Домбырашы робот құрастырды

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 173

Семейдегі физика-математика ба­­ғытындағы Назарбаев Зияткерлік мек­тебінің оқушылары Мирас Мұ­рат­­­­қанов пен Нұрбол Мақтаев дом­­бы­­­рада ойнайтын робот құрас­тыр­­­ды. Ин­фор­ма­тика пәнінің мұ­­ға­лі­мі Ба­қыт­бек Орын­баевтың же­тек­­шілігімен жасалған туындыны өнер­тапқыштар Абайдың 175 жыл­ды­ғы­на арнады.

Домбырашы  робот құрастырды

– Роботқа домбырамен күй тарттыру идея­сы біраз уақыт ойда жүрді. Қолға ал­ған жобаны толық жүзеге асыруға толық 1 ай уақыт жұмсадық. Алдымен роботты құ­рас­тырып, содан соң олардың пернені басу, ішекті қағу сияқты әрбір бөліктерін жеке-жеке жасадық, – дейді Зияткерлік мек­теп мұғалімі, жоба жетекшісі Бақытбек Нұрлыбекұлы.

Күйші роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұған дейін осыған ұқсас робот жасалған. Ол тек бір күйді орындайды екен. Ал жаңа робот домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алу артықшылығына ие. Егер күйді орындауда қателіктер кезіксе, онда про­пор­цио­налды дифференциалдаушы реттегіш арқылы есептеп, реттеуге болады.

Робот күйді компьютерге енгізілген нота­лар арқылы орындайды. Құрастырушылар күй­дің орындалу жылдамдығын да қа­ла­уын­­ша өзгерте алады. Өнертапқыштар туындыларының кез келген шығарманы нота арқылы орындайтынын айтып отыр.

Тақырып бойынша материалдар