Ақсуатта балалар театры бар

Газет мақаласы "Айқын" газеті №119

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында балалар театры жұмыс істей бастады. «Тамшы» балалар театры жас актер, режиссер Бейбіт Құсанбаевтың бастамасымен ашылды.

Ақсуатта балалар театры бар

Бұл – ауылда құрылған алғашқы театр. Балалар театрын ашу идеясы осыдан 7-8 ай бұ­рын пайда болған. Бастапқы кезде шығарма­шылық үйірме ретінде жұмыс істей бастаған. Ауыл жасөспірімдері өнерге көптеп тартыла бастаған соң, үйірмені кеңейту туралы шешім қабыл­данады. Қазір театрда 60-қа жуық дарынды бала өнер көрсетеді. Олар көптеген байқауларға қатысып, жеңіспен де оралып жатыр. Одан бөлек, қайырымдылық концерт­терін жиі ұйымдастырып тұрады.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