса және 550 жылдық «бергі» тарихымыз аясында осы тақырыпқа жуық мәндегі конференциялар өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді әрі ақиқаттың ауылы бір табан жақындар еді. Ал, еліміздің «арғы» тарихының кейбір тұстарын келесі жазбамда ұсынбақпын.

[1] baq.kz: Жанат Әскербекқызы. ХІ ғасыр өлеңі

[2] Үш Алатау тіркесін мына пайымдауларыма негіздедім:

1.      Шын мәніндегі Алатау (Тянь шань);

2.      Алтай таулары: АЛ (ала) және ТАЙ (тау), деформацияға ұшырап алдыңғы буында «а» айтылмай, кейінгі буында «у» орнын «й» басқан;

3.      Орал тау сілемдері: ОР (ӨР, яғни биік, тау деген мағынада) және АЛ (ала), ӨРАЛА-ТАУАЛА-АЛАТАУ. Алтайға қатысты өр Алтай тіркесінің бар екенін де ұмытпайық

4.      Ежелдегі кавказ тауларының атауына да назар аударайық: Араттаа – Алаттаа – Алатау – Алатей – Алтай. Егер бұлай болатын болса үш емес, тіпті төрт тау да Алатау-Алтай мағынасында түсінілмек. Ал, бұл түркілер тек «Шығыс Қазақстан облысы» мен Барын ауылы маңынан шыққан деген пікірді жоққа шығарар еді

[3] А.Абдакимов. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). Алматы: РИК. 1994

[4] Бұл да сонда

[5] Baq.kz. Қазақтар туралы атақты шетелдіктер не дейді?

[6] Протоқазақтар алғы қазақтар, арғы қазақтар, қазақтардың ата-бабалары мағынасында қолданылып отыр. Қажетіне орай қазақтар, түркілер, прототүркілер ретінде түсінілгені ләзім.

[7] А.Абдакимов. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). Алматы: РИК. 1994

[8]www.prosportkz.kz сайты мәліметтері бойынша

[9] dalaruh.kz/articles. О вкладе номадов в мировую цивилизацию

[10]www.plam.ru/azikoved/:А.М.  Кондратов.Земля людей — земля языков

[11] halyk-gazeti.kz. «Алтын Орда» мұрагері

[12] М. С. Грушевский. Очерк истории украинского народа. Киев «Либiдь»1991 г.

[13]dalaruh.kz/articles. О вкладе номадов в мировую цивилизацию

[14] Қошқарбаев Ерболат. Шежіре. АЙҚЫН Республикалық қоғамдық-саяси газеті.28.03.2014

[15] adji.ru/book.

 

Үшінші жазба. Гипербөрі және Атыланты

Бұл жазбамда Гиперборея мен Атлантида бізге де жат емес екенін көрсетуге тырыстым. Алдыңғы жазбаларда аталып өткен 550 жылдығымыз беріде қалып, қосөзен аралығынан қазақы іздерді тапқан едік.

Тарихымызды неден бастау қажет екендігі бүгінгі күннің өзекті де өзекжарды мәселесі болып тұр. Көптеген парадигмалар өзгерісі сансыз ойлар мен көзқарастар толқынын тербеп отырғаны рас. Бұл толқын еш саябырсымайды. Ол түсінікті де. Себебі, тарих саясатпен астасып кеткен. Осылай болғандықтан әркім көрпені өзіне тартатын жағдай орын алып қана қоймай, кейбір ел атынан «майданға» шыққан тарих зерттеушілерінің бірі, айды аспанға шығарумен әлек болса, енді бірі бәрін өзіне тартып, ғайыптан пайда болған көршілерін аяусыз түрде жалаңаш қалдыруға тырысып бағуда.

Бұл бөлімде тарихи жайттарды әріден және сәл өзгеше тұрғыдан қарауға тырыстым. Аксиоматикалық деректерді келтіргендіктен біршама деректер қысқаша беріліп отыр.

Шындап аршып алатын болса ғылымдағы көптеген деректер мифтерден тұрады. Мифті өз алдына күн тәртібіне қойылып, жүйелі түрде назар аударуға шақырып тұратын жадуал деп түсінсек те болады. Ол көптеген ойлар мен гипотезалар туындата отырып ғылыми жаңалықтар ашуға үндеп тұрған шындықтың жасырын айсбергі секілді. Кезінде аңыз бен ертегі саналған ұшатын кілемдер мен жеті қат көк, атсыз арба мен сиқырлы айна – ұшақтар мен ғарышты игеру, автокөліктер мен теледидар ретінде бүгінгі күннің шындығы болып отырған жоқ па. Өзге ғылымдарды қоса алғанда медицина да, құқық та ғылым ретінде қалыптасқаны үшін ең алдымен аңыздарға қарыздар. Мысалмен айтсақ, аңызсыз Фемида да, сала ретінде қалыптасқан Гигиена да жоқ болар еді.

Осындай астарында бүкпесіз шындық жатуы бек мүмкін аңыздар қатарына біздің заманымыздан бұрын жойылып кеткен Гипербөрі мен Атыланты өркениеті жайындағы болжамдарды жатқызамыз. Бұл орайда тың мәліметтерді ғана келтіруге ниеттендім. Гиперборея мен Атлантида жайындағы бүкіл аңызды тізбектеуден аулақпын. Ол жөнінде ондаған мың том еңбектердің қатарында қазақ тілінде, мысал үшін айтсақ, С. Қондыбайдың  «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы», Бекжан Бейсенбайдың «Атланттар туралы аңыз бен ақиқат» секілді көптеген келелі еңбектері бар.

Әдеттегідей, өте қысқа тұжырым жасап айтар болсам Гипербөрі (Гиперборея) елі прототүркілер мекені болып табылады. Бұл жерде назарларыңызды бұрып тұрған оның атауынан еш шошуға болмайды. Гипер сөзі: әуелгі, ерекше, шеткері, әсіре үлкен секілді көптеген мағыналарды білдіретін болса, борея сөзі еш алып қоспасыз тура мағынасында «бөрі» деген ұғымды білдірсе керек. Бұған шек келтіргеннің өзінде борея сөзінің батыс жұртшылығы түсініп жүргендегідей мәні де қазақы «боран» мағынасында алынған. Ежелгі грек аңыздары бойынша да Борей – солтүстік «боранының» құдайы болып табылады. Басқа еш нәрсеге жүгініп қажеті жоқ! Осы бөрі мен боран сөздерінің өзі-ақ Гиперборея атауының түркілік мәнін салыстырмалы түрде 100%-ға тура көрсетіп тұр. Өзге елдер де қарап қалмай Гипербореяны иемденгісі келеді. Ресей ғалымдары бореяның орысша «буря» сөзімен және «Борис» есімімен байланысын алға тартып, оның алғашқы орыс өркениеті екенін айтқысы келіп жүр. Бұл тіпті күлкі шақырады десек, артық айтпаймыз. Әр бірден соң буря сөзінің өзі біздің боран деген сөзден алынған болса, ал Борис есімі біздің символымыз саналатын «барыс» сөзінен бастау алады.

Осылайша Гиперборея боранды мекеннің арғы шетіндегі біздің арғы аталарымызға етене таныс бөрілі мекен болған деп қысқа қайыра салсақ та болар еді. Бұл ойлар құрғақ сөз үндестігіне бола айтылып отырған жоқ. Гомердің Илиадасын еске түсірсек осынау бөрілі мекенге ынтық Аполлонды ылғи да бөрілер қоршап жүріпті-мыс. Бұның өзі осында көрсетілген жайттарды нақтылай түсетіндей. Гипербөрі тұрғындарының есімдеріне назар салсақ та олар таза түркі есімдері. Абарис, Аристей есімдеріне тоқталатын болсақ Абарис, АпАРЫС болып та, аБАРЫС болып та түсініледі. Аристей болса, ол – АРЫСтай. Осы мысалдан-ақ үш бірдей арыс пен барыс атаулары тізбектеліп тұр ғой! Жақсы, онда Гомермен ғана шектелмейік. Ежелгі грек ақыны деп аталып жүрген Алкей де шығармалары мен гимндерінде Гипербөрі мен Атыланты жайын сөз етеді. Осы жердегі айтпағым, осы Алкейдің өзінің түркі екендігі. Алкей, ол – өзіміздің Әлкей. Әлбетте, тізе берсе мұндай деректер шыға береді.

