«Батыр қоянның» хикаясы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №123

Бала кезімізде Диснейдің бар ханшайымын бір картинадан көргіміз келетін. Дегеніміз «Ральф интернетке қарсы» мультфильмінде орындалды. Сіз қазақ ертегі кейіпкерлерінің бір арнада тоғысқанын қалайсыз ба? Онда Мейіржан Жылқыбай атты балалар жазушысының шығармашылығын бақылауда ұстаңыз.

«Батыр қоянның» хикаясы

Мейіржан Жылқыбай – IT маманы. Оны әдебиетке әкелген – құштарлық. 7-сынып оқу­шы­­сы ауруханада Алан Милн шы­ғар­масын қызыға оқымаған­да, «Тауға саяхат» дейтін әсерлі туынды өмірге келер ме еді?

Жазушының фишкасы – еркіндік. Жазу стиліндегі еркін­дік, ой еркіндігі, қиялдау. Жа­қын­да тұсаукесері өткен «Батыр қоян» ертегісі – осының дәлелі. Ертегі қазақ, орыс, корей және ағыл­шын тілінде Оңтүстік Корея­ның Азия мәдениет орта­лы­ғы қолдауымен жарық көрді. Кітаптың суретін Нам Соң Хун салған. Атақты суретші ертегі­де­гі эмоцияны беруге барын салыпты. Иллюстрация сурет­ші­­нің балаға деген сыйы екенін, басты­сы зер сала жұмыс істеу керегін айтты. Қызығы, Оңтүс­тік Кореяда балаларға арналған кітаптың сурет бояуы қанық болмайды екен. Себебі, қанық түс эпилепсия ауруын тудыруы мүмкін. «Батыр қоян» кітабында да солғын түс пайдаланылған. Нам Соң Хун кітап иллюстра­циясы үшін арнайы Қазақстанға келіп, зерттеу жүргізген. Түлкі, қоян, тиынды климат ерекше­лігіне қарап салуға тырысқан.

«Батыр қоян» ішкі сенімнің кү­шін көрсеткен туынды. Бала­лар шығарма арқылы шектелу дейтін ұғымды ысырып қояды. Қазіргі қоғамда белгілі бір шең­бер жоғын көрсетеді. Түлкі қу, қас­­қыр күшті, қоян қорқақ еке­­ні белгілі. Алайда өзіне се­нім­­ді қоян батыл бола алатыны ертегіде суреттелген. Байқаса­ңыз, ішкі менді тәрбие­леу ма­ңызды. Ал бала бойына сіңіру осын­дай хикаяларды оқудан басталады.

«Тауға саяхат» кітабын шы­ғару – Мейіржан Жылқыбайдың бала күнгі арманы. «Батыр қоян­мен» бірге бала арман да орындалды. «Тауға саяхат» кішкентай оқырманына жол тартты. Кітап иллюстрациясын Айсұлу Алмасбаева жасаған. Кейіпкерлермен етене танысқа­ны бейнелеудің әр деталінен байқалып тұр. Кітаптың алғаш­қы жартысы 2008 жылы, қалған бөлігі 2012 жылы жазыл­ған. Оқи отыра автордың өскенін, оқиға беруінің өзгергенін байқауға болады.

Автордың ойынша, жазушы заман талабына сай өзгеруі қажет. Балалар аудиториясына зерттеу жасап, не ұнайтынын анықтаған жөн. Балалар әде­биетіне бизнес көзімен қарап, маркетингтің амал-тәсіл­дерін қолдану керек. Жазу­шыға қанат бітіретін фан­тастика мен армандау. Фантас­тика – адамды алға жетелейтін күш. Арман – адамға қанат бітіретін дүние. Ал Мейіржан Жылқыбай жиі армандайтындардың қата­ры­нан.         


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