Жәнібеков аманаты

Газет мақаласы "Айқын" газеті №125

2018 жылдың маусым айында Елбасының  Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласын  жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыруға нақты қадам жасалды. Бұл тарихи мәні мен маңызы зор шешім бүкіл түркі жұртын елең еткізіп,олардың санасындағы байыр­ғы түркілік тамырын жаңғыр­тып, ата қоныс­қа деген пер­зент­тік сезімін оя­тып, рухы мен ме­ре­йін асқақтатқаны рас.

Жәнібеков аманаты

Шілде айында Мырзатай Жол­дасбеков ағамыздың үйінде бол­дым.Мен барған кезде ол кісі зал­дың төріндегі үстелде кітап оқып отыр екен. Байқап қарасам, оның оқып отырғаны – өзі жазған «Шың мен шыңырау» кітабы. Мен қалжыңдап «Көке! Өмір бойы жи­наған кітапханаңызды Ұлттық кі­тап­ханаға түгелдей тапсырып, енді өзіңіз жазған кітапты оқып отыр­сыз ба? – дегенімде, ағамыз: – Ия шы­рағым, осы кітапта қалың қа­зақ­тың Өзбекәлісі атанған Өз­бе­кәлі Жәнібековтің 1992 жылы ма­ған өз қолымен жазған «Әзіреті Сұл­тан» қорығы жөніндегі хатын жа­риялаған едім. Ол кезде мен Премьер-министрдің орынбасары болатынмын. Соны қайта-қайта оқып, қайран қалып, аруағыңнан айналайын асыл ағамыздың ұлт тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғыртуға қосқан ұшан-теңіз еңбегі мен оның мәңгі өшпес және өміршең мұраларын еске алып отырмын, – деді де, беті ашық тұрған кітапты маған ұсын­ды.

Мырзекеннің айтуынша, атал­ған хаттағы Өзбекәлі Жәнібе­ков­тің «Әізреті Сұлтан» қорығы мен Түркістан қаласы туралы көтерген мәселелерді іске асыруға ол кезде ешқандай мүмкіндік болмаған. Кейіннен, онда жазылған мәсе­ле­лер­дің біздің ұлтымыз үшін ерекше маңыз­ды екенін ескеріп, хаттың то­лық мазмұнын және олар жө­ніндегі өзінің ойларын 1999 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жа­рия­лаған екен. Бірақ, бұдан кейін де бұл мәселелердің көбі әлі күнге дейін шешімін таппапты. Түр­кістан қаласы облыс орталығына айналып, күннен-күнге түрленіп жатқан осы шақта оларды ескеріп, іске асыру өте маңызды. Сондық­тан, оларды мемлекет деңгейінде қай­тадан қарап, жүйелі түрде ше­шуге қолайлы кез келген сияақты.

Бұл әңгімеден кейін мен Өзбе­кәлі ағамыздың хатының маз­мұ­ны­­мен танысып, Мырзекен­нің ке­лі­сімімен осы мақаланы жазуға бел будым.

Өзбекәлі ағамыз көтерген мә­селелер төменде көрсетілген төрт негізгі және бірнеше белгіленбеген пункттерден тұрады. Олардың нақ осы кезде Түркістанда болып жат­қан өте ауқымды өзгерістерге бай­ланысты аса маныздылығын ес­кере отырып, көтерілген мәселе­лер­дің ең басты жерлерін оқыр­ман­ға ешбір өзгеріссіз жеткізуді жөн көрдім. Олар мыналар:

1) X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстанның халқы көне түркі тілінің қыпшақ-оғыз диалектісінде сөйлегені хақ. Ахмет Ясауидің де өзі­нің «Хикметтін» сол көне түркі тілінде жазған. Оны әзірбайжандық зерт­теушілер 1978 жылы дәлел­деген. Ал ол еңбекті қазір шағатай ті­лімен шатастырып жүр. Оны кө­не өзбек тілінде жазылған деу қи­сынсыз. Оны шағатай тіліне жа­быстырудың да ыңғайы жоқ. Сон­дықтан оның қай тілде жазылғанын анықтау қажет.

Соңғы кезде қайсыбір «зерт­теу­шілер» Түркістан мен Отырарды қазақтан алыстатқысы келіп, пікір айтып жүргені белгілі(Силипа, Смағұлов т.б.). Түркістанға өзбек­тер 1819 жылы қоқандықтардың жау­лап алуымен байланысты кел­ген. Одан бұрынғы материалдарда оның «автохонды» тұрғындары бол­ған өзбектер жөнінде ештеңе ай­тылмаған. Керісінше, қазақ тұр­ғындары жөнінде қызықты ма­териалдар берілген. Анықтамада көр­сетілген қазіргі зерттеулердің «тауып» алғандары.

