Ерлігі ерен Оспан батыр

Газет мақаласы "Айқын" газеті №109

Биыл ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түр­кіс­тан­ның тәуелсіздігі үшін күрескен Оспан батырдың туғанына – 120 жыл. Тарихи тұлғаны айқын танып, дұрыс бағалайтын дәуірге жеттік пе? Батырды қаншалықты бағалай алдық? Ол кім бол­ды? Қайда туып-өсті? Төңкеріс­ке неліктен қатыс­ты? Көсемге қалай айналды? Шетелге неге қашып кетпе­ді? Осы сұрақтардың жауа­бын іздеп көрген едік.

Ерлігі ерен Оспан батыр

Оспан батырдың туған жері – Алтай аймағы. Руы – орта жүз. Оның ішінде Керей – Абақ ке­рей­ге жатады. Ол 1900 жылы 10-айда Шыңжаң өлкесі Алтай айма­ғы, Көктоғай ауданының Арал ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Оспанның әкесі Ісләм Райысұлы қарапайым ғана шаруа болған. Ол кісі мал бағып жүрсе де ауыл молдаларынан ескіше оқып, хат таныған екен. Тіпті құранды өзідігінен үйреніп алған. Соның арқасында ауыл ішінде құран-қатым оқып, жаназа шығарып, ел арасында «Ісләм молда» атанған. Ал шешесі Ғайша Хамитқызы Моңғолияның Баян Өлгейінен болған. Жабаларға қарағанда Ғайша адуын мінезді, алып денелі болған екен. Ел ішін­де қораға шапқан аюды бақанмен басқа ұрып өлтірген деген аңыз тарап кеткен. Осының қанша­лық­ты шын-өтірігін білмедік. Алайда Ғайшаның әкесі Хамит, ағасы Тотан өз кезінің батыры, балуаны болыпты-мыс.

Жалпы, Оспан батырдың түр-тұлғасы мен мінезінің ерекшелігін ол жайында жазылған естеліктер­ден көруге болады. Батыр ерен тұлғалы, бойының ұзындығы 1,90 болыпты. Өзі кең маңдайлы, шаш қоймаған екен. Соған қарамастан қою қара қасты, қара мұртты, қара сақалы да екі жағымен тұтас­қан ұш бұрышты еді. Атжақты, қыр мұрын­ды адам болыпты. Үлкен қара көздерінен әрқашан от ша­шып тұрған. Ол тесіле қара­ғанда өңменінен өтіп кете­тін­дей өткір болыпты. Оспан батыр оқымаған­мен, дінге сенімі берік, қашанда шындықты ұстанып, жаны өтірік пен екіжүзділікке қас болған. Өзі аз сөйлеп, тыңдағанды жөн көре­тін. Ешқашанда еш­нәр­се­­ден қорық­пай, қандай қауіп-қатер болса да сабырлық сақтай­тын.

Шешесі Ғайша батырдың бойын­дағы үш қасиетін ерекше атай­ды. Біріншісі, «баланың жақ­сы болуы – нағашыдан» деген­дей, Оспанның нағашы­ла­рына тарт­қаны. Екіншіден, кішкен­та­йы­нан ораза тұтып, намаз оқып, дін жолын ұстанған. Ел айттыға, естігенге салынбай, кез келген нәр­­сені ойынан өткізіп, оң-со­лын ойлайтын аңғарымпаздығы барын растайды.

