Санжар Мәди АҚШ-та Әміре рөлімен «Үздік актер» атанды (видео)

«Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. «Үздік оқиғалы фильм» және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер» атанды. Бұл туралы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі хабарлады.

Санжар Мәди АҚШ-та Әміре рөлімен «Үздік актер» атанды (видео)
Фото: Интернеттен алынды

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты  әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа да жарқын ғұмырын баяндайды. Фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс тапқан.  

Richmond International Film & Music Festival – АҚШ-та өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.

Картинаны  Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен  «DAR Play» компаниясы түсірген болатын.

Былтыр «Әміре» фильмі бірнеше жүлдеге қол жеткізген. Атап айтсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде Best Global Hollywood Film жүлдесі, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық және Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марапатталған.