Солтүстік мұзды мұхит бастапқыда 1650 жылы географ Варениустың ұсынуымен Гиперборей мұхиты[1] деп аталған. Кейінгі жылдары өзіміздің сақ бабаларымыз есіміне байланысты Скиф мұхиты (Oceanus Scythicus), Түркі мұхиты (Oceanes Tartaricus) деп аталып жүрді (Батыс деректері мен карталарындағы түркілердің, татарлардың «тартарлар» деп белгіленгенін еске түсірейік)[2]. Алайда, әдеттегідей сақ пен түркі есімін тарихтан өшіру ниеті мұхит атын Солтүстік мұзды мұхит деп өзгертуге алып келді. Бұл мұхит бірқатар елдерде Арктика мұхиты деп те аталады. Осы тұрғыдан қазіргі сәтте мұхиттың атауын орысшадан тікелей аудармай қазақ тілінде тиісінше атағанымыз – бөрілі, боранды мекендегі ата-бабаларымыздың аманатын орындағанымыз болып саналар еді. Осыған байланысты мен мұхит атауын «Теріскей Түркі мұхиты» немесе Арықты мұхиты деп өзгертуді ұсынар едім. Теріскей Түркі мұхиты дегенімнің мәні түсінікті болса керек. Ал Арықты деп отырған себебім, Арктика сөзінің «Арық» сөзінен бастау алғанының, сөйтіп Арықты сөзі Арктика сөзіне ұласқандығының уәждемесі. Арық дегеніміз не? Арық қалай пайда болады? Арықта не ағады? Бұл сауалдардың жауабының барлығы арықтың су жылжитын жылға екенін, оның судың ойып кеткенінен пайда болатынын, арықта су ағатынын көрсетеді. Ал қарапайым тілмен үлкен де кең арықты «өзен» деп атайтынымыз белгілі. Олай болса біздің құрылықта Теріскей Түркі мұхитымен байланысатын аты да заты да түркілік Енесай секілді ірі сегіз өзен, «сегіз арық» барын ескерсек Арктика – Арықты емей немене? Арықты секілді шетелдік айтылумен дәлме-дәл үйлесетін Арықтық (Arctic) деген сөз де бұған сұранып тұр. Ал шұрайлы тілімізде сирек қолданылатын «суы қайтқан» деген мағынаны білдіретін сарықтық деген сөз барын ескерсек Сарықтық – Арықтық болып трансформациялануы әбден мүмкін ғой. Төркіні бөлек болғанымен қырықтық т.б. сөздер қаншама. Ал сілтеу есімдігімен сөз өрбітсек, қайда, қай жақта – Арктика жақта, яғни Арықтыда (Arctida) тәртібімен тұп тура Арктиданың өзіне тірелеміз! Ал Арктида болса мұз астында қалып жойылып кеткен гипотетикалық құрлық және Гипербореяның балама атауы. Қазақ тілінің осынша мәнге бабымен келе қалуы өте сирек сәйкестік және бекерден бекер емес ... Арықтық мұхит ұғымы да өмір сүруге құқылы. Мұхит атауы бұлайша аталмағанның өзінде де бұл тіркес көк мұз құрсауындағы мұхиттың, көк түріктер тілінен шыққанын айқындап тұрса керек. Ең шеткі, шеткері, поляр жақта деген ойларды білдіргендіктен де Арықты мәнінде, «ары», «ары жақта», «арғы жақта» алыста деген мағына мен мұз кесепатынан арыған жерден қоныс аударған арықазақтар құнары қашқан жерді «арық» атап кетуі де ғажап емес. Қалай болғанда да бұл бізге жат емес ... Тегінде бөрілер жеріндегі халықтың бүгінгіге беймәлім жетістіктері қатарында медицинасы мен құқығы да жоғары деңгейде болған деп айтуымызға болады. Олар ұзақ жасау құпиясын білген. Шамамен 1000 жылдай ғұмыр кешкен. Салауатты өмір салты басты орында тұрған. Толқы (Толька) мен Енесай өзені жағалауында олимпиада секілді спорттық ойындар мен жарыстар өткізіліп тұрған. Асклепийдің Аполлонның ұлы екендігі де бөрілі елдің медицинасы жайында көп нәрсені айтып тұрғандай. Бөрілі елде өз жазба мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан. Әйтпесе, Хирон мен Асклепий медицина жайындағы білім негіздерін жазып қалдырмас еді. Ежелгі грек географы Феопонт жазбалары бойынша Гипербөрі мен Атыланты арасында өзара ынтымақтастық жайындағы құқықтық тұрғыда ресімделген келісімдер де болған.[3]

Бүгінде ұрпақтары «қайта түлеу» кезеңін басынан өткеріп отырған арғы аталарымыздың бөрілі мекені шамамен осыдан 25-22 мың жылдар бұрын құрдымға кетті. Ол өркениет ғаламат жер сілкінісі немесе астероидпен соқтығысу салдарынан жүрген топан судан және судың мұзға айналуынан жойылып кетсе керек. Ал қазір ол өркениет орналасқан жер аумағы қазақтың Арықты сөзінен туындағанына еш күмән тудырмайтын Арктида, Арктика аталады. Енді арықтан өтіп Атыланты жайына келейік.

Атылантыны, яғни Атлантиданы тілімізбен үндестіре Атыланты деп айтып отырмын. Бұлайша айтпасқа ләж жоқ. Себебі, әлі күнге ейін Атлантида ұғымы нақтыланбаған және ол сөздің шығу тегі анықталмаған. Оның айқын бола қалуы да екіталай. Олай дейтін себебім, сонау Платон заманынан бері оның Тимей мен Критий шығармаларындағы диалогында сөз болған Атланттар мекені 2500 жылдай уақыт зерттеліп келеді. Әлі де зерттеле бермек. Тіпті осы мәселе «атлантология» деген үлкен саланың қалыптасуына да әкеліп отыр.

Әр түрлі деректер Атлантиданың уақыт кезеңін де, орналасқан аумағын да нақтылы көрсете алған жоқ. Оларға қарай отырып Атлантикалық кезеңді шамамен б.д.д 100000 - 10000 жылдар аралығы деп көрсеткеніміз дұрыс болар. Әлбетте, Атлантиданың қашан пайда болуын айту мүмкін емес болғандықтан, ең болмағанда оның қай кезге дейін өмір сүргендігіне тоқталып көретін болсақ бұл мәселеге байланысты атлантологтар арасында қалыптасқан бірнеше көзқарасқа тап боламыз. Бірінші көзқарастағылар Платонның айтқандарын ұстанып Атлантида б.д.д. 9500 жылдарға дейін өмір сүргенін айтады. Екінші көзқарас жағындағылар Атлантиданың жойылу кезеңін б.д.д. 1550 – 1226 жылдар аралығы деп көрсетеді. Үшінші пікірдегілер бұл уақытты б.д.д. 8499 жылғы 5 маусым деп көрсетсе, төртінші пікір бұл кезеңді б.д.д. 9750 – 8570 жылдар аралығында көрсетеді. Ал бесінші көзқарасты ұстанатындардың пікірі мүлдем ерекше. Олар тіпті Атлантиданың пайда болған уақытын да белгіліп қойыпты. Олардың пікірінше Атлантида 12 млн. жыл бұрын пайда болып, 1 млн. жыл бұрын жойылған екен.[4] Бұл бес көзқарастың өзі даулы және басқа да пікірлер қайшылығы қаншама. Бұл жерде Атлантида қашан пайда болды, қашан жойылды, қай жерде болды және т.б. мәселелерді талдау мақсат етіліп отырған жоқ. Тек жоғарыда сөз болған Гипербөрі мен осы Атыланты болғандығының шындыққа жанасатынына және екеуінің де түркілік мәні бар екеніне назар аудару ғана басты мақсат. Аңыздардағы көптеген мекендерді адамзат қиялының жемісі деп санауға болады. Мысалы: Солтүстік Америкада болған деп тұжырымдалатын Астлан ғажайып мекені, алтын мен күмістен салынған қала – Эльдорада, Үнді мұхиты мен Тынық мұхиты астында қалуы мүмкін жерұйық мекен – Лемурия, Тибет тауларында болуы мүмкін адам жаны тазарып, бақытқа кенелетін мекен – Шамбала. Бұлардың барлығы да «бос» болмағанымен де қиял және утопия. Ал Солон, Платон, Әлкей, Герадот, алаштық Дидар (Диодор Сицилийский), Үлкен Плиний, Посейдоний, Страбон, Прокл және т.б. тарихи тұлғалар сөз қылғандай Гипербөрі мен Атыланты болғандығы шындыққа біршама жанасады.

Атыланты бәлкім мұхитта немесе Пиреней түбегінде, бәлкім Каспий мен Арал теңізінде. Ол жағы әрине белгісіз. Ол жөнінде біздің басылымдар да үн қосып жатыр. Бір басылымда мынадай ойлар келтіріліпті: «Кезінде гректердің нанымына сәйкес амазонкалар мен кентаврлар мекендеген қазақ даласын ешкім де зерттеген жоқ. Әйтпесе бір емес бірнеше алтын­ адам табы­лып жатқан ұлан-ғайыр далада небір құпия сақтаулы.­ Арал теңізінің табан­ынан бірнеше қаланың орны табылды. Әлі де табылады. Одан қалды, осы теңіздегі «Барсакелмес» аралындағы адам миына сыймайтын тылсым жайттар тағы бар. Бәл­кім, атлантидатанушылардың басын қатырған Атлантида Аралдың табанында жатқан шығар ...».[5]