2) 1952-1957 жылдары «Әізреті Сұл­тан» қорығын қайта қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізілді. Бі­рақ Самархан технологиясы Сау­ранның бай топырағын одан сайын «байыту» арқылы, құбыл­малы ауа райын ескермей-ақ өн­діре салған­дық­тан көптеген кем­шіліктерге жол берілген. Оның үс­тіне іргесіне бетон отмоска бе­ріліп, аэродром плиталарымен жабу-температура­лық режимнің бұзылуына әкеп соққанын да айтпай кетуге болмай­ды. Соңғы үш төрт жылда төбесінен су аға бас­тап­ты, оны көргендер көрмеген бо­лып жүре беретін дертке душар болғанға ұқсайды.

Анықтамада 1977 жылғы жоба жө­нінде дұрыс айтылған. Ескі қа­ланы құртып, жаңадан «ескі қала» сала қоямыз деп әлек болған жұрт­тың көп ескерткіштерден көз жа­зып қалғанын қалай ұмытарсыз. Негізгі идея өзбек реставратор­лары­нан қалған, кейін Т.Бәсенов қол­даған іс-қарекеттер кезінде бұрын пантеон қызметін атқарған көне құрылысты «өліктерден» та­залауға бағышталған.Соның сал­дарынан көптеген құлпытастар, мүрделер (Есім ханның, Абылай ханның, Тәуке ханның, Жәңгір ханның, Бөгенбай батырдың, Жә­нібек-Тарханның) тастары жо­ғалған. Ал қазіргі екі-үш тасты 1979 жылы музей ашылған кезде шарт­ты қоюға тура келді.

3) Тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар. Ол реставрация жұ­мыстарын жолға қоюмен бай­ланысты. Кезінде мемлекеттік ко­ми­тет, не басқарма құрылмағаны бе­кер-ақ болған. Бұл мәселемен тү­бегейлі айналысу қажет. Оны түрік­тер келіп, орнына келтіреді де­генге өз басым сенбеймін. Жауапкершілікті арттыру қажет-ақ, ол жетісе бермейді.

4) Түркістан қаласы жөнінде: оның мәртебесін көтеру қажет сияқ­ты. Халқына (әсіресе қазақ­тар­ға) квота берген жөн болар. Өйткені, бұрын қалада қазақ халқы көпшілік болса,селода өзбек хал­қының ара салмағы басымырақ бола­тын.Қазіргі кездегі мигра­ция­ға байланысты қалада да, селода да өзбектердің ара салмағы 57-60 процентке дейін өскенге ұқсайды. Бұл жағын реттемесе, қиыншы­лық­қа апарып соғуы мүмкін. Бұл ұлт­шылдық емес, қалыптаса бас­та­ған әлеуметтік ахуалға бай­ланысты айтылып жүрген пікір. Түркістан үшін қазақ халқының қаны төгілген, ол – оның ең қа­сиетті орны. Үш жүз жылға жақын уақыт қазақ хандарының тұрағы-астанасы болған. Онда халқы­мыз­дың асыл азаматтарының, ең қа­лаулы ұлдарының сүйегі жатыр. Оны қастерлемеске болмайды. Кө­не көз қариялардан кезінде Таш­кент те өзбек халқының пай­дасына қалай реттелгенін талай естіген едік. Мұның ешқандай сө­кеттігі жоқ.

Бәлкім, Түркістанда облыс ор­талығы құрылса жөн болар. Бұл бұ­рын да айтылған мәселе. Бас­шы­ны қазақтан қойған, онда да тарих­тан, мәдениеттен, тілден саңлауы бар, солардың шотын шабатын ағайыннан қойған жөн болар.

«Светозвуковая видео­па­нора­ма» қоюдың орынсыз деп табылуы да ұйымдастырылған нәрсе сияқ­ты.

Абылай ханның туған жері де, қай­тыс болған жері де – Оңтүстік Қа­зақстан, оның ішінде осы Түр­кіс­тан. Оның мүрдесінен бой жа­зып қалғанымыз – кешірілмес күнә. Ол-ол ма, Бөгенбай батыр, Әй­­­теке би, Жәнібек –Тархан (Есім хан, Тәуке хан, Тәуекел хан, Жәң­гір хан, Iлияс хан сияқтыларды бы­лай қойғанда) сияқты ел ал­дында еңбегі зор, әрқайсысына зәулім биік ескерткіш­тер тұрғызуға тұрарлық азамат­тар­дың да мүрдесі жоғалған, сүйегі лақтырылған. Мұ­нан артық тарих алдында қыл­мыс бола қоймас. Енді сол үшін кешірім сұрауға міндет­ті­міз. Оның бірден-бір жолы Ахмет Ясауидің алдынан Рабия Сұлтан Бегімнің кесе­несінен кем емес қырлы күм­без­ді, өрнектелген пантеон тұрғы­зып (ол міндетті түрде ескі стильде болуы керек), ол жерге адамдардың аты-жөні жазылған плиталар қою қажет.

