Индердегі алғашқы кинотеатр

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Қазақстан  аудандары  ара­­­­­сындағы алғашқы ки­но­­­­­театр Атырау облысы­ның Индер ауданында ашыл­­­­ды. Аудан хал­қы за­­­­ман та­лабына сай 3D фор­­­мат­та­ғы INDERBOR CINE­MA ки­­нотеатрының ашылуын қуа­нышпен атап өтті. Жұртшылық жаңа ки­но­театр­­­да «То­ми­рис» филь­мін та­­ма­ша­ла­ды.

Индердегі алғашқы кинотеатр

Елбасы жариялаған Жастар жылы елімізде игілікті істердің ат­қарылуына жол ашты. Елімізде жастардың келешегіне арналған мем­лекеттік бағдарламалар ар­­қы­лы баспаналы болып, те­гін гранттармен білім алып, жұ­мыс­қа орналасып, кәсіп ашып жат­қан жастардың қатары көбейді. Бұл үрдіс, әсіресе, экономикалық даму­ды, рухани кемелденуді бас­­тан өткеріп отырған Атырау об­лы­сында қарқын алып отыр. Облыс орталығынан қашық­та­ғы аудан жастарының тәлім-тәр­биесін назардан қалдырмау – ел басқарған азаматтардың ен­ші­­­сінде. Жастарға арналған жо­­­балар мен олардың бас қо­сып, кеңе­сіп іс тындыруына лайықты орталықтар Атырау облысының барлық ауданында бар. Ал Ин­дер кентінде еліміздегі аудан ор­талықтарының арасынан ал­ғаш рет жаңа форматтағы INDERBOR CINEMA атты ки­но­театр ашылды. Бұл да бола­ша­­ғымыз сеніп тапсырылар жас­­тар­ға арналған Жастар жы­лы­ның тартуы.

Аудан орталығында ки­но­театр ашу Индер ауданы әкімдігі мен «Меломан» компаниясының бір­­лес­кен жобасы. «Жастар орта­лы­ғы» ғимаратында орналасқан ки­нотеатрдың сыйымдылы-ғы – 200 адам. Кинотеатр 3D фор­мат­тағы зама­науи, лазерлі эк­ран сапалы құрылғылармен жа­­­­сақталған.

Кинотеатрдың ашылу сал­тана­тын­­да сөз алған аудан әкі­­мі Мейі­рім Қалауи ауыл жас­­­­тарының бола­шағы үшін ат­қарылып жатқан іс­терді тілге тиек етіп, жиналған жұрт­шы­лық­ты кино әлемімен та­быс­­-қан­дарымен құттықтады.

– Елбасы мен Мемлекет бас­­­шы­­сының мемлекеттік сая­са­ты­на сәйкес ел азаматтарының қолай­лы, жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасалу қажет.

Ауыл тұрғындарына арнал­ған аудан орталығында алғашқы ки­но­­­театрдың ашылуы – осы сая­­­сат­­тың нәтижесі. Бұл игі іс­тер­ге бас­тамашыл болып, бар мүм­­кін­дік туғызғаны үшін облыс әкі­мі Нұр­лан Асқарұлына ерек­ше алғы­­сы­мызды білдіреміз, – деді аудан әкімі Мейірім Қалауи.

Аудан тұрғындарын ғана емес, облыс жұртшылығы қуа­­­ныш­пен қабылдаған ки­но­театр­дың ашы­луын­да сөз алған «Меломан» ком­паниясының өкі­лі Низами Махме­дов: «Қа­зақ­станда 3D үлгіде кино­театр­дың ашылуы алғаш рет. Енді Индер ауданы тұрғындары мен қо­нақтары еліміздегі бар­лық ки­нотеатрдағы кино­туын­ды­­лар-ды облыс орталығына бар­­май-ақ аудан орталығында ашыл­­ған кинотеатрда көре ала­­ды. Мұнда заманға сай құрыл­ғылармен киноларды сапалы кө­ре алуға мүмкіндік бар» деп халықтың қуанышына ортақ­тас­тық білдірді.

Кинотеатрдың ашылуына ауыл қарттары мен жастары да қуанып, өзге аудан тұрғындары өз аудандарында да кинотеатр ашылып, қуанар күнге жетерінен үмітті екенін айтты. Ки­но­театрдың ашылу салта­на­­тынан соң жұртшылық кино­театр­дың алғашқы көрсетілімі Ақан Сатаевтың «Томирис» ки­но­­филь­мін тамашалады.

 

Атырау облысы