"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық саябағында

7-8 маусымда Алматы қаласындағы «Боралдай» сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді.


"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық саябағында


«Ұлы дала –көшпенділер әлемі» – Халықаралық фестивалі Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету мақсатында ұйымдастырылуда.  Биылғы фестивальдің айырмашылығы, алыптар арасында күш сынасу сайысы өтеді. Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың тобы алыптар шоуын ұсынады. Ал көрермендер арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарды әзірлеу және қолөнер бойынша қызықты шеберлік сабақтары өтеді.


⚜"Ұлы дала-Көшпенділер әлемі" халықаралық этно-мәдени фестивалінде


·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 40 киіз үй, абылайша, ​ қостар тігіліп, алтыбақандар құрылады;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 18 мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар қатысады;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Этно ауылда: Түйе бау, бие бау;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ат ойындары: Бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, асау үйретушілер;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Алыптардың шоу бағдарламалары және ұтыс ойындары;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шеберлер мен ұсталардың қолөнері, ұтыс ойындары;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ Жастар мен балалар аймағында аттракциондар, ұлттық ойындар мен сайыстар;

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Құсбегілер мен саятшылар аймағы: Бүркіт, тазы салу

·​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Көшпенділердің ұмыт қалған таңсық тағамдары


ФЕСТИВАЛЬГЕ КІРУ ТЕГІН


«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағындағы фестиваль аймағына арнайы автобустар сағат 9.00-ден бастап келесі аялдамалардан жүреді:


1. Абай даңғылы - Байтұрсынұлы көш. қиылысы (Сәтбаев пен Абай көшелерінің ортасында);

2. Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 

(Шаляпин к-сі, 22, театр алдында);

3. «Алатау» дәстүрлі-өнер театры (Нұркент шағын ауд., 6 театр алдында);

4. «Алматы - 1» теміржол вокзалы (Автобустар аялдамасынан)

Билет бағасы: 100 тг. WhatsApp: 87016888486

Суреттер интернеттен алынды