Ержан Мақсым Мәскеуге кетпекші

Ресей композиторы Игорь Крутой Ержан Мақсымды өз академиясына шақырды. Енді жас әнші күзден бастап сол жақта оқитын болды.

Ержан Мақсым Мәскеуге кетпекші

 Бұл жайында жас әнші Instagram-дағы парақшасында жазған. «Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой. Ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Қуана келістім. Енді, достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол» деп жақсы жаңалығымен бөліскен.

Сондай-ақ оқыңыз

Кеше Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен жас  әнші кездескен еді. Сол кездесуде әншінің шығармашылық жоспары талқыланған.


erzhan-maksim-.jpg