Атылантының құқықтық жағына келсек бұл елдің он екі патшасы алты жылда бір рет Посейдон сарайында мәжіліс құратын. Олар қабылдаған заңдар алтын мен мыс қоспасынан жасалған ерекше металл – орихалк құймаларында басылып шығарылатын. Сот істері қараларда үлкен рәсім жасалып, он бұқа әкелініп лауазымды тұлғалар ант берген соң оның біреуі құрбандыққа шалынатын. Бұл орайда барлық құлшылық отқа бағышталатын.[6] Бұл жерден отты қастер тұтатын, Тәңірге құлшылық қылған бабаларымыздың болмысымен үйлесетін ұқсастықты аңғаруымызға болады. Ұқсастықтар мен аналогиялар бұнымен ғана шектелмейді. Еуропацентристер белден басып өтіп жатқан топонимдер мен адам аттарының түркілік болғаныны былай тұрсын, таза қазақы екені күмән келтірмейді. Грек атанып жүрген прототүркілер Платон мен Дидар (Диодор) мысыр және эллин тілдерімен мәнін өзгертпегенде барлық атаулардың қазақы екенінде еш шүбә болмас еді. Осылай болғанның өзінде Атылантыдағы «Тартар» жері өзгелерді көп ойларға жетелегенімен түркілер үшін түсінікті. Атлантида кезеңінен аталып бұл күнге дейін Еспания мен Шотландия жерлеріндегі Иберия, Тартесс, Элба, Олбани, Этрурия топонимдерінен де: Ыбырай, Тартыс, Үлбі, Албан, Ертүрік атауларын оңай танимыз. Өзгеріске ұшырағанның өзінде таза қазақы адам аттары бірден көкейге қона кетеді. Атлантида атауының мәні де әлі күнге жұмбақ күйінде. Гипотезалар өте көп және олардың ешқайсысы Атлантида мәніне жақын жуымайды. Біз де ой қосар болсақ біріншіден, Атлантида атауы «атыл» етістігінен алынуы да мүмкін. Атылан түбірі Арсылан, Арыстан болуы мүмкін. Он екі патшаның алты жыл сайын «Ант» беретінін ескерсек, «атыл ант», «асыл ант», «батыл ант» тіркестерінен де құралуы әбден мүмкін. Екіншіден, егер Атыланты Каспий не Арал теңізі түбінде құрдымға кетсе, онда Еділ, яғни Етил, Итил, Атилл, Атилла атауларымен байланысты болуы мүмкін. Үшіншіден, Атыланты атауын Атлас патша есімімен, Атлас тауларымен байланыстырып жүргендер тұрғысынан келсек, онда Атыланты атауы да, сонымен бір мезгілде Атлас тауларының атауы да «Аталас» сөзінен алынуы әбден мүмкін. «Алан» сөзі де жасырын тұруы ықтимал. Ата-бабаларымыз жүріп өткен сүрлеу деп қорытынды жасап отырған Атыланты мекенінің астарында, тіліміздегі қастерлі атаулар: Атажұрт, Ата қоныс, Атамекен сөздерінің бастауы болып тұрған «ата» сөзі жатуы да ықтимал. Зерделер көз болса бұл келтірілген ойлардан бәлкім алдағы уақытта негізді қорытынды шығып қалуы да әбден мүмкін. Өйткені, екі жарым ғасырға жуық уақытта да архаизмге айнала қоймаған Атлантида, өзіне әлі талай назар аудартады және осындағы қазақша мағынасы да назарда болады. Тіпті, осы ойларымнан көрініп отырған, грек сөзі деп айтылып жүрген негізгі мағынасы үлкен, көне, ескі дегенді білдіретін «архи» (архив, архиепископ, археолог, археология т.б.) түбірсөзінің (приставкасының) өзі «арғы» деген қазақ сөзі екені кімді ойлантыпты? Атылантылықтар есімдеріне зер салсақ та қазақы бояуды аңғарамыз: Атлас (Аталас), Уран (Ұран), Гадир (Қадыр) және т.б. Осы тұста он екі патшаның бірі Қадыр (Гадир) аса жоғары қызығушылығымды туғызғаны жасырын емес. Испанияның оңтүстігіндегі Кадис қаласы мен осы аттас тайпа бар екені назар аударарлық болғанымен, қызығушылығымды оятқан нәрсе мүлдем басқа еді. Ол Солон мәлімет қылып келтіргендей «қойдың егесі» ретінде түсіндіріледі. Осы жерден қазақы дүниетанымдағы қойдың пірі Шопан атаны да көргендей боламыз. Зерттеуші О. Гуцуляк Атлантида жайындағы бір еңбегінде «Курьер ЮНЕСКО» (1990 ж., №7) журналындағы Хосе М. Сатрустеги деген этнографтың деректерін негізге алып Пиреней түбегінің баск халқының аңызын мысал етіп келтіреді. Ол аңыз бойынша жалғыз көзді, аяғы қисық бір малшы күн райының қаталдығына шамданып, наурыз айына тіл тигізіпті. Бұған назаланған Наурыз кек қайтармаққа бекінеді. Алайда айдың соңғы күні болғандықтан, ол Сәуірден екі жарым күнді сұрап алып, дүлей дауыл соққызған екен. Дауылды бораннан жылғалар толқып, өзендер арнасынан асып бір көзді шопанның бүкіл отары қырылып қалады. Ең болмағанда соңғы тұяқ қалсын деп жармасқандағы, үрке қашқан қой мүйізі тиіп шопан жалғыз көзінен де айрылады.[7]Ойланып көретін болсақ біз үшін сонау жердің бір қиырындағы баск халқындағы қой отары мен Наурыз айы жөніндегі аңыз және оның Атлантидамен байланысты болғаны таза қазақы дүиетаным болмысымен үндесіп тұрғаны таң қалдырмай қоймайды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы – наурыз айына қарата, қазақ та «Сәуір болмай тәуір болмайды» деген. Оның үстіне басқа ай емес, наурызда бақ-берекетін арқалап келетін Қыдыр Атаның, Қызыр Атаның (Қадыр) Пиреней мен Атыланты жақта жүргені қалай? Бұл жайттың өзі ғана Атылантының сөзсіз арғы қазақтардың мекені болғанынан хабар беріп тұр. Атыланты өркениеті бәлкім Наурыз дауылынан жойылып кеткен шығар. Арғы тегі қазақы болған герман тайпаларындағы аңыздардан да Қадыр есімін байқаймыз. Сондай аңыздың бірінде Один (Отын) деген шаман құдайдың Ходре атты ұлы Бальдр (Балдыр) деген құдайды өлтіретіні айтылады. Ходренің көзі көрмейтіні және ол кезде оттың қастерлі болғаны да айтылған.[8] Олай болса Один – от беретін Отын, Ходре (Хёдра) – Қадыр, ал Бальдр – Балдыр емес пе! Атыланты мұхит десек, Балдыр суда – мұхитта, ал аңыз Атлантидамен байланысты. Оттың қастерлі болғанынан, аңызда шаман-бақсы жүргенінен тәңіршілдік элементтерін байқаймыз. Наурызда Қызыр келеді деп от, шырақ жағатын жоралғының қазақта әлі де бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Ежелгі кельттер мен финн халықтарында да Аэд деген қаһарман бар. Бұл жердегі Аэд (aed) сөзі «от» деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше, дүниетанымымыз да тіліміз де басқа халықтарға эталон болып тұр емес пе. Қадыр бейнесі даниялықтар тәмсілдерінде де Хаддинг деген бір көзді ақсақал кейпінде айтылады. Бұл жерде Хаддинг бір көзін даналыққа айырбастап алған деп көрсетіледі.

Ақиқат екені айқын бұл жолдардан тілдерін мың бұрап келтіре алмаған еуропалықтардың қазақтың Қадыр есімін мың құбылтып: Кадис, Ходре, Хёдра, Хёдр, Хаддинг, Гадир дегендері үшін сөкпей-ақ қоялық. Себебі, өзіміздің де Қыдыр, Қызыр, Қадыр, Қадір есімдерін қолданатынымыз рас. Бұл жерде Ислам діні ең кейінгі дін болғандықтан Қадір түніне байланысты жайларды келтірмей отырмын. Бұл автор ғана емес, үлкен ғылыми институт назар аударуға тұрарлық мәселе болуы керек еді.

Қадыр есімімен үндес кейіпкерлері бар аңыздар Мысыр елінде, Жапонияда, Теріскей түркілерінде де (американдық үндістерде) кездеседі. Мысырда, Қадыр Атлант аталып көкті құлатпай тіреп тұрған Атлас тауы кейпінде сомдалады. Жапон аңыздарындағы Ходери мен Хоори жайына келсек, Ходери «маздаған от» – балықшылар мен теңіз құдайы болса, Хоори «отты сөндіруші» - аңшылық пен таулардың құдайы болыпты. Аңызда Хооридің Ходериді жеңетіні айтылады. Бұл жерде алдыңғы сілтемедегі еңбектің авторы, Хоориді Атлант, ал Ходериді Гадир (Қадыр) деп жорамал жасайды.