Оның болмысын ашатын ел арасында аңыз өте көп. Соның бірі – батырлық қасиеті. Ол кезде Оспан бар-жоғы – 26 жаста. Бірде кіші әкесі Тоқажанның жылқы­сын бағып жүргенде Зуқа батыр­дың адамдары түнделетіп, бірне­ше жылқыны алып кетеді. Оны көрген Оспан әлгі бесеуді тізеден ұрып түсіріп, аттарын матап, өз аттарын алып кете береді. Намыс­тан­ған бесеуі бұл жайында Зуқа батырға тіс жармайды. Алайда «Ел құлағы елу» демекші, Зуқа бұл жағдайды естиді. Сол уақытта Оспанның әкесі оны Зуқаға ертіп апарып, одан кешірім өтінеді. Содан Зуқа іштей Оспанды сынамақшы болып, оған: «Балам, далада бір жігіт қымызға қызып қалыпты, үйге кіргізе салшы» дейді. Сыртқа шығып қараса, жерде алпамсадай бір жуан екі қолын төбесіне қойып, шалқасы­нан жатып, ұйықтап жатыр екен. Оспанның оны көтере бергені сол еді, ол да бұнымен жағаласа кете­ді. Соған қарамастан Оспан оны балаша қолтықтап алып, Зуқаның оң жағынан лақтырып жібереді. Сондағысы ол Зуқаның «Омырау­қара» деген балуаны екен. Осыдан кейін оны «Оспан дию» деп атап кеткен.

 

Қол бастаған көсем

Оспан төңкерісі – ұлт азаттық көтеріліс. Бұған Оспанның 12 жылдық төңкерістік өмірі дәлел. 1920 жылы Алтайдың билеушісі Жұдау Иіңнің бұйрығы бойынша «Қылаңның басын алған», 1928 жылы Мадарының зұлымдығы­мен «Зуқаның басын алған», ке­ле­сі жылында тағы да сол Мада­рын­ның қаскүнемдігімен «Жан­тай­лақтың басын алу» оқиғалары­ның жалғасы еді. Сол бір көте­рі­ліс­­тің кенет басталуына Шың Шы Сайдың жазықсыз ел басшы­ла­рын тұтқындауы, салық көбей­туі себепші болған.

Шың Шы Сай – қытайлық, өзі Жапонияда құрлық армия уни­­верситетін оқыған. Сол уа­қыт­та ол Лу Шау Зоға ілесіп, Шың­­жаңға келген. Онда қорғау­шы­лар батальонының, артынан офицерлер мектебінің оқыту­шы­сы болды. Шың Шы Сай өзін жоға­ры білімді, абыройлы азамат етіп көрсетуге тырысқан. 30-жы­лы Шыңжаңдағы шаруалар кө­терілісі болмағанда, оның мәр­те­бесі де болмас еді. Өйткені сол жылдары Құмылдан Қожа­нияз көтеріліс шығып, оны жа­ныш­тауға жіберілген Жың Шу Рын­ның әскері қатарынан жеңіле берген. Сол себепті, Жың Шу Рын Шың Шы Сайды әскери ақыл­шылар бастығы, кейін Шы­ғыс-Солтүстік бағыт әскері­нің бас қолбасшысы болды.

Арада үш жыл өткен соң, Жың Шу Рынге орыс әскери басшысы Бабынков бастаған әкімшілік және әскери мансаптылардың қозға­ған саяси өзгерісі, Шың Шы Сай­дың асығын алшысынан түсір­ді. Сол кезде ол Дубан және төраға шенін иеленіп, Шыңжаңды 10 жылдай биледі. Оның таққа отыр­ғаннан бастап, өлке барын­ша былыққа толған. 1936 жылдан бас­тап жергілікті сақшы аппа­рат­тарын іске қосып, «жасанды іс қозғау», жалған факті жасау, жала жабу, зорлап мойындату, жазалау отрядын құру секілді ұйымдар құр­ды. Осы уақыттың ішінде қан­ша­ма адам жазықсыз жазаланып, күнәсіз айыпталды. Соның бірі – Ақыт қажы. 1939 жылы Шың Шы Сай Ақыт қажыны тұтқын­да­ғанда Оспан батыр қар­сы болып, оны алып қаламыз деп күрескен 60 адамның бірі бол­ған.

