Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді

Осы жылдың 10 желтоқсанында әлемді мойындатқан ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында ARNAU атты жеке концертін өткізеді.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді

Әнші бұл қуанышты жаңалығымен Instagram  желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.

«Құрметтілерім, сіздерге 10 желтоқсан Американың Нью-Йорк қаласында жеке концертім өтетінің қуанышпен хабарлаймын. Концерт Barclays Center аренасында өтеді. Алдағы уақытта парақшамда билеттердің сатылымға түсу уақытын хабарлаймын. Instagram парақшама тіркеліп отырыңыздар» деп қуанышымен бөлісті Димаш Құдайберген.

Barclays Center – Бруклинде орналасқан спорттық арена. Бұл жерде аты әлемге әйгілі жұлдыздар жиі өнер көрсетеді. Атап айтқанда, бұл сахнада бір кездері Элтон Джон мен Пол Маккартни де ән шырқаған.

Д.Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертінің ұйымдастырушылары – Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі.