Вальс короліне құрмет

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 172

Алматыда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш Республика сарайының маңындағы саябақта орнатылды.

Вальс короліне құрмет

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне композитордың жары Жәмила Қалдаяқова, әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен Роза Рымбаева, ақын Мұхтар Шаханов қатысты. Замандастары компози­тор жайлы естеліктер айтты.

Ескерткіштің биіктігі – 1,5 метр, ұзындығы – 2,8 метр. Оны бес мүсінші қоладан жасаған. Мү­сін­шілердің бірі Қанат Бегулиев­тің айтуынша, ескерткішті компози­тор­дың жан-жақты қырын аша­тын­дай етіп, жобасын ұзақ ойлан­ған. «Композициясында Қалдая­қов­тың орындықта шығар­ма­шы­лық ой үстінде отырған сәтін бейнеледік. Саябақта адамдар көп. Сол себепті ескерткішті төмен тұ­ғыр­ға қойдық. Тұғыры граниттен жа­салған. Халықтың суретке тү­суіне, жақынырақ көруіне ыңғайлы болсын дедік. Ескерткішті жасау кезінде көзкөргендерден мәлімет жинадық. Ол туралы деректі фильм­дерді көрдік. Шәмші Қал­дая­қовтың ұлы бізге ақыл-кеңесін айтты», – деді Қанат Бегулиев.

Қазақ вальсінің королі, көр­нек­ті композитор, қазақ эстра­да­сының негізін қалау­шы­лар­дың бірі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Шәуілдір ауылында дүниеге кел­ген. Шәм­ші әндері елдің, ұлт­тың жа­дын­­да мәңгіге сақталып қалды. Де­­ректерге сүйенсек, ол 300-ге жуық ән жазған. 2006 жылы «Менің Қа­зақстаным» әні Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының әнұранына айнал­ды. Ерекше талант иесі 1992 жылы 29 ақпанда Алматыда қайтыс болған.

 

М.БАҚЫТ