Абай – дана, Абай – дара

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 4

Абайдың 175 жылдығына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Дана Абай, Дара Абай» көрмесі ашылды. Онда музей қорынан 30-дан астам  графикалық және бейнелеу жұмыс­та­ры қойылды.

Абай – дана, Абай – дара

Бұл көрме Абайдың порт­рет­тері мен шығармашы­лығына ар­налады. Негізгі экспонат – ақын­ның портреті. Оны сал­ған – Төлеуғали Кеңесбаев. Вениа­мин Шамшиннің «Абай сөздері» атты туындысы бар. Мұражай басшысы Бибігүл Құдабаеваның айтуынша, музей бұл жылын осы көрмемен ашып отырғаны кездейсоқ емес.

– Абайдың 175 жылдығы – биыл­ғы маңызды шараның бірі. Сондықтан бізде жыл бойы осы тақырыпта музей сабақ­тары өтетін болады. Бұған бала­бақ­шалар, мектептер, колледж­дер мен университеттер қатыса алады, – деді ол.

Бұл сабақтың бағдарламасы жаңа білім беру технологиясын қолдана отырып жасалған. «Бұрын дәрісті біз оқысақ, бұл жолы студенттер өздері оқитын болады. Өзара топқа бөлініп, өздері зерттеу жүргізеді. Сөйтіп, сабақ екі тілде жүргізіледі» дейді Назерке Жартын. Көрменің ашы­луы шағын концерт түрінде өтті. Оқушылар Абайдың өлең­дерін оқып, әндерін шырқа­ды.

– Биыл бүкіл республика бо­йынша біз ұлы ақын, фило­­соф, ойшыл Абайдың 175 жыл­­­дығы аталмақшы. Мекте­бі­­міздің өзінде көптеген шара өткізу жоспарланған. Мы­са­лы, Ерсін Серік анасы Әсем Шакеновамен бірге Абай­дың портретімен қабырға газе­тін шы­ғарып, байқаудың бас жүл­де­сін алды. Бәрін үлгі ретінде мұражайға қойды, – деді Абай гимназиясының бастауыш сы­нып мұғалімі Ансаған Ақжан­­қызы.

Көрме 20 қаңтарға дейін жалға­сады.