Шешесі Ғайша батырдың бойын­дағы үш қасиетін ерекше атай­ды. Біріншісі, «баланың жақ­сы болуы – нағашыдан» деген­дей, Оспанның нағашы­ла­рына тарт­­қаны. Екіншіден, кішкен­та­йы­нан ораза тұтып, намаз оқып, дін жолын ұстанған. Ел айттыға, ес­ті­генге салынбай, кез келген нәр­­сені ойынан өткі­зіп, оң-со­лын ойлайтын аңғарымпаздығы барын растайды. 


1940 жылы наурыз айында Есімқан Ақтекенің Шың Шы Сайға қарсы бас көтеруіне қатыс­ты. Ол ел басшысы болма­ған Го­мин­­даңның «Мылтық жинау», «Әскерге ат алу» деген сылтаумен ел басшыларын жиынға шақы­рып, оларды тұтқындап, өлтіріп жатқанын жақсы білді. Оспанның қарсы шыққаны да осы – Шың Шы Сайдың ел басшыларына әрекеті. Оның қорғайтыны ел тағдыры, ел намысы еді.

Шың Шы Сай Кеңес ақыл­шы­­ларының көмегімен ел ішіне жан­сыздар кіргізіп, іштей іріту, келі­сімге келуге өкіл жіберу, оған көн­­бесе Моңғолия шекара қор­ғау­шы әскерімен бірлесіп жазалау жорығын жоспарлайды. Ал көте­рі­ліс басшылары бұл жоспарды білмеген. Өздерінше егер соғыс сәтсіздікке тап болса, шегінерлік жол ретінде Моңғолияның билігі­нен паналай тұруға көмек сұрай­ды. Алайда Моңғолияның Пат төре­сі Шың Шы Сайға берген уә­десін орындап, көмек сұрап кел­ген өкілдерді қамап тастап, еш ха­бар бермейді. Артынан Бұлғын­да­ғы қалың қамысқа от қойып, Моңғолияға қашқандарға оқ жау­ды­рып, көтерісшілерге ша­буыл жасайды. Қыспақта қал­ған екі мың адам ел басшы­лары­мен ақыл­­даса келіп, бала-шағаға бас көз болатын – Шағалақ, Мысыр­қан, Қабылқақ Татамғалым ұлын қалдырып, қоршауды бұзып өтеді. Міне, осы соғыста Оспан батыр Ақтеке биді өлімнен құт­қа­рып қалған. Ұшқұштар жарыл­ғыш­тар тастап, пулеметтен оқ жау­дырады. Сол кезде Оспан батыр Ақтекенің аттан құлағанын көріп, жаудың жаудырып жатқан оғына қарамай, оның қасына шауып барып, Ақтекені алдына өңгеріп алып бір өлімнен құтқа­рып қалғаны бар. Осы жерде Оспан өзінің ержүрек батыр­лы­ғын көрсетті.

Есімхан, Ақтеке, Ырысқан бастаған 200 төңкерісші жау қор­ша­уын бұзып, Байтік Қаптықтың арасындағы бұлаққа келіп, алды-артын тосады. Жасаққа жүз адам­мен Мұса мерген келіп қосылады. Олар қаптыққа жеткеннен соң, екі ай соғысып шаршаған жасағы ты­нығады. Бірақ азық таусыл­ған­дықтан амалсыз Байтіктегі елден біраз азық алдыртады. Алайда олардың тоқтаған жерін білген жау әскері қара құртша қаптап, шабуыл жасалады. Алтайға бет алған көтерісшілер жол-жөнекей Дабысын мен Қойыртәкі деген жер­лерде тосып жатқан жаулар­мен соғысады. Осы соғыста көте­ріс­шілер жауды қаншама рет той­тарып, жаппай жүздеген әске­рін жойып салады. Дегенмен кө­терілісшілер Ақтекеге жеті жер­ден оқ тигендіктен одан айы­рылып қалады. Ырысқан сары ауру, Сайып бір аяғынан айы­ры­ла­ды. Сол кезде көтерілісшінің 200-ге жуығы, Шіңгілге қайтса, енді бірі Байтікке баруды қалады. Соған қарамастан Оспан батыр 40 адаммен Алтайға тартады.

