Парижде жылқыны қолға үйретудегі Ұлы дала рөлі талқыланды
ЮНЕСКО штаб пәтерінде «Equus: Жылқы тарихы» деректі фильмі көрсетілімі ұйымдастырылды. Қатысушылар шамамен бес жарым мың жыл бұрын Қазақстан аумағында орын алған жылқыны алғаш қолға үйретудің бірегей маңызын ерекше атап өтті.
Дүниені дүбірлеткен қазақ күйі
Атырауда үш күн бойы Түркітілдес халықтардың «Саз пернелі Сарайшық» атты халықаралық домбыра фестиваль-байқауы өтті. Қазақтың төл өнерінің құдіреті  дүниені дүбірлетіп, күй сазы тыңдағанды  елітіп, айтып болмас әсерлі сәттерді тарту етті. Шетелдік қонақтар, екі ішекті домбырада күрделі шығармалардың орындалуын тыңдап көріп, ұлттық аспабымыздың құпиясы неде екені білуге қызығушылық  танытты.
Бабадан мұра болған күй өнерінің ұрпаққа қалай аманатталып отырғанына көз жеткізді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Ұлттық Домбыра күнін» атап өту жарлығының түп төркінінде баба мұрасын, ұлттық құндылықты сақтау мақсаты тұрғанын жете түсініп, көрегендігіне ризашылығын білдірді.  
Әсел Әбілсейітова, сопрано-әнші, Лондондағы Корольдік академияның түлегі: Музыкасыз өмір сүре алмаймын
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары аудио-визуалды көріністермен безендірілген классикалық музыка кешін тамашалады
Зәки Ахметовтың хаттары кітапқа жинақталды
Нұр-Cұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында  әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовке арналған «ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР» – «УЧЕНЫЕ и ПИСЬМА» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті.
Қазақстан аруы анықталды
Елордада «Қазақстан аруы – 2019» байқауы өтті. Күні кеше Қазақстанның һас сұлулары бәстескен бұл байқау­дың нүктесі қойылып, халық Қазақ­станның ең сұлу аруын таңдады.
Светлана Алексиевич: Адамның ішіндегі адамын қорғай білсек...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің көпшілігі жазушылар, ақындар не драматургтар екені белгілі. Ал 2015 жылы Нобель тарихында алғаш рет белорусиялық журналист Светлана Алексиевич беделді сыйлыққа ие болды. Нобель комитеті Светланаға бірауыздан дауыс беріп, оның шығармашылығындағы ерлікті ерекше бағалады. Швед ғылым академиясының секретарі Сара Даниус
«Ол – үйреншікті журналистика аясынан шығып,  жаңа әдеби жанр қалыптастыр­ған әдебиетші және керемет жазушы» деді. Қаламгер «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Черно­быль­ская молитва», «Время секонд хэнд» атты кітаптарымен ел ішінде танымал болды. Әскери прозаға жаңа леп әкелген оның туындылары әлемнің 19 елінде жарық көріп, соның желісінде спектакль­дер сахналанып, фильм түсірілді.  2001 жыл Ремарк пре­миясын иеленген ол 2006 жылы АҚШ-тың Ұлттық сын премиясын, 2013 жылы Неміс кітап саудагерлерінің сын премиясын, ал 2014 жылы Өнер және әдебиет орденінің офицерлік крестімен марапатталды. Светлана Алексиевич кітаптарының негізгі идеясын былай айқындайды: «Әрдайым адамның ішінде қаншалықты адам бар екенін және сол адамды қалай қорғап қалуға болатынын түсінгім келеді». Қаламгердің Academy of achievement ұйымына берген сұхбатынан үзіндіні  назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Достықтың киелі бесігі
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарқаны» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Шараны Қазақстан халқы ассамблеясы аясында Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Фестиваль әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы төзімділік пен мәдениетаралық түсіністікті нығайтуды көздейді.
Алматы ақынын еске алды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі айтыскер, айтулы ақын Есенқұл Жақыпбекті еске алуға арналған әдеби кеш болып өтті. Кешті «Ана тілі» газетінің бас редак­торы Жанарбек Әшімжан тізгіндеп, ақынның өмірі, өлеңі жайлы толғанысын жеткізді. Сондай-ақ кеш басталмай тұрып сахна төріне ақынның жары Меңсұлу Нағашбекованы шақырып, төрден орын берді.
Таупістеліде қаламгерлер бас қосты
Түлкібас ауданындағы табиғаты талайды таңқал­дырған Пістелі ауылында «Таупістелі тағылымы – 2019: Шерхан мен Насыр бауында»  басқосуы өтті. Талантты қалам­герлердің басын қосқан халықаралық жиынның мақ­саты – түбі бір түркілер туыстығы, әдебиет пен жур­налистика, жас ұр­пақ тәрбиесі туралы ой қоз­ғау, рухани байланысты тереңдету.
Абай мен Әлихан
Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының руханият саласының барлығына үлесін қосқан қайраткер. Ол – саяси қоғамдық істерге белсене араласқан, әлеумет, әдебиет, өнер, мәдениет саласында із қалдырған бірегей тұлға. Туған халқына, Отанына адал болып, өле-өлгенше халықтың мүддесі үшін күресті. Әлихан Бөкейхан төре тұқымы болғанымен, ешуақытта билікке ұмтылмаған. Ол еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 31 32 33 34 35 Келесі