Әдебиет алыптарына арналған альбом

Газет мақаласы "Айқын" газеті №156

Алматыдағы Ұлттық кі­­тап­­ханада ақын, қазақ әде­­биетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің туға­нына 125 жыл толуына орай әде­би кеш және халықа­ра­лық ТҮРКСОЙ ұйымының бас­та­ма­сымен жарық көр­ген «Үш арыс» кітап-аль­бо­мының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әдебиет алыптарына арналған альбом

Іс-шараны Ұлттық кітапха­на­ның ғылыми хатшысы Болат Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор, «ТҮРКСОЙ» халықа­ра­лық ұйымының өкілі Асқар Тұрғанбаевқа ұсынды.

«Үш арыс» кітап-альбомының лен­тасын Қазақстанның Ең­бек Ері, саясаткер Олжас Сүлейме­нов, мәдениеттанушы-ғалым, дип­­­ломат, мемлекет және қоғам қай­­раткері Мұрат Әуезов, Ілияс Жан­сүгіровтің ұлы Саят Жан­сү­­гіров кесіп, шара аясында өз­де­­­­рінің құттықтауын жеткізді. Кітап-альбомның жарық көруі­не де­меу­шілік еткен Сәкен Сейфул­лин­нің туыстары да өз лебізін біл­дірді.

«Үш арыс» альбомы қазақ әде­биетінің «Үш арысы», «Үш бәй­те­ре­гі» атанған, үшеуі де бір жылда жарық дүниеге келіп, бір жылда ста­линдік репрессия құрбаны бол­ған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан­сүгіров және Бейімбет Май­­­линнің әдеби мұраларына ар­нал­­ған. Бұл жобаның мақсаты – әдеби туындыны қылқалам шеберінің көзімен тану, көрнекті ақын-жазушылардың әдеби шы­ғармаларын көркемсурет, кес­кін­деме өнері арқылы паш ету. Сондай-ақ жобада үш арыс өмір сүрген кезеңдегі тарихи туын­ды­лар мен заманауи еңбектерді бір альбомға топтастыру көзделген. Жинаққа өткен ғасырдағы және қазіргі заманғы белгілі отандық қылқалам шеберлерінің аталған ақын-жазушылардың әдеби шы­ғармаларын оқи отырып, дү­ние­ге әкелген көркемсурет туын­ды­лары енгізілген. «Үш арыс» жинағы халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының әдебие­ті­міздің алып­тары Сәкен Сей­фул­лин, Ілияс Жансүгіров жә­не Бейімбет Май­линнің 125 жыл­дық мерейтойына да­йын­да­ған арнайы сыйы. Аль­бом халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы­ның тапсырысымен Central Asia Production компаниясы та­ра­­­­пынан қазақ және орыс тілдерінде Германияда басылды. Мұрағаттарды іздеу, архив, музей материалдарын саралау, тарихи көркемсуреттерді жаңғырту және аударма жұмыстарын аталған компания іске асырды.

Шара аясында Ұлттық кітап­­хананың қорынан Ілияс Жан­сүгіровтің өмірі мен шығар­ма­шы­­лығына арналған «Халық өмі­рінің қаһарман жыр­шы­сы» атты кітап көрмесі ұйым­дас­ты­­рылды. Іс-шараға зиялы қа­уым өкілдері, түркітілдес ха­лық­­тардың диаспораларының өкіл­дері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл күні дәстүрлі әнші Ерлан Тө­леу­тай бастаған Ж.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық ме­­дицина университетінің сту­дент­­тері М.Біләшов, Т.Зай­сан­баев, А.Мамедов және Л.Ми­ш­ралар әннен шашу шаш­ты.