Көктоғайдың күрті деген же­рін­де Гоминдаңның пошта беке­тін қорғап тұрған бір рота әскерді ұстап алады. Олардың Шиң әске­рі­не әкеле жатқан 200 түйе азық-түлік, қару-жарағын, дәрі-дәрме­гін олжалап алады. Кейін Ыш­қын­ты, Түлкі, Күй деген жерлерде соғыс бекінісін жасап, Арал елін көтерісшілерге қосып алады. Сол кезде Оспан батыр Таршаты, Арша­лы, Ашулы шайқастарында қайтпас қайсарлығымен, ақыл-айласымен, шабуыл ұйымдастыру шеберлігімен танылды. Оған қоса, Сүлеймен батыр, Көксеген, Сайып, Кәдірбай бастаған үлкен қосын Алтайға беттеп, Оспанға келіп қосылады. Одан басқа Самар­қан, Көшербай секілді ел басшылары бастаған екі мыңнан аса үй көтеріліске қосылды. Сөй­тіп, көтерілісшілер 3 мың үй, 2 мың құралды жасағы бар ай­бын­ды қосынға айналды. Екі жақтың текетіресімен бір ай жалғасқан соғыста Шың Шы Сай ойсырай жеңілді.

 

Көтеріліс шындығы

Шың Шы Сай көтерілісші­лер­ді күшпен жеңе алмағандықтан «Қандай шарт қойса да мақұлдап, қолындағы қаруын жинап ала­йын» деген оймен тұтқындағы ел беделділерін ортаға салады. Бұл бітімге Есімхан мен Ырысқан баратын болды. Бірақ Оспан мылтық тапсыруға қарсы болды. Өйткені ол Шың Шы Сайдың жос­парын жақсы білді. Содан ол ба­тырлардың басын қосып, жиын­да егер мылтық тапсыруға ке­­ліссе, ақырын сытылып шы­ғып, өз әскерімен Құбының құ­мы­на кіріп кетіп, халықтың азат­тық жолында күресетінін уәделес­кен еді.

Кездесуден кейін екі жақ бітім­ге келіп, көтеріліске қатыс­қан­дардың қуғындалмайтыны, түрмеге жабылатын елбасшылар қайтарылатыны, аудан мен ай­мақ­­қа басшыларды жергілікті ха­­лықтан сайлайтыны, қару-жа­рақ­тың барлығы үкіметке тап­сыралатыны, салықты жеңіл­де­тіп, жәрдемақы берілетіні жайын­да келісімге қол қойылған. Бірақ Оспан батыр «Кеудемде жаным барда, қолымда қаруым барда, Шың Шы Сайға бағынбаймын» деп Қамал, Қапас, Сүлеймен секілді батырлармен бірге 20 шақ­ты үймен Құбының құмына кіріп кетеді. Ол жерде бекерден бекер жатпай, Қазан құм Қаноба, Жыра деген жерлерге бекініс сал­ды­рып, күзет қойып, адам­дар­ды кезекпен ел ішіне жасырын жіберіп, Шың Шы Сайдың әрекетін біліп отыр­ған. Оған қоса, жау шабуылы бо­­латынын біліп, соғысқа дайын отыр­ды. Соғыс кезінде азықтың бол­май қалуын ойластырып, Го­мин­­даңның Үрімшіден Алтайға жі­берген құрал-жабдық, азық-тү­лік керуенін тонады. Жауын­гер­лерін соғыс тактикаларымен та­ныстырып, барынша тәрбиеле­ді.

