Сириядан оралғандар жайлы ақиқатты көрсетеді

Ұлттық арна «Жусан» операциясы туралы фильм түсірді.

Сириядан оралғандар жайлы ақиқатты көрсетеді
Фото: Интернеттен алынды

«Жусан: оралу мен оңалу» атты екі бөлімді туынды «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының желісімен әзірленген. Фильмде қазақстандықтардың қақтығыс аймақтарына қалай аттанғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, жесір қалғандардың жат жерде қалай өмір сүргені айтылады. Деректі фильмде теріс діни ағымдардың ықпалымен шекара асқан қазақстандықтар өз оқиғаларын ашық баяндайды және бұған дейін еш жерде көрсетілмеген эксклюзивті кадрлар көрсетіледі. Сонымен қатар, елге оралғаннан кейінгі радикалдық бағыттан бас тартып, бейбіт өмірге қайта бейімделуі туралы әңгімелейді» делінген арнаның баспасөз қызметі. Деректі фильм арна эфирінен қарашада көрсетіледі.