Шығыста ақсақалдар форумы өтті

Ырғызбай Досханаұлының туған жерінде өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық фестивалі әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар мен тіл жүйріктерінің басын қосты.

Шығыста ақсақалдар форумы өтті

14 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына келіп, облыс ақсақалдарымен кездесті. Фестиваль аясында үшінші облыстық ақсақалдар форумы өтті. Аймағымыздың барлық аудан мен қалаларынан 50 ақсақал келіп, жастар тәрбиесі мен қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптеу сұрақтарын талқылады.

Фестиваль аясында жеті жыл қатарынан қазақша күрестен Гран-при халықаралық турнирі дәстүрлі түрде өтті. Биыл өз күштерін сынасуға 30 мемлекеттің спортшылары келді.

Бірінші күні балуандар салмақ өлшеуден өтіп, 70, 80 және 80 келіден жоғары салмақта жарысқа түсіп, бақ сынасты.

– Халықаралық Гран-приге бірнеше жыл қатарынан қатысып келеміз. Осы жолы Өзбекстанның 3 чемпионы 70 және 90 келі салмақта еліміздің намысын қорғайды. Бүгін мықтылар анықталады. Барлық қатысушыларға жеңіс тілейміз, – деді Өзбекстан командасының өкілі Шавкат Мирзакулов.

Аймақ басшысы қазақ күресінен спорттық жарыс көшпенділердің халықаралық ойындарына енгізу қажеттілігін атап өтті. 
Айта кетсек, Ақсуат ауылында қазақ күресінен әлемнің 90 спортшысы үлкен додаға түседі. Алғаш рет жарысқа Италияның спортшылары қатысады.