Фонограммаға қатысты заң жобасы: көрерменге ескертілуі керек

Қазақстанда бұқаралық мәдени-іс шараларды ұйымдастырушыларға әншілердің музыкалық туындыларды фонограмма арқылы орындайтындарын көрермендерге ескертуді міндеттемек..  

Фонограммаға қатысты заң жобасы: көрерменге ескертілуі керек
дереккөзден

Мұндай заң жобасы ашық үкіметтің «Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдени мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.

«Көрерменді ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге міндетті», - деп жазылған заң жобасында.

Заң жобасын мәдениет және спорт министрлігі жасақтады.

Түзетулер музыкалық туындыларды орындаушылардың деңгейін көтеру және репертуар сапасын жақсарту, сондай-ақ фонограмманы қолдану бойынша мәселелерді қалыпқа келтіру үшін енгізілуде деп хабарланады.