Бас жүлде – 1 миллион теңге

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бас жүлде – 1 миллион теңге
Фото: Интернеттен алынды

Байқауға БАҚ-та мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолдану аясын арттыру туралы материалдар жариялаған журналистер қатысады.

Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы».

Конкурстың бас жүлдесі – 1000000 (1 миллион) теңге. 1 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 500 000 теңге. 2 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 350000 теңге. 3 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 150000 теңге.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп  https://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/obyavleniya/  танысуға болады.