Бұл – Оспан батырдың көре­ген­дігі. Шынымен де, Шың Шы Сай тоқтам жасасқанымен, көп нәр­сесі ескерусіз қалды. 1941 жы­лы бұйрық шығарып, халықтың қо­лындағы қаруды жинап алды. Бұнымен тоқтамай, «Алтайдан алтын қазақтын геология отряды» деген желеумен Шіңгіл мен Көк­то­ғайға 200-300 қарулы әскерін орналастырған. Сондықтан сол жылдың маусым айында екінші көтеріліс басталып кетеді. Бұған Көк­тоғай жері түгелімен қаты­са­ды. Сол кездерде Шың Шы Сай татуласу ымыраны ретінде көте­ріс­шілерге үш рет өкіл жібереді. Бірақ өзі соған қарап жатпастан Гоминдаңның 4 мың жаяу әскері, 7 ұшағы күніне 4-5 реттен оқты жаудыратын. Бастап­қы­да көтеріс­ші­лер жер жағдайын қолайлы пай­да­ланып, қару-жарақ пен кө­лік­ті олжалап, жеңген. Дегенмен қарудың жетіспеушілігі мен адам саны­ның аздығы кері әсерін ти­гіз­ді. Сөйтіп, олар жеңіле бастай­ды. Себебі, көтерісшілердің бетке ұстар азаматтары қаза болса, енді бір тобын алдап түсіріп, түрмеге түсіреді. Міне, екінші көтеріліс осы­лай аяқталды.

Оспанның өлімі

Сонда Гоминдаң Оспанды бір ай бойы іздеп, таба алмады. Тіпті «Ос­панды ұстап бергендерге ақ­ша­­­лай сыйлық беріледі» деп жа­­рия салды. 1943 жылы Шың Шы­ Сай үкіметі Оспанмен соғы­са­ды. Әскердің тең жарымын жойып, қару-жарағын басып қалған ба­тыр­дың қатарына тағы да адамдар қосы­лады. Оспанды жеңе алмай­ты­нын аңғарған Кеңес Одағы батырға үміттеніп, Шың Шы Сай­ға айдап салу әрекетін қол­дан­ды. Сөйтіп, көтерісшілер­мен жақындасу, көмектесу жұмыс­та­рын Кеңес Одағы Моңғолияға тапсырды. Бастапқыда Оспан батыр Моңғолияны Шың Шы Сайға болысты деп келісімге келмеді. Кейін Шың Шы Сай Кеңеске сүйенбей, Гоминдаңға тізе бүгіп кеткендіктен Моңғо­лия­мен қарым-қатынас үзілген екен. Содан Оспан Моңғолияға соғыс ашпайтын, материалдық көмек алатын Моңғол шекара­сы­на қоныстанып, Гоминдаң әске­ріне қарсы күресін жалғастыра­тын болып келісімге келеді. Ос­пан батыр сол жақта «Халық­тың Шың Шы Сай үкіметіне қарсы ұйымын» құрып, комитет тора­ға­сы болды. 1943 жылы шілденің 22 күні Бұлғында жасалған жиын­да Оспан батыр ақ кигізге шығып, Алтай қазақтарының соңғы ханы деп жарияланды.

1944 жылы Әлихан төренің жетек­шілігінде құрылған Шығыс Тү­р­кістан Ислам Республикасы­ның Алтай әкімі болып Оспан батыр сайланды. Сөйтіп, ұйғыр–қа­зақ ұлттық мемлекетінің іргета­сы қаланды. Бірақ бұл жағдай Кеңес Одағының мүддесіне қай­шы еді. Сондықтан Сталин қазақ күштері арасына іріткі сал­ды да, Кеңес Одағын жақтау­шы­лар «Үш аймақшылдар» аталды.

Үш аймақшылдардан ат құй­ры­ғын кесіскен Оспан Батыр 1946 жылы Бәйтікке барып орна­ла­сып, онда Моңғол әскер­лері­мен шайқасты. Бұл шайқастар кейде табысты, кейде табыссыз болды. Бірақ бұл жағдай Монғо­лия мен Кеңес Одағын мазасыз­дан­дырды. 1947 жылы Кеңес Ода­ғының қолдауында 4-5 айыр­план және 500 әскер Оспанға ша­буыл жасады. Бұған Қытай ресми түрде наразылық білдірді. Бұл мәселе халықаралық дауға айналып, сол жылы Оспан батыр әлем назарын өзіне аударған еді.

