Кітап оқитын аппарат

Газет мақаласы "Айқын" газеті №137

Бұл жайт бізге Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп кеңесінің таяуда өткен кезекті отырысында мәлім болды. Қазталов аудан әкімі  аппаратының мамандары Book Reаd жобасымен күнделікті кітап оқуды дағдыға айналдырған.  

Кітап оқитын аппарат

– Жобаны біз биылғы сәуір айында бастадық. Мақсаты – мемлекеттік құрылымдарда қыз­мет істейтін қызметкер­лер­­дің жұмыстан тыс уақытта әр­түрлі жанрда кітап оқып, бір-бірімен ой бөлісуі. Жаңа бас­тама қарқынды түрде қа­нат жайып келеді, – деді Қаз­­талов ауданы әкімі аппа­ра­­ты­ның басшысы Айбек Ислам­беков. Осы іргелі іске ұйытқы болған аппарат бас­шы­сының тың бастамасын оның тікелей қарауындағы мем­­лекеттік қызметшілер бір­ден іліп әкеткен.

– Осы бастама арқылы біз кү­ні бүгінге дейін біраз әдеби кі­тап оқып үлгердік. Үнемі жа­ңа кітап іздейміз. Сосын оқы­ған әдеби шығармамыз немесе танымдық-тағылым­дық кітаптар туралы пі­кір алмасуға асығамыз. Әріп­тес­те­рім­нің кітап оқуға деген ын­та-ықыласы жоғары. Ау­­дан орталығындағы кі­тап­ха­намен тығыз бай­ла­ныс­та­мыз. Күні бүгінге дейін Мұх­тар Әуезовтің «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көш­пенділер», Шерхан Мұр­­тазаның «Қызыл жебе», Әбді­жә­міл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романдарына қоса, тарихи және психологиялық тақырыптардағы шығар­ма­ларды тек оқып қана қой­май, осы кітаптарға қатысты ой-пікірімізді ортаға са­лып, талдап үлгердік, – дей­ді Қазталов аудан әкі­мі аппараты бірыңғай пер­­­­соналды басқару қызметі бө­лі­мінің басшысы Айша Әбішева.

Жұмыс уақытынан тыс кезде мәжіліс залында бас қо­сатын қызметкерлер өз­де­рі оқыған кітаптарын алып келіп, оқыған әдебиеті ту­­ралы 10 минуттай баян­дайды. Бір айта кетерлігі, мемқызметкерлер қалаған кітаптарын екі тілде бірдей, яғни қазақша да, орысша да оқи береді. Қарбалас жұ­мыс болғандықтан, уақыт шек­теулі. Сондықтан уақытты тиімді пайдалану үшін мем­ле­кеттік мекемеде жұмыс іс­тейтін қызметкерлер қа­зір­гі заман талабына сай элек­тронды оқулықтарды ға­ламтор желісінен жүктеп оқиды.

Басшысын қостаған меке­ме қызметкерлері кітап оқу­­дан жарысқа түскендей жақ­сы әсер қалдырып, игі бастаманың кең қанат жаюы­на лайықты үлес қосуда. Шын мәнінде, кітап оқу – бар­ша жақсылықтың бас­та­уы. Ендеше, Қазталов ау­дан әкімі аппаратындағы бауырларымыздың іргелі ісін іліп әкетейік, әлеумет!


Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы