Балалар фестивалі басталды

10-14 шілде аралығында Ақтөбе қаласында Baqytty bala ІІ ашық балалар вокальдық фестивалі өтеді. Халықаралық шараға әлемнің 9 елінен келген жас дарынды балалара вокалдық әлеуетін көрсете алады.

Балалар фестивалі басталды

Әлемнің 9 елінің жас таланттары Ақтөбе қаласында өтетін «Baqytty bala» балалар вокалдық фестиваліне қатысады. Байқауда қазылар алқасының оң бағасын алған Топ-20 үміткер қонақтардың алдына тағы да өнерін көрсетіп, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған ауқымды бәсекенің жүлделі орындарға күреседі.

Baqytty bala фестивалінің бірінші маусымы жұртшылықтың назарын аударып қана қойған жоқ, ол елімізге Ержан Максим мен Наргиз Жанұзақ секілді вокалды жас жұлдыздарды көрсетті. Әрине, бұл іс-шараның мәртебесін арттыра түсті. 

Әлемнің Украина, Ресей, Белорусь, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Греция, Канада, Молдовадан 500-ден астам өтінім қабылданды. Фестивальдің ақтық сынына  8 елден келген 20 үміткер жіберіледі. Baqytty bala фестивальдің режиссері Анна Обоянская конкурстық өтінімдер сапасының әдеттегіден жақсарғанын және орындаушылардың вокалдық деңгейінің өскенін айтты. Олардың арасында халықаралық деңгейде өзін көрсетіп үлгерген жеткіншектер де бар екен. Алайда Аннаның сөзіне қарағанда, іріктеу кезінінің негізгі талаптарына сай қатысушылар ерекше вокалдық және артистік қабілеттерін көрсетуі тиіс. Сондықтан кәсіби орындаушылармен бірге топ-20-ға әлемге әлі танылмаған, бірақ дауысы керемет вокалдық әлеуетке ие, шалғай өңірлерден келген дарындар да таңдалған.

Қазылар алқасының құрамына елімізден Димаш Құдайбергеннің саунд-продюсері және музыка көркемдеуші Ерлан Бекчурин, танымал композитор әрі орындаушы Ұлықпан Жолдас және Димаштың ұстазы, оның бірегей талантын әлемге танытқан, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Марат Әйтімов шақырылды. Алдағы конкурста қазылар алқасының мүшелері шетелдік белгілі орындаушылар мен шоу индустриясының құрметті де кәсіпқой мамандары таңдалған еді.


Айта кетерлігі, былтыр ақтөбелік 4 бала таңдаулы 20 дарынның қатарына еніп, олардың біреуі 1, 2, 3-дәрежелі, қалған үшеуі Гран при жүлдегері атанған. Іс-шараны жоғары деңгейде және жан-жақты ұйымдастырғанның арқасында трансфер, тамақтану мен қауіпсіздік шараларын қоса алғанда, конкурс қонақтары мен қатысушыларының ыңғайына барлық жағдай жасалған. 

«Ақтық концерттің билеттерін сатудан түскен қаражаттың бәрі қалалық мәдениет үйі балалар ұжымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалады», - деді Ақтөбе әкімінің орынбасары Айгүл Аманқазықызы.

Еске сала кетейік, «Baqytty bala» фестивалі Димаш Құдайбергеннің және оның «ДимашАли» продюсерлік орталығының жетекшілік етуімен ұйымдастырылуда. Әлем тыңдармандарының жұлдызы байқаудың барлық кезеңіне  өзі қатысады.