1951 жылы Қайыз деген жерде Қытай күштерінің қолына түсіп, Үрім­жіге жөнелтілді. Оспан ба­тыр Шыңжаң өлкелік сотының «төңкерісші», «банды» деген үкімі бойынша елу мың адамның ал­дын­да өлім жазасына кесіліп, атылған.

Ерлікке толы ғұмыр

Оспан батыр атылған соң, оның ұлдары Шердиман, Ниғы­ме­толла және Нәби күресті жал­ғас­тыруға күш жұмсады. Алайда сан жағынан әлдеқайда күшті жауға қарсы тұрулары мүмкін болмады. Сол себептен Шерди­ман Оспанұлы 1952 жылы үкімет­ке бағынғануға мәжбүр болды. Дегенмен бағыну шарты ретінде әкесі Оспан батырдың сүйегін қайтарып алды да, батырдың мүрдесін Көктоғайындағы туған жеріне апарып жерледі.

Сонымен қорыта айтар бол­сақ, батырдың өмірі және ұлт-азат­тық күресі жүздеген мақала мен ондаған кітапқа арқау болған. Оспан батыр жайында тек қазақ зерттеушілері емес, шетелдік ғалымдар да зерттеуде. Батырдың күрескерлік даңқы туралы қанша­ма дастан өмірге келді. Ол – ХХ ғасырда әлем назарын аударт­қан ұлы тұлғалардың бірі. Оның ерлік күресі мен алға қойған мақсатын ту­ған халқы ешқашан ұмыт­пақ емес. Оспан – иісі қазақ­тың ба­ты­ры. Оспан – түркі дүние­сін­дегі ең ұлы қайраткерлер­дің бірі. Жалпы, Қазақстанда ұлт-азаттық күресі, идеясы — 1932 жылғы аш­тық­тан кейін, 1937-38 жылдар­да­ғы қуғын-сүргін, ату мен асудан кейін тоқырады. Содан кейін, бас көтеретін бірде-бір партия не ұйым болған жоқ. Ал сол кезде ұлт-азаттық күресі­нің және ұлт­тық идеяның эпи­центрі Қа­зақ­стан­нан Шыңжаңға ауды. Идея өлген жоқ, Шыңжаңға қо­ныс ау­дар­ды деуге болады. Оның әр­түрлі себебі бар. Бірін­ші­ден, 1930 жыл­дары қуғын-сүр­гін көр­ген алаш қайраткерлері Шың­жаң­ға барып, паналады. Алтай, Тарбаға­тай, Құлжа сынды үш ай­маққа барды. Сабақ берді. Қол­дарына бір-бір шам ұстап барған алаш қайраткерлері, сол жақтың сана­сы­ның оянуына түрткі бол­ды. Екін­шіден, ол жақ­тың тез қоз­ға­лып кетуіне рақым­сыздық таны­тып, батыр­лар­ды, бас көте­ре­­тін адам­дарды түрмеге қамап, тұн­шық­тырып өлтіруі, халыққа сен­бей, қаруды жинап алуы секіл­ді іс-әрекеттер себеп болды. Алдың­ғы толқын шейіт болып кетті, алдауға түсті. Алдау­ды, қырғынды көріп отырған ха­лық­тың екінші толқыны көте­ріл­ді. Оспан сол екін­ші толқын­ның басшысы бол­ды. Алтайдағы ұлт-азаттық көте­рі­лістің көсеміне айналды. Ол бар ғұмырын қазақ халқының ұлт- азат­тық жолын­да­ғы қозғалысына арнады. Ол тек төң­керісші емес, өз алдына ба­ғыт-бағдары қалып­тас­­қан саяси қай­рат­кер, әскери қолбасшы болып танылды.