Абайдың мерейтойы Арменияда тойланбақшы

Армения елінде Абай Құнанбаевтың кітабы шығарылып, 175 жылдық мерейтойы  аталып өтпекші

Абайдың мерейтойы Арменияда тойланбақшы
Айтжан Мұрзанов

Бұл жайында Армения Ғылым академиясының Әдебиет институт  директоры Вахтан Деврикян  Азия елдері қаламгерлерінің алғашқы форумында айтты.

– Анау жыраулардан бастап, қазіргі заманның ақын-жазушылары енетін антологиясы жасалуда. Келесі жылы Қазақстанда Ұлы Абайдың 175 жылдығы тойланғалы жатыр. Біз де сол үрдісті үзбей, өз елімізде бір басылымын шығарып, ұлы ақынның мерейтойын атаймыз, – дейді ол.

  Вахтан Деврикянның айтуынша, Қазақстан мен Армения елінің арасындағы әдеби-мәдени байланысы ешуақытта үзілген емес. Елге белгілі тұлға Олжас Сүйлеменовтен бастап, жас ақын-жазушылармен тығыз байланыста екен.
  
"Осы форум арқылы ұмыт болған салтымыз да, әдебиетіміз де қайтадан жаңғырып, қалыпқа келді деуге болады. Өмірдегі бар қиындық әдебиетте көрсетіледі. Одан басқа қандай қиындықтар болады дейсіз. Бүгінгі заманда барлық мәселе жазушыларда емес, оқырмандар да. Бұл мәселе бүкіл әлемде бар. Әрине, бұрын, Кеңес уақытындағыдай қазір нешемыңдаған оқырман жоқ. Таралымның өзі мыңнан аспайды" дейді Вахтан Деврикян.