Олжас Сүлейменов: «Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді»

Қазақстан үшін сапалы жаңа дәуір туып келеді. Елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің  тұңғыш форумында қазақ ақыны Олжас Сүлейменов осылай деді.

Олжас Сүлейменов: «Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді»
Олжас Сүлейменов. Фото – А.Мұрзанов

«Біз жиі кездесе бермейміз. Осыған дейін 1973 жылы, осыдан 40 жыл бұрын Алматыда жүздескен едік. Ол кезде Азия мен Африка елдерінің конференциясы өтті. Күрделі кезең еді. Азия мен Африка елдерінде басқыншылыққа қарсы процестер орын алып жатқан. Қазір біз  баяғыдан бері тәуелсіздіктерін алып, оны нығайту жолына түскен Азия елдерінен келген әріптестерімізбен ғана кездесіп отырмыз. Бұл кездесу Қазақстан үшін айрықша уақытта өтіп жатыр. Сапалы жаңа дәуір туып келеді», – деді ол.

Олжас Сүлейменов оған елімізде орын алып жатқан процестер жарқын дәлел бола алатындығын баса айтты.

«Әдебиет ақылды адамдары тәрбиелейді. Ал, ақылды адамдар экономиканы көтереді»,– деді ақын.