Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылығымыз


4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне  орай Түркістан қаласында «Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылығымыз» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылығымыз


Рәміздер алаңында өткен  жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев қатысып, жұртшылықты облыс басшысының атынан құттықтады.  Сондай-ақ, шараға аға буын өкілдері мен қала тұрғындары да қатысты.  
Салтанатты жиында кітап көрмесі өтіп, ақындар мен әншілер отаншылдыққа шақыратын шығармаларын орындалды. Мемлекеттік рәміздердің маңыздығы айтылып, Түркістан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, асқақ рух тарту етті. Мерекелік іс-шарада «Асыл қазына» әжелер ансамблі, «Семсер», «Болашақ» топтары мен «Шабыт» бишілер тобы өнер көрсетті. Сонымен бірге Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. 



Сарбаздар мен «Жас сарбаздар» клубының мүшелері мемлекеттік рәмізді ортаға алып шығып, осы құндылықты құрметтеу жөнінде ұран тастады. 
Рәміздер күніне арналған мерекеге Түркістан қаласындағы білім ұяларының өрендері қатысып, қала жастары флешмоб көрсетті. 
Түркістан төріндегі жиын жасөспірімдер мен жастарды отаншылдыққа, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырады. 

Тельман БЕЙСЕНОВ