Шәкен Аймановқа ескерткіш ашылды

Алматыда аты аңызға айналған атақты кинорежиссер Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылды.

Шәкен Аймановқа ескерткіш ашылды

Бұл  – «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды сүбелі туындыларды дүниеге әкелген санқырлы талантқа көрсетілген құрмет.  

Мүсіннің Алматы қонақүйінің алдына орнатылуы – «Тақиялы періште» фильмінің негізгі кадрлары осы жерде түсірілген. Енді кейінгі ұрпақ дара тұлғаны еске алып, оның мүсінінің жанында суретке түсе алады. Мүсіннің авторы – Нұрлан Далбай.

– Планетарный адам болса нағыз – бұл Шәкең. Москвада бірінші бүкіләлемдік кинофестивальде би обьявит етті жүргізуші. Вуги-вугидің жаңа шыққан кезі еді. Соны Элизабет Тейлормен билеп, бірінші орын алғанына куәгермін Шәкеңнің, – деді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Асанәлі Әшімов. Одан басқа да ескерткіштің ашылуына жиналған өнер майталмандары Шәкен Айманов жайлы естеліктерімен бөлісті.