Тарихтың бір тіні – түйе табанында
Қазақ тарихын түйеден айырсаңыз не болады? Онда Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртпей, «Жерұйықты» қалай іздер еді? Молшылыққа, қуанышқа, үлкен тойға кенелді дегенді «ақ сиырдың қарны жарылды» деп айтар ма едік? Ойсыл қара түлігіндей 250 келідей жүкті басқа үй жануары көтере алмайтындықтан, ол болмағанда, Ұлы даланың символына айналған керуен жолдары да дамымауы мүмкін еді.
Қала баласы қайда демалады?
Санасын сабақтан арылтып, балалық шақтың аралында алаңсыз сайрандауды армандамайтын бала жоқ. Ауыл баласы Қожадай қырықтыққа, шөп шабуға шабылып жатпаса да, кекiлiн күнге сүйдiрiп, табанын құмға күйдiре алатын үлкен мүмкіндікке ие. Қала баласы ше? Олар не істейді? Бүгінде апасының ауылына баратын бала бар ма өзі? Жазғы демалысы басталған қала балалары қалай демалады?
Әр студент – тұлға
Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйе­сін дамыту» атты әлеумет­тік жоба аясында «Студенттер үйі 2:0» акциясының танысты­рылы­мы өтті.
Мемлекет ұсынған мүмкіндік
Еңбегі өнімді, табысы тұрақты кәсіпкер атану үшін тың тәжірибе мен қарқынды қолдаудың қажет екені белгілі. Осы орайда табиғаттың мына заңдылығы еске түседі: пілләдан көбелек жарып шығар кезде қауашақтың іші 80 градусқа дейін ысып-күйе бастайды. Әлгіндей қызуға шыдағанда ғана қауашақтан әдемі көбелек дүниеге келеді. Жас кәсіпкер де осыған ұқсас, сан түрлі кедергі, қаржылық қиындықтарға төтеп беріп, бизнес бағытына төселу алғашында кімге болсын оңай тимейді. Алайда қазір мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен мүмкіндікке айналуда.
Мамочкина моласына ескерткіш орнатылады
Қарағанды облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Митинг-реквием Спасск мемориалды кешенінде өтті. Ресми деректер бойынша, Спасск зиратында 5152 адам жерленген. 1937-1938 жылдардағы нәубет ұлт жанашырларын да жалмады. 165 мың қазақстандық үлкен террордың құрбанына айналды. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Солақай саясаттың салдарынан құрбан болған боздақтарды қарағандылықтар ерекше тебіреніспен еске алды.    
Сыр өңірінде төл өнеріміз ұлықталды
Nur Otan партиясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы да­ланың жеті қыры» мақа­ласында көрсетіл­ген идеялар мен құнды­лық­тарды дәріптеуге бағыт­тал­ған игі істерді жал­ғас­ты­­ра отырып, «Ұлы дала­ның көне сарын­­дары» дәстүрлі музыка фестивалін өткізуді қолға алды. Фестиваль елі­міз­дегі жетекші партия­ның 20 жылдығын атап өтуге арнал­ған іс-шаралар және «Зиялы қауыммен жұмыс» партиялық жо­басы аясын­да ұйымдастырылып отыр.
Керекудегі кездесу
Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы кеңірек талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселеге қатысты ұстанымын жеткізді.
Коммунистер флешмобы
Үміткер Ж.Ахметбековті қолдау мақсатында Көкшетау облыстық сайлауалды штабы белсенділері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында әншілердің қатысуымен флешмоб өткізді. Артистер үміткердің баннерінің жанында кеңес кезіндегі танымал әндерді орындады.
Өнер бәйгесін өткізді
«Ауыл» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдерінің ұйымдастыруымен Орал қаласында жиын өттті. Онда қазіргі жастар мәселесі, оның ішінде жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамту және ұлттық құндылықтарды сақтау төңірегінде сөз болды.
Алашқа тағзым
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді. Партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен репрессия құрбандарының  ескерткішіне барды.