Қалай болғанда да Гипербөрі де, Қызырлы мекен Атыланты да қазақы-түркілік мекен. Ал Атлантының қалай құрдымға кеткенін айтудың бұл жерде маңызы аз. Себебі, бұл тақырыптарды қозғаудағы мақсатым есте жоқ ескі заманда да қазақы-түркілік іздер болғандығынан хабардар ету ғана. Ал алдыңғы бөлімде бұл ойларым еуропацентризмге қарсы тұрудан туындаған адекваттық қарама-қарсы қадамға алып келгендігін айтқанмын. Дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалық жайттар бола тұра, әу баста жоспарланған қысқаша тарихи жайттар ұлғайып бара жатқандықтан, бұл жағдай авторды алдағы уақытта арнайы жеке кітап дайындауға жетелей отырып, тарих тұрғысындағы мәліметтер бұл жерде ықшамдалып берілуде. Осылайша, Атыланты жайлы ойларымызды аяқтай отырып ол жөнінде кезінде оралымды ойларымен бөліскен замандасым, артына тұщымды дүниелер қалдырып кеткен тұлға Әмірхан Балқыбектің[9]ойларын да ортаға сала кеткенді жөн көріп отырмын. Ә. Балқыбек Атылантының құрдымға кетуіне топан су жүруі, зілзала мен жанартау атқылауы себеп болуын жоққа шығармай, өз пайымдарын Тәурат жазбалары мен Құран сүрелерімен негіздейді: «Оларға апат әмiрiмiз келген сәтте, ол жердiң үстiн астына келтiрдiк. Сон­­­дай-ақ үстерiне ерекше әзiрленiп қыздырылған тас жау­­дыр­дық», - деген һұд сүресін мысалға келтіреді. Атыланты сөзіндегі Ат не Ад түбірлерін негізге ала отырып, грекше аталуы өзгеріске түсуі мүмкін екендігін көрсете отырып Атыланты тұрғындары Құранда көрсетілген «Ғад» қауымы болуы мүмкін екендігін де көрсетеді. Ә. Балқыбек ойларындағы назар аударуға тұрарлық салыстырмалы дерек: ұзын бойлы деп сипатталып жүрген атылантылықтар болмысының Құранның «Ағраф» сүресінен көрініс табатыны: «Сол уақытта Алла сендердi Нұх қауымынан кейiн орынбасар қылып, әрi тұлға жаратылысында да артық қылды». Құранда айтылған Ғад қауымын тарихи шындықтан іздей отырып Ә. Балқыбек құранның ақиқат екендігіне көз жеткізеді. Ол Ғад қауымын – б.д.д ХҮIII-ХII ғ.ғ. ғұмыр кешкен, Грекия мен Мысырдың зәре құтын қашырған адуынды мемлекет Хат (Хэт) мемлекетi болуы мүмкін деген батыл қорытынды жасайды. Ә. Балқыбектің бұл байламдарының да қисынға келетінін атап өтсек болады. Ғылыми басылымдарда Хэт империясының түркілік болғаны жөніндегі дәлелдер бірненше мәрте жарияланды. Автор да осы пікірде.

Перу халықтарының бір аңызы бойынша Алла-сюйу жеріндегі Качапукара мүсінге табынып кеткен Ямквисапа тұрғындарының бейберекет кетуінен долданған Тонапа құдай мүсін мен төбені де жермен-жексен етіп олардың жерін үлкен көлге айналдырып, халқын суға кетіріпті-мыс.[10] Бұл да Атыланты жойылуы жайындағы бір миф. Бұл жерде аңыз желісінен бөлек ондағы атауларға назар аударып отырмын. Тонапа, Качапуқара, Алла-сюйу (Алланы сүю, бәлкім Ала сай) атауларының қазақы-түркілік екені сезіліп-ақ тұр.

Осылайша 12 мың жыл бұрын, бәлкім одан бұрын ізін жоғалтқан Гипербөрі мен Атыланты атты прототүркілер өркениетінің тамыры сең жібіп, мұз құрсауынан босап шыққан соң қайта өзек жіберіп еуропацентризмнің қою бұлтына қарамастан осылай сөз болып отыр. Гипербөрі мен Атыланты құрдымға кетіп қайта түлеген ПРОТОТҮРКІ өркениетінен: ПРОТОқазақ, БАСқазақ, АТАқазақ, АҒАқазақ, БАБАқазақ, АЛҒЫқазақ, АРҒЫқазақ, АРХИқазақ, ТҮПқазақ, ТҮПКІқазақ, ТҮРКІқазақ өркениетінен қалған бір жұрнақ болса, ол екінші жазбамда көрсеткенімдей, сөзсіз ТАЙМЫР атауы болса керек. Таймырдан өрбіген бір бұтақтан поляр бойлай жағалай жүрген прототүркілердің бір бөлігі Пиреней тұсына келсе, теріскейге қарай жайылған бұтақ өркенін Америка құрлығына жіберсе керек-ті. Негізгі өзекті бұтақ Еуразия төрінде, үш Алтай көгінде жайқалған. Осылайша, бұл кезеңде, бәлкім 22 мың жыл бұрын Теріскей түркілері (Американдық үндістер) жаңа қоныстарына орнықса, Сібір[11] мен Шумер түркілері қос өзен маңына орналасады.

Таймыр жайында қысқа ғана жазып отырғанымның мәні осы бір ғана сөз арқылы бүкіл түркі болмысының айқын болып тұрғандығында. Таймыр сөзі біріншіден, қазақша «ТАМЫР» мағынасын білдіреді. Бөрілі мекен мен Арық (Арктика) жағасынан тереңге бойлай бастаған қазақы-түркі алып бәйтерегінің тамыры бұл. Екіншіден, денемізге қан жүгірткен қан «тамыры» мағынасын білдіреді. Үшіншіден, Арықтыға тоғысқан арықтардың (өзендердің) Жер Ананың «қан тамыры» екендігін көрсетіп тұрған қазақы-түркілік атау. Тамырдан өрбіген негізгі бұтақтар жайы төртінші жазбада әңгіме болады.

 

[1] ru.wikipedia.org

[2] Поспелов Е. М. Географические названия мира: Топонимический словарь. — 2-е изд., стереотип.. —М.: Русские словари, Астрель, АСТ, 2001

[3] subscribe.ru: Исторические следы загадочных гипербореев

[4] www.historiar.ru: Происхождение и гибель Атлантиды. Датировка существования и гибели Атлантиды

[5] www.halyk-gazeti.kz: Құпияға толы Атлантида қайдасың?

[6] www.redov.ru: Льюис Спенс .Атлантида. История исчезнувшей цивилизации

[7] atlantida.livejournal.com: Олег Гуцуляк. Тайна имен атлантов

[8] atlantida.livejournal.com: Олег Гуцуляк. Тайна имен атлантов

[9] Ә. Балқыбек. Қасқыр құдай болған кез. А. «Тұран». 2008

[10] www.redov.ru: Атлантида. История исчезнувшей цивилизации

[11] Сібір мен Шумер үндестігін О. Сүлейменов зерттеулерінен біле аласыздар

 

Төртінші жазба. АМЕРИКА протоқазақтар мен теріскей түркілерінің байырғы мекені немесе «550-5500-55000 формуласы»

Ежелгі Дәуірдің барлық тұстарында қазақы іздер бар екенін әсте жоққа шығаруға болмайды. Ежелгі Шығыс пен Антикалық Грекия, Рим империясы, сонау Шумер өркениеті, тіпті Гипербөрі мен Атыланты да (Гиперборея мен Атлантида) ҚАЗАҚ әлеміне бөтен емес. Осы аталған архимемлекеттер мен оған қоса Солтүстік жарты шардағы, яғни Америкадағы байырғы тұрғындар – үндістердің нәсілдік тұрғыдан да, бауырмашылдығынан көрінетін альтруистік тұрғыдан да, үлкенді сыйлайтын салты жөнінен де, толеранттылығы жөнінен де бізге ұқсастығын оңай аңғарамыз. Енді бұл ұқсастықтықтарына қоса олардың тілі жөнінен де «қазаққа», дәлірек айтсақ «түркілерге» белгілі бір жақындықтары барын негіздейік. Сонымен қатар кеңістік тұрғысынан қарап, олардың ешқандай да үндістер емес «теріскей түркілері» екенін  аксиоматикалық түрде дәлелдеп көрейік.

Ескеретін жайт Америка тақырып өзегі етіп алынғанымен алдыңғы жазбаларымда сөз болғандай барлық өркениеттерде де қазақы іздер болғандықтан Амерникадан бұрын соларға басқа қырынан тағы бір қарап көрелік. Бұл ретте филология, лингвистика пернесін басып хатт, хетт, тұрсақ, шумер тілдерінде және Американдық үндістер тілінде сөйлеп көрелік. Бұл сөздерді аудармашысыз ақ түсінулеріңіз бек мүмкін. «Бұл әншейін кездейсоқтық» деулеріңіз де, бір күдік, бір таңданыспен осынау арғы халықтар тіліне қызығып, бәлкім мына жазғандарыма сенбей қате іздемек болып, немесе сынамақ болып, әрине уақыттарыңыз болса түпнұсқа материалдарды іздеп кетулеріңіз әбден мүмкін. Бұлай етсеңіздер онда нұр үстіне нұр болғаны. Бұл жерде оларды қазақша сөйлетуді – дәлелдеудің басты арқауы етіп алдым. Бұл орайда теріскей түркілеріне келместен бұрын алдыңғы жазбаларымда көрсетілген құрлықтағы түркілердің тіл ерекшеліктеріне тоқталып кеткеніміз жөн.

Бастапқыда сөз болған ... Ендеше, түркіге апарар түрткі де, осы сөз!

Этрускілер байырғы қазақтар.

