Жалғасын тапқан ертегі

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 172

Б.Момышұлының бас-аяғы 30-ға жуық шығармасы бар. Балалар әде­биетін жақсы көре­тіндер батыр еңбегімен жіті та­ныс. Жазушының аяқталмай қал­ған «Қара жұлдыз» ертегісі бар екенін жұрт біледі. Ертегіні аудармашы Юрий Серебрянский аяқтап шықты.

Жалғасын тапқан ертегі

«Қара жұлдыз» – айрықша туынды. Б.Момышұлы ертегіні жол ортасына жеткізгенімен, аяқтай алмады. Кейіпкер­лері мен сюжеті қанық болса да, шығар­ма­ның мән-мағынасы толық ашылмады. Кітапты Ресейдің «Русские Премии» сый­лығының екі рет лауреаты атанған Юрий Серебрянский толықтырды. Қыр­кү­йек айында түрлі иллюстрациялық су­рет­­термен қазақ, орыс тілінде жарық көр­ді.

Серебрянский шығарманы жалғас­тырмас бұрын жазушы шығармашы­лы­ғымен толық танысып шыққан. 1 жыл бойы Баукеңнің 20-ға жуық туындысын оқып, әдеби машығын меңгерген. Бас­ты­сы, баяндау стилін сақтауға барын салған. Ақыры өзіне тән заманауи әдеби теңеулерді қосып роман-ертегінің шарық­тау шегіне жет­кен.

Ертегі қара жұлдызға ұқсайтын меңі бар ханзада жайлы. Ілім мен білім іздеп, ағарту жолын таңдайтын баланың саяхаты суреттеледі. Жанына ең сенімді серіктерін ерткен ханзаданың қилы қызыққа толы сапары баяндалды. Бір әлем мен екінші әлемнің арасын жалғай жүріп, өзіне кере­гін алады. Үйренеді, тәжірибе жинайды. Түрлі кедергіден өтеді. Әр қиындық кейіпкерді жетілдіре түседі. Осынысымен де роман-ертегі көрерменін баурайды. Бауыр­жан Момышұлы қол­данған кейіптеу мен әсірелеу шығармаға өң беріп, ме­та­фора ертегіні айқындай түседі.

Қазақ әдебиетінің негізі балалар әдебиетімен тамырлас. Өйткені ұлттың ертеңі – жасөспірімдер. Олардың қиял қана­тына мініп, ойлау қабілетін шыңда­ғаны ұлтқа пайда. Осындай ертегілер тех­но­логияны тізгіндеп, Күн мен Жерді жа­қын­дататындарды тәрбиелейді. «Қара жұл­дыз» – қазіргі әдебиетке керек ертегі-роман.

Кітаптың тұсаукесері 7 қараша күні Алматы қаласында өтті. Енді кішкентай оқыр­мандар ханзада «Қара жұлдызбен» та­нысады. Юрий Серебрянский жазу бары­сында түрлі түс көріп, ой үстінде жүр­генін айтқан. Демек, кітап сюжеті арқылы оқырма­нын «өз ғаламшарына» апарып қайтады.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