Алтын әшекейлер табылды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №138

Бүгінде Түркістан қа­ласының тарихи бөлігінде және жаңадан игеріліп жатқан бөлігінде де қазба жұмыстары мен құрылыс жұмыстары қар­қын­ды жүруде. Қаланың көне тарихи бөлігінде архео­логиялық қазба жұ­мыс­тары басталғалы бір­ша­ма уақыт өтті. Соның негізгілерінің бірі – Күлтө­бе қалашығындағы архео­логиялық қазба жұмыстары.

Алтын әшекейлер табылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жү­зеге асып отырған жоба ал­ғаш­қы жемісін бере бастады. Күлтөбе қалашығынан II-III ғасырға тән алтын әшекейлер табылды. Зергерлік бұйымдар ескі қалашықта жүргізіліп жат­­қан археологиялық қаз­ба жұ­мыстары кезінде анық­тал­ды.

Табылған қазынаның ішін­­­де сырғалар мен зер­гер­­­­лік бұйымдардың бірне­ше алтын бөлшектері, түр­­­лі моншақтар бар. Ал Күл­­­­­төбедегі Хумдан пештің ішін­дегі құланды қыштар ара­сынан араб баспасынан шық­қан көлемі 10х20 см кі­тап табылған. Кітаптың сақталған қалыңдығы – 1,2 см. Археологтардың айтуынша, кітаптың мұқабасы көк түсті көнмен қапталған. Бірақ сақталуы нашар, парақтары бір-біріне жабысып қалған. Тіпті ашып қарауға келмейді. Жазуы оқылуға келетін бірінші бетінен «Біз мұндайлардан емеспіз» деген сөйлемнің жобасы анықталған.

Күлтөбе – көне Яссы қала­сы­ның қирап қалған орны. Кесененің оңтүстігіне қарай 300 метр жерде орналасқан. Алғашқы Түркістан қаласының пайда болған жері. «Кесененің батыс жағында ескі Түркістан деген атпен белгілі XIII және XIV ғасырдан бастап XX ға­сыр­ға дейін өмір сүрген Түр­кі­стан қаласының жұрты бар. Ал Күлтөбе ол біздің дәуі­рі­мізге дейінгі I ғасыр мен XIII ға­сырға дейінгі өмір сүр­ген қа­ланың жұрты. Бұл екі ес­керт­кіштің алып жатқан ау­­­­мағы 80 гектарға жетеді. «Әзі­рет Сұлтан» мемлекеттік та­рихи-мәдени қорық-музейі құрылғаннан кейін барып осы ескерткіштердің аумағы қор­ғауға алынған. Қазба жұ­мыс­тары әлі де жалғасады. Біз­дің аршып зерттеген жер­ле­рімізде реставраторлар жұмыстарына кірісуде. Архео­ло­гиялық зерт­теу жұмыстары 17 қаңтарда басталған. Қазір де тоқтаусыз жұмыс жүр­гі­зіп келеміз. Жұмыс өте ау­қым­­­ды» дейді «Күлтөбе қала­шығының тарихи нысан­дарын қалпына келтіру» жобасы ту­­ралы Қазақ ғылыми-зерт­теу институтының жетек­ші ма­маны, Күлтөбе экспе­ди­ция­сының жетекшісі Серік Ақылбек.


Ақбота ӘЛІМ