Мырзатай бауырым! Абылайға қа­тысты Оңтүстік Қазақстандағы жер­лердің бірде-бірінде белгі жоқ. Түркістандағы хан сарайының орны жоғалған.

Ордабасында тарихи-табиғи қо­рық ұйымдастыру керек сияқты. Ондағы тас ұнтақтайтын зауыт­тың жұмысы әлі тоқтамап­ты. Тау баурайын көгалдандырып, ағаш ексе, бұрынғы бұлақтар қайта жанданар ма еді деген ой көңілге ора­ла береді. Тауды көгертіп, ба­сына темірбетоннан монумент тұр­ғызып, кішігірім музей ұйым­дас­тырып, жұрт сусындайтын шай­хана салса – ол жұрттың дема­лыс орны болатыны сөзсіз. Оның үст­іне Ордабасы – Шымкенттің тү­бінде орналасқан, «тоғыз жол­дың» түйіскен жері.

Ал Сайрам ауданының Қара­бұлақ қыстағынан теріскейге қа­рай 6-7 шақырым жердегі Абылай ордасының орнына (ол көп жыл­дар бойы Ханқорған деп аталып келген) да белгі қойған жөн.

Өзбекәлі ағамыздың газет бе­тіндегі осы хатына Мырзатай Жол­дас­бековтің көтерілген мәселелер жө­ніндегі қысқаша пікірі де қоса бері­ліпті, онда ол кісі Қазақстан та­ри­хында Түркістаннан асқан қа­ла, Абылайдан асқан хан жоқ. Абылай атын ардақтайтын да мез­гіл әбден жетті деп жазыпты.

Бұл жерде аталған хат жария­лан­ған кезге дейін де, одан соң да кө­терілген мәселелер айналасында біраз жұмыстар істелгені туралы айта кеткен жөн. Атап айтқанда бі­раз отандық және шетелдік ға­лым­дар Ахмет Ясауидің «Хик­ме­тін» қайта зерттеп, бір тұжырым­ға келгендей болды, бірақ ол ту­ра­лы күмән толығымен сейіле қойған жоқ.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары бір түрік компаниясы «Әзі­реті Сұл­тан» кесенесін қалпына кел­тіруге байланысты жұмыстар­мен ай­налысты. Бірақ, өкінішке қарай, олар тиісті нәтиже бермеді, бұрын­ғы болған кемшіліктер одан да күр­деленіп кетті.

Кесененің жанында балшық­тан қорған, жаңа үлгідегі музей са­лы­нып және арнайы қабырға тұр­ғызылып, онда асылдары­мыз­дың аты-жөні жазылған тақтай­ша­лар орнатылды.

Түркістан қаласының жаңа жо­басында «Әзіреті Сұлтан» ке­се­несінің маңында 8 ғимараттан тұра­тын рухани-мәдени орталық салу көзделген. Оларды қазіргі кез­де 2-3 жылдың көлемінде тұр­ғы­зуға болады. Менің ойымша, осы жобаны іске асырмай тұрып, Өзбекәлі ағамыздың хатындағы көтерілген мәселелер ескеріліп, кө­не қаланы қалпына келтіру үшін ар­найы жоба жасап, ескі қаланың алып жатқан аймағын тағы да то­лығымен анықтап, жаңадан салы­натын ғимараттардың орындарын­да археологиялық және басқа да зерттеулер өткізіп, тек содан кейін ғана құрылыс жұмыстарын бастау керек деп ойлаймын. Егер олай іс­­телінбесе, көне қаланың баға жет­­пес құндылықтары салынғалы жат­қан ғимараттарды тұрғызу ке­зін­де бүлініп, жойылып және олар­дың астарында көміліп қалуы мүм­кін. Олай болған жағдайда та­рих алдында күнәға белшемізден бататынымыз сөзсіз.   

Егерде, Өзбекәлі Жәнібековтің ама­наты орындалса, оның хатын­да­ғы аталған және аталмаған ба­ба­лары­мыздың аруағы ырза бола­ты­ны сөзсіз.

 

Ержан ИСАКУЛОВ,
саяси ғылымдарының докторы