Министр: «Қазақфильм» жекешеленбейді

Мәдениет және спорт министрі  Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильм» жекешеленбейтінін айтты.

Министр: «Қазақфильм» жекешеленбейді
Фото: Интернеттен алынды

Киностудия жекешеленетін ғимараттар тізімінен алып тасталған.

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жекешелендірілетін ғимараттар тізімінде тұр. Қазақстан Республикасының модернизациясы жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында премьер-министр Асқар Мамин «Қазақфильмді» жекешеленген ғимараттар тізімінен алып тастау жөнінде ұсынысты қолдады», - деді Ақтоты Райымқұлова. Оның айтуынша, жекешелендірмеуді алдағы уақытта Үкімет қолдайды.