Әр түрлі деректерде этрускілер әр қалай аталып жүр: турлар, тиррендер, пеласттар, турсактар, тұрсақтар, киммериялықтар және т.б. Тұрсақтардан түркі-сақтар атауын өрбітуімізге, ал киммериялықтардан кемерліктер атауын туындатуымызға әбден болады. Қалай болғанда да, қалай аталса да, Қаракемерді, бәлкім Көккемерді мекен етсе де бұл кемерліктердің бізге бөтен емес екеніне еш дау болмаса керек. Эртускілер жайлы Геродот, Тацит, Страбон, Тит Ливий, Плиний олай деді, былай деді деп мәлімет келтірмей-ақ мәселеге бірден төтесінен келейін. Олардың бәрі этрускілердің шығыстан, Тұраннан келгенін мойындайды. Сенека болса: «Tuscos Asia sibi vindicat» - дейді. Бұл «Этрускілер Азиядан шықан болып саналады» деген сөз. Демек гректерге дейін-ақ этрускілер еуропаны жайлаған. Олай болатын болса еуропаны әу баста қазақтар (әлбетте, бұл әсірелеу элементімен айтылып отыр, көне түркілер мағынасында) мекендеген. Себебі, этрускілер – қазақтар. Тағы ескерте кетейін қазақтарды тиісінше түркілер деп түсінгендеріңіз ләзім. Бірақ бұлар түркі бола тұра бұл жазбада қазақ деп жазылып отыр. Себебі, бұны татар жазса татар дейді, әзірбайжан жазса әзірбайжан дейді, қырғыз жазса қырғыз дейді. Ал жазып отырған мен түркі болғаныммен башқұрт та, өзбек те емес – қазақ болғандықтан осы амалды қолданып отырмын).

Этрускілердің түркіге жақын екенін 1924 жылы Францияда табылған «Глозель жазбаларынан» да, К.Миршан, Ж.Кузен, Ф.Дюррбак, Адиля Айда, М.З.Закиев зерттеулерінен де білуге болады. Бұл жайында қазақтың қос Бекжаны да жазып жүр. Тұрсақтар жайын қысқа ғана қайырар болсақ, олардың қазақ екенін Ф.Р. Латыпов және басқа да зерттеушілер келтірген сөздерге назар сала отырып бірден аңғаруға болады.

Сонымен, этрускілер қай тілде сөйлеген екенін білмекке мына кестеге назар аударайық:

Тұрсақ тілі

Қазақ тілі

Ак

Ақ

Зер

Жер

Тамах

Тамақ

Кус

Құс

Фол

Жол

Хан

Қан

Сет

Сүт

Ина

Ине

Зукис

Балға (Зік еткізу!)

Атта

Ата

Анна

Ана

Ақлан

Ұл (Оғлан!)

Килан

Келін

Су

Су

Ет

Ет

Булт

Бұлт

Кис

Қыз

Буил

Биыл

Катн

Қатын , Әйел

Енген

Жеңген, Жеңуші

Ат

Ат (ату етістігі)

Ар

Ер, Еркек

Ут

От

Кун

Күн

Харус

Қарын (ішек-қарын)

Адрия

Дария

Эдил

Әділ

Эдилитет

Әділет

Курул

Құрылтай

Соңғы бесеуі өзімнің жеке зерттеулерім. Бұл жайында алдыңғы жазбаларымда жазғанмын. Ал Адрия сөзінің «Дария» екені еш күмән туғызбауы керек. Сондықтан Адриатикалық теңіз дегеннің мағынасы, жәй ғана «Дәрия» деген сөз! Осындай көптеген кемерліктердің қазақы сөздері латынданып, кейіннен Рим империясының сөздеріне кірігіп кеткен. Мысалы, «аклан» деген сөз қазіргі уақытта бізде оғлан, ұлан деп түсінілсе, еуропалық кейбір флективті тілдерде сол күйінде, сол мағынада қолданылады. Бұл сөз тіпті орыс тіліне де «клан» түрінде еніп алған.  Осы сияқты «кус», яғни құс сөзі де құстың кең таралған түрі қазға қатысты еуропа мен орыс тілдеріне гус, гуус, гусь түрінде еніп кеткен. Осындай тәртіппен «кис» сөзі қызға қатысты айтыла отырып, мысалы ағылшын тілінен «сүюді» білдіретін «kiss» сөзі арқылы орын алуы әбден мүмкін. Қызды кім сүймейді! Тіліміздегі осы көрсетілгендей ұқсастықтар болғанның өзінде бұларды қазаққа қатысы жоқ деп айтамыз ба?!

Этрускілер жайлы тағы не айтсақ болады?!

Міне, осынау Қырым мен Ұрым аралығын мекен еткен, Ата деп еркелеп, Ана деп емірене сөйлеген көк бөрінің ұрпақтары – тұрсақтар еуропада Бөрілер елінің (Ит елі, Италия) негізін қалап, б.д.д. 753 жылы Эртрурияға жақын жерден Рим қаласын салады. Этрускілер Римнен (Ұрым) бөлек Флоренция, Пиза, Сиена, Перуджа, Ливорно, Тарквиний аталып кеткен көптеген кенттер мен қалаларды тұрғызып кеткен.

Бүгінгі кең қолданыстағы латын әліпбиі сол кездегі этрускілер жасаған әліпбидің өзгертілген нұсқасы.

Еуропаға зергерлік өнерді алып келген этрускілер алтын қолданысын кеңейтіп оны медицинаның құрамдас бөлігі деңгейіне дейін жеткізеді. Олар стоматологияны дамыта отырып пациенттерге алтын тіс, тіпті тіс протездері мен қаптамаларын, алтыннан жасалған тіс қапсырмаларын да (мостик) жасай білген.[1]

Шығыс еуропадағылардың шәркейін шешкізген этрускілер, табанды, өкшелі, өкшесіз аяқ киімнен бастап біз тұмсық етіктердің түр-түрлерін көрсете отырып жалаң аяқ еуропалықтарға былғары «етік кигізді».

Этрускілердің білімдерін түркіленген римдіктер де пайдаланды. Этрускілік орам жазбалар латынға аударылып, «Этрускілік ілімдердің» сақталуына  Сенаттың өзі шара қолданды.

Еуропаны ойқастаған түркілер тіпті бір бірімен шайқасқа түсіп жатты. Римді сақтап қалуға римдіктермен тонның ішкі бауындай араласып кеткен эрускілік гаруспиктер де атсалысты. Мысалы, олар 410 жылы қорғаныс қажеттілігінен көктен жай түсіріп, найзағай түсіруге мәжбүр болды.[2]

Осы тұрғыда бір бірімен үздіксіз және ұдайы шайқасқа түскеніне қарап сол кезеңнің өзінде-ақ әлемде түркілердің саны қисапсыз көп болғанына болжам жасауға болады. Ұрымды қорғаушылар да түркі, Ұрымға тиген готтардан тұратын Аларихтар да түркілер, ал аларихтарды ығыстырған Атилла бастаған ғұндар да түркілер! Ал әр қилы деректерде кездесетін аримаспылар, халдеи, гиксос, туарегтердің өзі байырғы түркілер! Тіпті, туарег пен түрік айтылуы да, этимологиясы да бір деп ешкімнен жасқанбай әрі сескенбей айта берсек болады.

Екінші жазбамдағы еуропацентризмді, түркіцентризм алмастыру керек деген үндеуімнің мәні де осында жатыр. Олай болмағанда ше ..., анау мынау емес түркілер тұп тура еуропаның центрінен қағанаттар құрған болса. Қазіргі дейін жеткен әрісі хундар құрған Хунгарияны, аварлар құрған Баварияны, берісі албандар құрған Албания мен дулаттар құрған Болгарияны айтпағанның өзінде сол кезеңдегі ғұндар жинаған центтер болсын, қанатын кеңге жайған түрлі қағанаттар болсын, еуропаның центрі түркілік центр болғанын айғақтап тұрғандай (Е.Қ.)

Бөрікті түркілер мен шошақ бөрікті сақтар анологиясы бойынша этрускілер еуропалықтарға қалпақ (шляпа) кигізді.

Дариядан (Адрия, Адрия порты) әр тарапқа жүзген кемелері арқылы теңіз картасын жасай отырып, этрускілер флоты Жерорта теңізімен ғана шектелмей жүйелі түрде Америка құрлығына да барып келіп отырған деп жорамал жасауымызға әбден болады. (Е.Қ.).

Тұрсақ обаларымен сақ оба қорғандары ұқсас болса, тұрсақтар тұрғын жайы кәдімгі киіз үйлердей болған. Жоғарыда аталған гаруспиктер болжамдары да аса маңызға ие.[3]Асылында малдың ішкі органдарына қарап болжам жасайтын (harus тұрсақша ішек-қарын дегенді білдіреді) және найзағай түсіріп, жасын ойнататын гаруспиктер деп аталатын тылсым күш иелерінің аталуында кестеде көрсетілген қарын сөзінен бөлек қазақтың «ғарыш» сөзі бұғып жатқандай. Әлбетте, жаңбыр шақырғанда тұрсақтар жөн-жоралғыларын жасайтын. Бұл әрекеттерді бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан «тасаттық беру» ғұрпынан да көре аламыз ғой. Зеңгір көкті қастер тұтатын, жаңбыр жауғанын – күн жауды, күн күркіреді дейтін, жаңа туған қияқтай орақ айға «ай көрдім, аман көрдім – ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп сәлем беретін, жаңа жылымыз – науалы нау ырысымыз күн мен түн теңелген тұстан басталатын «біздер» мен тұрсақтар тамырлас болмауымыз мүмкін емес. Этрускілердің найзағайға, жануарлардың ішкі органдарына қарап болжам жасауы ежелгі Шумер мен Вавилонда, жалпы түркілердің барлығында болған.[4] Ал тас төбедегі темірқазықты навигатор тұтқан қазақтардағы жұлдызшылардың дөп келетін болжамдары өз алдына жеке әңгіме. Көк тәңірінің перзенттері саналатын бізбен қатар Күнді, Юпитерді (Тина), Ұмай ананы қастер тұтқан этрускілердің тамыры бір. Этрускілер атаған Юнон (Уна), ол тұп тура Ұмай ана (Е.Қ.).  Себебі, Юнонның бір эпитеті Ұлсын (Луцина (Е.Қ.)) жас сәбилердің пірі, шарананы қорғаушы. Ал біздегі Ұмай ана (Умай, Нумай, Омай, Ымай-идже, Ымай-ине, Май, Майн, Майна т.б.) болса ұрпақ жалғастыру демеушісі, бөбектер мен олардың аналарының пірі әрі жебеушісі,Уна болса, сөзсіз «Ана» ұғымын білдіріп тұр. Әр бірден кейін Ұмай ана егер осы мәселе толық зерделенсе Хауа ана аналогы болуы да мүмкін. Ал бұл жағдайда тәңіршілдік пен исламның етене байланысы мен сабақтастығы өздігінен айқындалар еді. Сонымен, тоқтамға келе бірден айтар болсақ жаһанға Пифагордай математик сыйлаған этрускілер қазақтар деп сенімді түрде айтуымызға болады!

