«Жыл таңдауы» мәресіне жетті

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 185

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр­ған «Жыл таңдауы» ұлттық му­зыкалық байқауы мәре­сіне жетті. Кейінгі жыл­да­ры дәстүрге айналған бай­­қаудың биылғы жүлде­гер­­лері анықталды. Өнер­­паз­дарды арнайы құт­тық­­­тай келген Nur Otan пар­­­тиясы Төрағасының Бі­рінші орынбасары Бауыр­жан Байбек байқауға қаты­су­шыларға сәттілік тіледі.      

«Жыл таңдауы» мәресіне жетті

– Құрметті жастар, алма­ты­лық­тар және қала қонақтары! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын. Осындай айтулы мереке «Жыл таңдауы» кешімен тұспа-тұс келіп отыр екен. Бұл күн – бар­­ша қазақстандықтар үшін үлкен мереке! Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдар аралығында салиқа­лы саясатын жүргізді. Сол ке­зең­дерде қаншама ғимарат, мек­теп, жолдар салынды. «Жыл таңдауы – 2019» Ұлттық музы­­калық байқауы өткізіліп жат­­қан «Алматы Арена» мұз са­­райы да санаулы жылдар бұрын Елбасының тапсырмасы бойынша бой көтерген болатын. Қазіргі кезде Алматыда өтетін мә­дени және спорттық ша­ра­­лардың көбі осы жерде ұйым­дастырылып келеді. Ел бола­ша­ғының кілті – жастардың қолын­да. Біз талантты, өнерлі жастарды қашанда қолдауға дайынбыз. Олардың жолына үмітпен қараймыз, әр жетістігіне қуанамыз. Жуырда танымал әнші Ерке Есмахан шоу-бизнесте үлкен рекордтық деңгейге жетті. Оның «Қайда?» әнін Youtube-тан 100 миллионға жуық адам қараған. Ерке Есмаханды айтулы жеңісімен құттықтаймын! – деді Бауыржан Байбек.


WhatsApp Image 2019-12-03 at 09.46.09.jpeg

Таңдаулы, сұранысқа ие әншілер бой көрсететін байқауға қатысушы өнерпаздардың саны көп болды. Байқаудың басты шарттарының бірі – әншілердің репертуарында елдің жүрегін жаулап алған танымал, бүгінгінің тілімен айтқанда «хит» әндері болуы керек. «Жыл таңдауы» бай­қауының бас продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, байқаудан үміткерлер, негізінен тек қана хит әндердің орын­дау­­шылары екен. Сондықтан ол сайыс алдында «Хит әні жоқ әншілер бұл жарысқа қатыс­пайды» деген болатын.

«Жыл таңдауы – 2019» ұлттық музыкалық байқауында 34 мүсінше үздіктерге табысталды. Олардың арасында «Сәукеле», «Симпа» атты туындылары үздік әндердің ішінде дара шыққан Raim мен Artur бар. Кеште Ерке Есмахан да қос бірдей жүлдеге ие болды. Байқаудан Ninety One тобы да олжалы қайтты.


WhatsApp Image 2019-12-03 at 09.46.10.jpeg

Аталған жобада Арман Қоңыр­баев пен Аша Матай отба­сы­лық дуэті үздіктер арасында топ жарды. «Алматы Арена» мұз са­райына жиналған тыңдарманға «Ау, жаным» атты туындысын ұсын­­ған жұп атаулы мүсіншеге ие болды.

Айта кетейік, Арман мен Аша бұл жобаға қатарынан төр­тінші мәрте қатысып отыр. Айқын Төлепберген де «Жүрегім ақ» әнімен үздіктердің тізіміне ілінді. Ал отандық эстрадада өзі­нің еңбекқорлығымен көзге түскен Кәмшат Жолдыбаева «Жыл Таңдауы – 2019» ұлттық музыкалық жүлдесінің иегері атанды. Ол Caramel және «Ба­сым кетті» әндерінің миксын тың­дарманға ұсынып, «Жыл таңдауы» байқауының атаулы мү­сіншесімен марапатталды. Эс­трада жұлдызы биылдың өзін­де өз репертуарына бірнеше жаңа ән қосқан. Тіпті, аталмыш туын­ды­ларына бейнебаян түсіріп те үлгерген. Соның бірі Eх-Eх-тің бей­небаяны, бір тәулік ішінде 100 мыңнан астам қаралым жи­нап үлгеріпті.

Биылғы байқауда 44 отан­­дық әнші бақ сынады. «Пере­заг­рузка» ұраны бойынша бір­­не­ше жас әнші қатысты. Му­­зы­калық байқаудың бас про­­дю­сері Жан Мұқанов бұл шара «Жас­тар жылы» аясында жас ұр­пақты, жас артистерді, му­зы­каның жаңа бағытындағы ән­шілерді қолдау мақсатында ұйым­дастырылғанын айтты.

Биылғы үздіктер қатарында қазақстандық белгілі продюсер Алуа Қонарова да болды. Ол «Бұл марапатты күтпеп едім. «Жыл таңдауы» байқауының ұйымдастырушыларына алғы­­сымды айтқым келеді. Музы­ка­лық байқаудың деңгейі жыл­дан жылға көтеріліп келеді. Бұл марапат біздің алдағы жұмыс­та­ры­мызға дем береді» деп ағынан жарылды Алуа Қонарова.

Қорыта айтқанда, Алатау баурайында Алматы қаласы әкім­дігі мен Nur Otan партия­сының ұйымдастыруымен өткен «Жыл таңдауы» байқауы өз мә­ре­сіне жетті. Үздіктер анық­та­­лып, сый-сияпатқа кенел­ді. «Келер жылы байқауға қаты­са­тын үміткерлер саны одан да арта тү­седі» дейді іс-шараны ұйым­дас­ты­рушылар.