Көшпелі көрме кереметі

Газет мақаласы "Айқын" газеті №138

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасы ұжымының облысымызға іссапары аясында «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақы­ры­бындағы көшпелі көрмесі өтуде. Көрмені ұйым­дас­тырушылар Қордай ауда­нын­дағы Әлжан ана ауылын на­зардан тыс қалдырған жоқ.

Көшпелі көрме кереметі

Шараға облыс әкімінің орын­­басары Сұлушаш Құр­ман­бекова, Қазақстанның Тұң­­ғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасының директоры Әмірхан Рахымжанов және оның орынбасары Күләйша Ақтаева қатысты. Жалпы, іс-шара барысында бұл ауылдың таңдалуының да мәні зор. Өйткені осы елдімекенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы туып-өскен. Ауылдың Мәдениет үйіне жиналған тұрғындар Елбасы жайында сирек кезде­сетін бейнематериалдар, фо­то­­­с­уреттер және архивтік құ­жат­тар­мен танысу мүм­кіндігіне ие болды. Көпшіліктің назарына «Тұңғыш» экскурсиялық кон­цеп­­циясының негізінде «Та­ри­хи таңдау. Бастамасы», «Та­­рихи таңдау. Ұмтылыс», «Қа­з­ақ­станның спорттық даң­қы» та­қырыптық экскур­сия­лары ұсы­нылды.

Сондай-ақ Шу ауданында жалғасқан шара Шу қала­сын­дағы С.Сейфуллин атын­­дағы орта мектепте ұйым­да­с­тырылды. Іс-шараға кі­­тап­­хана директоры Әмірхан Рахым­жанов, облыс әкімінің орын­басары Сұлушаш Құр­ман­бекова, аудан әкімі Жа­рыл­қасын Айтақов және бір­­қатар мемлекеттік қыз­мет­­­керлер мен аудан ұстаз­да­ры қатысты. Көрмені об­лыс әкімінің орынбасары Сұлу­шаш Құрманбекова кіріспе сөз­бен ашып, мән-маңызына тоқ­талса, Әмірхан Мұратбекұлы жи­налған жұртшылықты «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қо­ғам» атты көрме жобасымен кеңі­­нен таныстырды.

«Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» экс­курсиялық концепциясы ая­сында сіздерге арнап «Та­ри­­хи таңдау» ғылыми-экс­по­­зи­циялық жобасына та­қы­­­­рыптық экскурсиялар да­­йын­­дады. Сіздерге арнайы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен тәуелсіз Қазақстанның даму тарихынан сыр шертетін деректі фильмдердің көр­се­тілімі өтеді. Аудан тұрғын­да­рының назарына Елбасы кі­тапханасының музей қоры мен Елбасының жеке архивінен жа­сақталған «Елбасы және жа­ңар­ған Жамбыл өлкесі» атты фотосуреттер көрмесі де ұсы­нылып отыр» деді Ә.Мұратбекұлы.

Өткен ғасырдың екінші жартысында Шу қала­сындағы С.Сейфуллин атын­да­ғы мектепті тамамдап, бір­қа­тар жауапты қызметтерді абы­роймен атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Махмұд Қасымбековтің Елбасы туралы жазылған кітаптарын Елбасы кітапханасының директоры аудан әкіміне сыйға тартты.

Көшпелі көрме барысында тұрғындарға Елбасы туралы сирек кездесетін бейнероликтер көрсетілді. Бұдан бөлек, Шу ау­данының ұстаздары мен мем­лекеттік қызметкерлері «Тарихи таңдау. Бастамасы», «Тари­хи таңдау. Ұмтылыс», «Қа­зақстанның спорттық даң­қы» сынды тақырыптық экскурсияларды тамашалады. Төрт бірдей аудиторияда ұйым­дастырылған көрмеде Елбасы туралы сирек фото­суреттер мен архивтік құжаттар және жәдігерлердің бірегей нұсқалары да көрсетілді. Бұ­дан ары көшпелі көрме Тараз қала­сындағы «Достық» үйінде жалғасты.

 

Жамбыл облысы