Баскілер  байырғы қазақтар.

Ғылымда, Пиреней түбегінде сөйлеу үлгісі мен тілі ешкімге ұқсамайтын оқшауланған топ ретінде көрсетіліп жүрген баск халқы мен олардың тілін туыстарымыз қатарына жатқызуымызға әбден болады. Бұл ең алдымен, үшінші жазбамда көрсетіліп кеткен Қыдыр ата туралы мысалға тікелей байланысты, одан соң олардың тілдерінің созылмалы тілдер қатарына жататынымен, кейбір сөздерінің бізбен ұқсастығымен (мысалы, «аси» сөзі, «өсу» етістігін білдіреді және т.б.) байланысты, және ақырында олардың «баск» деген атауымен де байланысты. Баск деген басқы! Ең басқы, атабасқы! Енді басқыдағы және қазақтағы кейбір сөздердің айтылуына зер салайық:

Басқыда:

Қазақта:

Айта

Ата

Егун

Кун

Дей

де (айт)

Танта

Тамшы

Езтул

Жөтел

Шікі

Кіші

Ама

Ана

Жастл

Жас

Кисон, гиза

Кісі

Жар

Жарық

Ауо

Ауыз

Хар

Құрт

Хатт, Хетт халықтары байырғы қазақтар.

Алдыңғы жазбаларымда Элам атауының өзі қазақтың «Әлем», «Елім» атауынан шыққанын жазғанмын. Еліміздің батысында орналасқанын негізге алсақ, Элам елін қазақ тұрмақ, біздің бір ғана руымыз Әлім тайпасы ғана құрауы мүмкін деп те айтуымызға болады. Элам, Хатт, Хетт тілдері өте ұқсас болған. Әзірбайжандық Р. Гусейнов деген зерттеуші И. Меликов, И.Фридрих (Грозный, Форрер, Ларош, Кемменхубер, Дьяконов, Дунаевскаяжәне т.б.) секілді ғалымдардың пікірлері негізінде Хатт, Хетт, Элам тілдерінің Шумер тілімен де, түркі тілімен де байланысын сөз қылады. Бұл жерден мен мынадай параллельдерді аңғардым. Хатт, Хетт мемлекетіндегі бабаларымыз қолданған сөздердің кейбір мысалдарына назар аударайық:

Хатт тілінде

Қазақ тілінде

Таккыл

Тақыл, тұқыл (бидай)

Тек

Тік (киім тігу)

Ашаг

Ашық

Куру

Көру

Куб, Куба

Ұғу (түсіну)

Хетт тілінде

Қазақ тілінде

Те (атта те, анна те)

Де (ата де, ана де)

Тюр

Түр (пердені түр)

Атта

Ата

Анна

Ана

Жазбамдағы негізгі әдіс аксиоматикалық әдіс болғандықтан осы жерден байланысты үзіп, бірден шумер тіліне жақындайық.

Шумерліктер арғы қазақтар!

Шумер тіліне келсек Л. Вулли, Г. Винклер, А. Джавад, О. Сүлейменов, А. Аманжолов, А.Мамедов, Т. Гаджиев, Э. Алибейзаде және басқа да көптеген ғалымдар бұл тілдің түркі тілі екенін әлдеқашан зерттеп кеткен. Сондықтан, осы жазбада бұл тілдің түркілік болуы мүмкін деген болжам жасау –менің басым шынымен де менің өз басым болуы мүмкін деген күдігі басым жорамал секілді көрінеді. Шумердің ежелгі қазақ өркениеті екендігі бүкпесіз әрі бұлтартпас ақиқат һәм дәлелдеуді қажет етпейтін шындық! Екінші жазбамда көрсеткенімдей әлемдегі ең алғашқы әдеби туындыны ең алғаш біздер, яғни протоқазақтар жазған. Ол,  «Білгеміс туралы аңыз» деп аталады және оны арғы бабаларымыз Шумер кезеңінде жазған. Ал осы төртінші жазбамдағы негізгі міндет, тек бұл тілде сөйлеу ғана. Шынымен ақ бізге Шумер тілінде сөйлеу ғана қалды. Бұл тұрғыда тіліміздің ұқсастығын алдыңғы кестелердегідей тек сөздік нысанында көрсеткеннен гөрі, мүмкіндігінше сөйлем құрап көруге талпыныс жасадым. Жекелеген сөздердің мағынасы жоғарыдағы авторлар еңбектерінен, әсіресе О.Сүлейменов зерттеулерінен көрініс табады. Ал бірақ мына кестедегі «сөйлемдерді» алғаш түзіп отырмын.

Ендеше осы Шумер кезеңіндегі бабалар тілімен сөйлеп көрелік:

Шумерше сөйлем үлгісі:

Қазақша түсінілуі:

МЕ БИЛГЕ АДА ТУД.

Мені білге бабам туды.

МЕ ДІҢГІР ТУМсы.

Мен тәңірдің тумасы.

БИ, СИ ДИЛИ КЕН ЕН УЗУК САКАР ЕДЕНде УГ-КЕН ЕРЕН ЕР ДУМУ.

Біз бен сіз ділі кең, ең ұзақ сахара даласындағы үлкен ерен ер тумасымыз.

УРУК КУРдым.

Ұлыс құрдым.

МЕ ТИР ДУМУ ТУДым.

Мен тірі тума тудым.

БИ УРУГ ЕН УГ-КЕН.

Біздің ұрпақ ең үлкен.

АНЕ ДИНГИР, АНЕ УД УДУН.

Әне тәңірі, әне от отан.

УДУНга УДка ТУШ!

Отан үшін отқа түс.

НАМЕ ДЕ?

Немене дейсің?

ЕБ ИЗИ ЭД, ЭШ АШ.

Үй ысып кетті, есікті аш.

ЕШТИ...  ЗАГГИН ИУЗИ УШ ГАШ УД.

Естисің бе ... Жақын жүзген үш құс өтті.

ЗАГГИН АРА: АДА ТИР, СА; УРУГ УР, БАДАРА ДЕШ; АНЕ ГУМ, АНЕ СУ, ТУРУГ!

Жақын ара: атаң тірі, сау; құрылыс сал, байрағың тік; құмың әне, суың әне, тіршілік ет.

ДИНГИР ТАГ!

Тәңір жалғыз!

Басқа флективті тілдермен ең болмағанда «ырымға» бір сөзі сәйкес келмейтін шумер тілі құдды өз тіліміздей екеніне осы мысалдарға қарай отырып қалай шек келтіруге болады! Осылайша, мыңжылдықтар бойы қарым-қатынас, ғылым тілі болып келген шумер тілін пафоспен болса да қазақ тілі демеске лаж жоқ.

Американың байырғы тұрғындары протоқазақтар.

Теріскей түркілері! Бұл тіркесті осы жерден дәл қазір алғаш оқып отырсыздар. Бұл жерде солтүстік түркілері емес, құрлықтың арғы бетіндегі Американдық үндістер айтылып отыр. Тиісінше, бұл атауды шындығында да теріскей түркілері мекен ететін Солтүстік жарты шардағы америка үндістеріне қатысты мәні бойынша қолданған жағдайда түркілерге қатысты әділеттілік орнаған болар еді. Ол күннің орнауы да әбден мүмкін, негіздер де жеткілікті. Америка үндістері дегеніміз – қайықты қайық, балдызды балдыз деп қазақша айтатын, бөпесін бесікке бөлейтін американдық түркілер, яғни теріскей түркілері. Ол қалай, қайтіп т.б. деген сұрақтарға жауап берудің қажеттілігі де жоқ.  Себебі, американдық үндістердің «түркі» екендігі әлдеқашан дәлелденіп, әбден жауыр болған. Бұл жағдай қабырғасын тұрғызып, шатырын жауып үлгергенше, еуропацентризмнің дүлей дауылы соғып, шатыры жұлынып қалқиған кергесі ғана қалған аяқталмаған «сақалды» құрылыс секілді. Бұл жердегі басты миссия теориялық түрде мың мәрте дәлелденіп қойған «ақиқатты», практикалық түрде негіздеп, ешбір жел құлатпастай шатырын нық қылып жабу! Бұл үшін америка үндістерінің түркілер екенін дәлелдеген ғалымдардың еңбектері негізінде үндіс қандастарымызды қазақша сөйлетуге бел буып отырмын. Әлбетте, үндістердің түркілермен тілден бөлек те жақындықтары жоққа шығарылмайды. Майялықтар моншасы мен Отырар моншасының ұқсастығын, үндістер мен түркілердің жаңа туған сәбилерінде кездесетін құймышақтың жоғары тұсындағы түркі дағын (жаңсақ түрде ғылымда моңғол дағы аталып кеткен) қосатын болсақ, үндістердің айбынды тайпалары: төлтектер атауының өзі-ақ таза қазақша төл-тегіміздің бір бұтағынан хабар беретінін, сайын даламызды еске түсіретін балбал тастарының бірдейлігімен бас шұлғыта таң қалдыратын өлмектердің бізге ұқсастығын қосатын болсақ, оларды бірден «қазақ» деп нүкте қоя салуға да болатындай! Өлмек атауының өзі неге тұрады... Бұдан бөлек үндістердің көк бөріні қастер тұтатынын, кейбірінің өздерін бөріден, ит пен балықтан тарататынын қосатын болсақ ше? Міне, бұл көрсетілгендер сөзсіз үндістердің теріскей түркілері екенін көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай бұл байланыстардың ешқайсысына тоқталмай тек тілдік материалды ғана негізге алайық. Ол – үндістердің қазақша сөйлегені! Бұған назар аудару үндістердің түркілік болмысын өздігінен-ақ айқындамақ. Осылайша зерттеушілер түзген, мысал ретінде келтірген жеке-жеке үндіс сөздерінен сөйлем құрап көруге тырыстым. Бәлкім болар, бәлкім жоқ, бірақ бұрын-соңды үндіс сөздері негізінде сөйлемдер құралғаны жөніндегі ақпаратты кездестірген емеспін. Сондықтан да, үндіс тіліндегі қазақша мәні көрсетілген сөйлемдер алғаш рет құралып отыр деуге негіз бар. Сөздердің жалғану тәсілі мен жалғаулар жайы әлі толық зерттелмегендіктен өне бойымдағы түркілік рух сеп болып бірқатар сөйлемдер құралып шықты. Сөйлемдер болғанда қандай? Кез-келген қазақ, кез-келген түрік баласы еш «аудармасыз» түсіне алатын сөйлемдер! Үндістердің түркі екенін дәлелдеуге септігін тигізетін негіздерге кезек берейін. Осылайша, қазақ пен үндістің туыс,түркі екенін, олардың бір екенін айғақтайтын сөйлемдерге келейік. Сөйлемдерді көрнекті татар лингвисі Абрар Каримуллиннің  "Прототюрки и индейцы Америки. По следам одной гипотезы" атты еңбегінде келтірілген үндіс сөздері негізінде құрадым. Мәні ашылу үшін бірқатар тұстарын бас қаріптермен белгіледім.[5]

Сиу үндістерінің сөздері:

Үндісше

Қазақша

АТЕ, ИНЕ – ИАСО!

Ата-анам – жасай бер!

СҮУ ИЧ, ИНЕ ИМИ ИМим.

Сүт ішіп, анам сүтін емгенмін.

ТАНГ  ЕКТА БАСКИН КУА КАПСИН, КАН ИУТА МИ КАПО!

ТАҢ АТА БАСҚЫН ҚУА ҚАПСЫН, ҚАН ЖҰТА МЕН ҚАПА болдым.

ВАКАН, БАХА, МИ, КОДА ИЧИ  – БАГАНА!

 

ҚАҒАН да, БАБАМ да, МЕН де, ДОС-ҚҰДА да БӘРІМІЗ – БАҒАНАДАЙ қалшидық.

ИК САНКЕ ИАСОдым.

Екі шаңғы жасадым.

Майя үндістерінің сөздері:

Үндісше

Қазақша

БИН ИАШпын.

Мен жаспын

БИН БИЛИМ МОЛ АЛЬмын!

Мен білімім мол ұлмын.

БИЛИМ – КУШ!

Білім – күш!

ИАШ КУН КЕЛди.

Жаңа күн келді

БИН ИАШ ИЕМИШ ТІКтим.

Мен жас жеміс көшетін отырғыздым (тіктім)

ИЕМИШ МУЛУК.

Жеміс мол

ИЕМИШ САТтым.

Жеміс саттым.

АКАН ТОКМАКпен ШАГАН ШАПты, ВАТты.

Ағам тоқпақпен шаған талын шауып, уатты

ИШ БОС.

Қарным ашты.

ЧУЛ ИЧИЛ: БА, ШАЛАН, БАКА МОЛ.

Су ішінде: балық, жылан, бақа көп

ИАШ БАЛДИЗ КЕЛди.

Жас балдыз келді

УЙЫК ТУР, ТУЙ, ИАШ КУН КЕЛди

Ұйқыңды аш, киін, шашың түй, таң атты

УТ ИАКЛЕЛ

От жақ.

АК МОЛ, ООЧ МОЛ!

Ақ мол, Ас мол!

ПУЛУТ БЕТти, КЕТти. МОЛ БОЯК АК ЧАЧАК КИОЛ КУН ЧЫКты.

Бұлт бітті, кетті. Бояуға малынғандай, әдемі, ақ шашақ күлімдеген күн шықты.

Кечуа үндістерінің сөздері:

Үндісше

Қазақша

КОК АСИК.

Аспан ашық.

ТАУКА КОК ПУС ТУГУди.

Тауға жаңбыр төкті.

ТАТА, АГЕ, ИПА – КАРИН АС!

Әке, аға, апа – қарным ашты!

ОГРИ  ТСАП КУ!

Ұрыны ұстап, қу!

КЭТ ҚАКУН, АГЕм ПУЗба.

Кет қатын, ағамды бұзба!

СУНКА АГЕмСАКЛА

Кенже ағамның сақалы бар

ПОЙ ПАКу  УСУК, АРИК  МИСИК –КЭЛ!

Ойын баққан кішкене арық мысық – келе ғой!

УСУК ПОЙ САНИ АС.

Ұсақ ойыншықтардың саны аз.

Міне, сонау әлемнің теріскей шетіндегі, мұхиттың арғы бетіндегі бағананы бағана, мысықты мысық, бақаны бақа, шағанды шаған дейтін халық тілінің біздің тілмен ұқсас екеніне қалайша таң қалмауға болады. Ал, егер осы ұқсастықтарды көре тұра міз бақпай, е е бопты деп отырған кейіп танытсақ, бұл нағыз конформизм болмақ.

Калифорниядағы бетегелі Бетекуитос, Юкотандағы бақасы мен балығы тайдай тулаған Бакалар шығанағы, Теріскей жарты шарының әр тұстарындағы Цилан (Жылан), Тулум (Тұлым), Яшиль (Жасыл), Тас (Тас), Яшчилан (Жас жылан) секілді толып жатқан топонимдер теріскей түркілерінің сайрап жатқан іздері.

Жаңсақ түрде үндіс деп аталып кеткен халықтар тобының шын мәнінде теріскей түркілері екенін анықтау және біз бен оларға ортақ тілде сөйлеп көру көптеген ғалымдардың ұшан-теңіз еңбегіне тәуелді екенін баса айтып кеткенім абзал болар.

Ә дегенде америка үндістері (сиу-хока теріскей түркілері)  тілінің түркі тілдерімен ұқсастығын сонау ХVII ғасырда байқаған ағылшын Дж. Джосселин болды. Ол тіпті оншақты жыл теріскей түркілерімен бірге ғұмырын өткізген. Кейіннен өзінің күнделігі негізіндегі жазбаларын 1672 жылы Лондонда тасқа басады. Бұдан бөлек Дж. Макинтош та 1853 жылы Вашингтонда жарық көрген еңбегінде сиу-хока үндістері тілінің түркі тілдерімен ұқсастығын жазады. Осы секілді, А.Р.Аравио, Роберт Г.Латхам, Юлиус Плацманн (С.Викандер айтуы бойынша) сынды, Н.Ф.Яковлев, В. Вахт, Ф.Милевский секілді зерттеушілері де, антрополог, археолог Тур Хейердал да үндістер тілі мен түркі тілдерінің ұқсастықтарын көрсеткен.

Үндіс тілдерінің түркі тілдерімен байланысын көрсеткен, жалпы үндіс тілдерін зерттеуге бүкіл саналы ғұмырын арнаған Ю. Кнорозовтың табандылығын ерекше атап өткен ләзім. Ал, И.К. Федоров болса кечуа, аймара үндістері тілінің түркі тілдерімен байланысын көрсете отырып, олардың кейбір элементтерінің полинезияда да кездесетінін айтады. Демек, үндіс тілімен етене байланысты қазақ тілі де, полинезия тілімен туыс деген болжам жасауымызға болады (Өз тәжірибемде үзік жұлық болса да кейбір полинезия мен микронезия тілдерінің, тіпті Индонезия тілінің қазақ тілімен жақын үндесетінін аңғарғанмын! Мысалы, ата – каке, ене – нене, май – нинйак және т.б.).

Бұл тұрғыда көп еңбек сіңірген ХХ ғасырдағы скандинавиялық шығыстанушы Стиг  Викандер. С. Викандер майя, кечуа тілдерін зерттеген. 1935 жылы Римде өткен Халықаралық шығыстанушылар конгресінде Уругвайлық профессор  Б.Феррарио да үндіс тілдері мен түркі тілдерінің туыстығын көрсетеді.

Ең негізгі, ең мәнді және ең қомақты еңбек XIX ғасырдағы көрнекті американ лингвисі әрі полиглоты Фредерих Льюис Отто Реригтің зерттеулері болып табылады. Өзіміздің түркі-қазақ зерттеушілеріне келсек М.Арибжанов, М.Закиев, С.Нуржакиянов, Е.Қажыбеков, әрине А.Кримуллин, Қ.Оразбекұлы, Ш.Ыбыраев, Ә. Ахметов секілді тұлғалар үндістер мен түркілердің туыстығын негіздеп берді. Т.Жұртбай, Т.Нұрлы­бай­би­те­гі, Б.Қайратұлы және басқа авторлар тарапынан журналистік зерттеулер де жүргізілді.

Арғы түркілердің теріскей бетке өтіп Америкаға таралуы үшінші жазбамда келтірілген сумен сипатталатын Атыланты кезеңіне, ақ түтек боран мен мұзбен сипатталатын Гипербөрі кезеңі мен қазірге дейін мұз құрсауланған Арықтыға тікелей байланысты. Міне бұл тұстан кері қайырар болсақ «55000-5500-550» санды формуламның мәні айқындала түседі. Теріскейге өтудің бірінші толқыны түпкі қазақтар алғаш сүйек пен мүйізден бұйымдар жасай бастаған орта палеолиттегі, б.д.д. 55000 жылдарға сәйкес келуі әбден мүмкін. Теріскейге өтудің екінші толқыны кейінгі палеолиттегі 32000-24000 (И.А.Захаров және т.б. зерттеулері бойынша)  жылдарға сәйкес келсе, үшінші толқыны мезолит кезеңі басталған 18000-12000  жылдар аралығына тоқтайды. Ал қоныс аударудың төртінші толқыны протоқазақтар жылқыны қолға үйреткен 6000 жылдарда болып өтті деп жорамал жасағанымыз дұрыс болмақ.

Әлбетте, көш бұнымен тоқтап қалмаса керек-ті. Кеме қатынасы мейлінше дамыған тұрсақтар мен Анарыс пен Тоқсарының кеме құпиялары жөніндегі ілімдерімен қаруланған еуропалық түркілер де Атыланты мұхиты арқылы теріскей тарабына жүзіп баруы бек мүмкін.

Мешіттерде азаны шақырылған, азан-қазан тірлік кешкен мұсылмандар аяғы да Америкаға тиеді. 1996 жылы жарияланған тарихшы Юусуф Мруэ мәліметтеріне сәйкес мұсылмандар Американы 1178 жылы ашқан екен.

Бұдан кейінгі кезеңде ХІІІ ғасырда 800 кемеден тұратын Құбылай қағанымыздың флоты Жапонияға жүземіз деп дауыл мен жылы ағыс екпінімен адасып теріскей құрылықтан бірақ шыққан. Бұл да бір кіші толқын. Мойнақтан ғана емес мұхит арқылы да теріскей құрлыққа жүзіп баруға болатынын жоғарыда аталған Норвегия ғалымы Т.Хайердал керісінше бағытта камыс қайығымен Африкадан Панамаға дейін жүзіп жеткендігімен дәлелдеген.

Көш қатарында оғыз-түркілері (мүйізді викингтері), готт-түркілері мен норманн-түркілері бар кеме де Америка жағалауына келіп жетеді. Түркілік болуы әбден ықтимал "Кенсингстон тасына" қашап жазылған руна жазуларына сәйкес, бұл еуропалық түркілердің келген уақыты ретінде осынау 91 килограммдық тас 1362-ші жылды көрсетеді.

Үндістанды іздеймін деп адасып кеткен Христофор Колумбтың желкенді кемелері тек 1492 жылы ғана Америка жағалауына жетеді. Осылайша, теріскей түркілері әлі күнге дейін қате түрде үндістер аталып келсе, 1499 жылы ғана Америго Веспучий Амазонка жаққа тап болады. Содан бері, мәні бойынша «теріскей түркілер құрлығы» аталуға тиіс құрлық атауы лайықсыз болғанына қарамастан осы күнге дейін әділетсіз түрде Америка (Америго) аталып келеді.

Формулаға қайта орала отырып айтпағым – Қазақ тілі 55000 мың жыл бұрын үздігіп, еміс-еміс шыққан. Бұған дәлел соншама жыл бұрын теріскей құрлыққа өткен төл тегімізден (орысша тольтеки) ажырамаған, өлмек (орысша ольме́ки)  болса да бері келмегі жоққа шығарылған бабаларымыздың асыл тілі.

Ортадағы санға қатысты қазақ тілі 5500 жыл бұрын Шумер өркениетінің кең қолданыстағы өміршең тілі болғандығын айтсақ болады. Ал, 550 саны Хандығымыз құрылғаннан бері өткен уақыт екені белгілі. Десе де парсы деректеріне негізделген Г.Қамбарбекова мәліметінше бұл дата 1000 жылға шегеріліп отыр.

Айтып айтпай не керек, бұл еңбектің басты ерекшелігі бір ғана тілді талдауға ғана емес, бірнеше қазақы тілді жинақтай отырып қарастыруға арналғанында.

Әлемдегі бай тілдердің қатарынан үшінші орын алатын қазақ тілінің шұрайлылығы мен жан жақты оралымды екені әлем халықтарын таңқалдыруға тиісті. Бұл тілдің ашпайтын құлпы жоқ. Тіпті әншейін ғана әзіл түрінде Шумер – Дулат тайпысының Шымыр руының елі, Аргентина – арғындар негізін қалаған Арғынтина, Бразилия – қазақтың Бір аз елі, Парагвай – Барақбай қарттың, Уругвай –  Ұрықбай ақсақалдың құрметіне құрылған елдер, Чили – Ши елі, Испания – Еспан, Альяска – Әлиасқар атамның құрметіне аталған, Эквадор – Екі батыр шайқасқан жер, Каракас – қасы көзі қиылған ару құрметіне аталған Қарақас деп ойнақы сөз өрбіткеннің өзі бейхабар жанға шындай көрінеді. Қандай халық осы тектес топонимдерді өз тіліне қарыс қадам болса да жақындата алады?!

Ал егер қисынға келтіріп: Желмаясымен теріскейден түсіп келе жатқан Асан қайғы екі батыр тірескен жердегі, құрылықтың түйіскен жеріне қарап тұрып, «Осы жер өзі пана ма?!», деп мойын бұрмастан жүре берді дегенге келтірсек, «Панама» атауы қалай пайда болғаны айқын бола кетеді! Алабама қырқасынан Атыланты мұхитына ұзақ қараған Асан қайғы құба жонды аралды көзі шалғасын ол арал «Куба» аталып кететіні негізделе кетеді. Осылай намаз уақыты жақындағанда Куба жақтан Құбыланы бағдарламақ болған Асан қайғы атамыз әріректен және бір қияғы мен қоғасы қарауытқан, қамысы сусылдаған аралға көзін салған күйі «Ну қара қоға» дегені негізінде «Никарагуа» атауы пайда болды деп Асан қайғы бабамыздың жүрген кеңістігін кеңіте түссек еуропалықтар біздің тонымызды шешіп ала ма?! Қалай болғанда да жер жаһандағы тау мен тасты, адыр мен бедерді  мәніне келтіре бейнелей алатын қазақ тілінің құдыретіне қалайша таң қалмасқа! Осынысына және Американы өз мекені еткен теріскей түркілерінің тілі болғанына ғана бола қазақ тілі түркі тілдері арасынан шыққан «делегат» тіл ретінде Америкада орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құжаттар тәржімалануға тиіс жетінші халықаралық тіл болуға әбден құқылы! Әзіл-шыны аралас айтқанымның өзінде, бұлай болғаны біріншіден әділеттің салтанат құрғаны, екіншіден әлемдік берекеттің орнауының кепілі болар еді. Себебі, халықаралық тілдерден тұратын АФРИКА аббревиатурасындағы 6 (алты) тіл, АЛТЫ саны көзге ұрып тұрғандықтан жердегі тәртіпке таза емес күштердің ықпалын шақырып тұрғандай. Ал, бар болғаны екі айда үйренуге болатын ҚаЗаҚ тілі халықаралық тіл болса, онда халықаралық тілдер саны ЖЕТІ болғандығы жағдайының өзі ақ күллі әлемді нұрландырып, дәулет пен сәулетке жеткізетін еді...

 

[1]Шамиль Мингазов "Этруски и тюрки". paneravis.ru. Осы сияқты Ш.Нафиков. Н.Кадретдин және т.б. жазбалары.

[2]Макнамара Э. Этруски. Быт, религия, культура /Пер, с англ. Т.Е.Любовской. - М.: ЗАО. Центрполиграф, 2006.

[3] Блок Р. Этруски. Предсказатели будущего/Пер. с англ. Л.А.Игореаского. - М.: ЗАО. Центрполиграф, 2004

[4]Робер Ж.-Н. Этруски. - М.: Вече, 2007

[5] Каримуллин А.Г. "Прототюрки и индейцы Америки. По следам одной гипотезы"Москва "ИНСАН", 1995

 

Ерболат Қошқарбаев,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия кафедрасының аға оқытушысы