Күй күмбірлеп, жыр әуеледі
Сенбі-жексенбі күндері Тараз төрінде Ұлттық домбыра күнін ұлықтау мақсатында Жамбыл облысы әкімінің қол­дауы­мен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы Жам­­был облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Көне Тараз күмбірі» І республикалық  этно-фольклорлық ансамбльдер байқауы өтті. Шара Тұңғыш Президент
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету және мән-мағынасы терең, рухани-тәрбиелік маңызы жоғары, қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін насихаттауды мақсат етті.
Ұлыбританияға жолдама
25-27 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев орталығында Nazarbayev Fund Schools Challenge республикалық конкурсы өтті. Байқаудың жеңімпаздары Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне бір аптаға тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Еліме берерім көп
Биыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі.
Атырау радиосының тынысы кеңейді
Байланыс және ақпарат  қызметкерлері күніне орай Атырауда «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалына қарасты «Atyraý radiosy»-ның жаңа  радиостудиясы ашылып, жаңа радиотаратқыш іске қосылды. Радионың латын әліпбиіндегі жаңа логотипінің таныстырылымы өтіп, жаңа форматтағы «Efirde 102.0 FM» телерадиохабары эфирге жол тартты.
Поэзия падишасының тойы
Көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова-ның  туғанына биыл – 80 жыл. Поэзия падишасының тойы туған жері Атырауда басталды. Ақын құрметіне «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.
Әлем әдебиеті теориясын қазақша оқимыз
М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер инс­ти­тутында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы бағыттары­ның бірі – «Жаңа гума­ни­тар­­лық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жоба­сы ая­сын­да ауда­ры­лып ба­сылған әлем әде­бие­ті тео­риясының жинақ­тары таныстырылды.
Әділбек Қаба – академик
Белгілі журналист, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, Парламент Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Қаба Қазақстан Журналистикасы академиясының академигі атанды.
«Тұлғалық өсу тренингі» Ресейге прокатқа шығады
Режиссер Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі»  көркем фильмі  4 шілдеден бастап Ресейде  прокатқа жіберіледі деп хабарлайды «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі.
Елордада Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті өтеді
«Қазақстан» ОКЗ Камералық залында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков «Шырқа, даусым» концертін ұсынады. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ерболат Шалдыбеков – еліміздегі танымал дәстүрлі әншілердің бірі, Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі. Оның орындауындағы құлақ құрышын қандырар әндер әдемі әуезбен, терең мағыналы сөздермен өрнектеліп, тыңдарман қауымның ерекше ықыласына бөленген.
«Тарих жасаған тұлғa» түрік тіліне аударылды
Анкарада Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің және Халықаралық Түркі Академиясының қолдауымен түрік тілінде жарық көрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлғa» атты кітабының тұсаукесері өтті.