Бар жақсылық – балаларға!

Газет мақаласы "Айқын" газеті №105

«Бала және мәдениет» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында балалар үшін «Туған күніңмен, Елорда!» балалар мерекесі өтті.

Бар жақсылық – балаларға!

Елорда күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыру игі дәс­түр­ге айналған. Кітапхана мен Нұр-Сұлтан қалалық Білім бас­қар­­масына қарасты мектепке де­йінгі білім беру ұйымдары бір­ле­сіп ұйымдастырады. 

Биыл мерекелік іс-шараны №35 «Ертегі», №72 «Жанарым» балабақшалары бірлесіп өткізді. Балалар өлең оқып, ән айтып, би биледі. Самұрық туралы аңыз ертегі көрерменнің қолдауына ие болды. 

– Елорда күні – біздің Айме­рей үшін оның шығармашылы­ғы­ның бастауы. Көпшіліктің ал­дын­да өнер көрсетуге жарты жыл бойы дайындалды. Елорда күні – сүйкімді мереке», – деді көрер­мен Мәдина Мұсатаева. 

Іс-шараға қатысқандарды құттықтаған Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының канидаты Ботагөз Қайыпова жаңа буынды тәрбиелеуде балалар мерекелері­нің маңызын атап өтті.

– Біз балақайлардың сахнада­ғы өнеріне тәнті болдық. Отан, астана туралы өлеңдерін оқыды. Оларға қарап, елімізде қуатты да дарынды, келешегі мол жастар өсіп келе жатқанын жақсы сезін­дік. Елорда күнімен құттықтай­мын! – деді Ботагөз Қайыпова.

№35 «Ертегі», №72 «Жана­рым» балабақшаларының тәрбие­ші­лері мен әдіскерлеріне Елбасы кітапханасының директоры Әмір­хан Рахымжановтың атынан алғыс­хат табысталды. Балаларға елорда күніне орай сыйлықтар үлестірілді.