Жалғасы табылған роман

Газет мақаласы "Айқын" газеті №157

The Guardian әлемдегі ең көне романның жалғасы табыл­ғанын жазды. Романның жал­ғасы Жапониядағы феодал отба­­сының ескі сандығынан шық­қан. Бұл «Гэндзи жайлы ер­те­гінің» бесінші бөлімі екені анық­талды.

Жалғасы табылған роман

«Гэндзи жайлы ертегіде» импера­тор баласының қиын да қызықты тағ­­дыры бейнеленген. Шығарма ХІ ға­сыр басындағы Хэйан дәуірінде жазылған. Романның авторы кім екені нақты емес. Бірақ көпшілігі Мурасаки Сикибу есімді ханым болуы мүмкін дейді. Түпнұс­қасы сақ­тал­маған. Романның ең танымал нұс­қасын Тэйк есімді ақын жазып қал­­дырған.

Мурасаки Сикибу жазған «Гэндзи жайлы ертегі» – Хэйан әдебиеттің шыңы. Шығармадағы ерекшелік – адамдардың жеке өмірі туралы, оның эстетикалық мәнін ашып көрсету. Гэндзи жыры сезім, махаббат, отбасы мен өмірдің үйлесімін танытады. Мурасаки психологиялық парал­лелизмді шебер суреттейді. Адамның жан толқынысы мен табиғат тылсы­мын қатар береді.

«Жалпы, романның 54 бөлімі бар. Осыған дейін төрт бөлімі көшірме нұсқа санатында еді. Жаңа табылған бөлік бесінші бөлімі екені дәлелденді. Мұнда Гэндзи Мурасаки есімді қыз кездес­кенін, отбасын құрғаны баян­далады. Бұл бөлікті де Тэйки жазып қал­дырғаны анықталған. Әлем әде­биеті үшін құнды дүние. Мәтінді тереңі­рек зерттеу үшін ғалымдар барын салып жатыр, – дейді Киото уни­верситетінің профессоры Джанко Ямамото.

Джанко Ямамотоның айтуынша, бесінші бөлім басқаларына қарағанда ертерек жазылған. Сондай-ақ бесінші тараудағы мәліметтер кейінгі қолжаз­баларға негізделгенін түсіндірді.

Бұдан бөлек Хэйан дәуірінде әйелдер қауымы қоғамдық іске қатыс­пады. Олар өлең жазумен, поэзиямен айналысқан. Тарихшылар ерлер мен әйелдердің әдеби сурет­теуіне талдама жасаған. Нәтижесінде, жапон поэзия­сындағы ерекше эсте­ти­­ка­лық талғам­ның қалыптасу тұсын анықтаған. X ғасыр­дың аяғы мен XI ғасырдың басы жапон прозасының даму кезеңін көр­сетеді. Мұндағы ерекшелік – әйелдердің поэзияның қозғаушы күшіне айнал­ғаны. Кезінде ерлер әйелдің лақап атымен өлеңдерін жариялаған. Тіпті «Тоса никкидің» авторы Ки-но Цураюкиге әйел есімі­мен өлең жазуына тура келген.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