Жүргенов жайлы жылы естеліктер

Газет мақаласы Айқын газеті №76

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші, журналист, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновке арналған «Ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер» атты еске алу кеші өтті.

Жүргенов жайлы жылы естеліктер

Темірбек Жүргенов – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі болды. Ол Қазақстанда бірнеше оқу орынын құрып және оны салдыртқан. Атап айтатын болсақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық техникалық уни­вер­ситеті, Абай атындағы Қазақ мемле­кеттік педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университет бар. Ол сондай-ақ Алматы қаласы бойынша 18 мектеп, ал жалпы, Қазақстан бойынша 400 мектеп салдырған.

Темірбек Қараұлының, шын мәнінде, ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер екені сөзсіз. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау жөнінде айтылған болатын. Іс-шарада Темірбек Жүргеновтің қайраткерлік еңбегі мен елге жасаған қызметіне шығармашылық шолу жасау арқылы кеңінен насихаттау мақсаты толықтай орындалды десе болады.

Еске алу кешіне Мырзатай Жолдас­беков, Төлен Әбдік, Мырзакелді Кемел, Сауытбек Абдрахманов, Әбдіжәлел Бәкір, Камал Әлпейісова, Қуаныш Жиенбай, Бауыржан Иманғалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұртөре Жүсіп және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысып, қайраткер туралы әңгіме қозғалды.