Авиация «Оскары» отандық әуекомпанияға берілді
«Эйр Астана» әуе компаниясы Skytrax-тың 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығының «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» атағына сегізінші рет ие болды. Салтанатты шара Париждің Ле Бурже авиашоуында өтті.
Өңдеу өнеркәсібінің өркені кең
«Нұрлы жол» бағдарламасы отандық экспортты жарты триллион теңгеге арттырды. Бұл жайында Nur Otan фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Индустриалды, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша комиссияның отырысында айтылды.
Тариф төңірегіндегі түсінбестік
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында Талдықорған қаласы бойынша қатты  тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселеге қатысты жиын өтті. Нәпақасын қаладан шығатын қатты тұр­мыстық қалдықтарды шығару арқылы тауып жүрген жергілікті кәсіпкерлер об­лыс орталығынан тасымалданатын қалдықтарды орналастыру полигонын се­нім­ді басқаруға алған ADAL DAMU Capital ЖШС-ның қалдықтарды қабылдау қызметіне  тарифті ешкіммен келіспестен өз бетімен белгілейтіндігіне орай шағымданды.
VPN деген немене, оған халық сене ме?
«Германиядан сәлем», «Польшадан байланысқа шығып тұрмыз», «Франция­­лық ағайын бар ма екен?», «Голландия­лықтар, қайда­сыңдар?». Өткенде желіде осындай жазбалар қаптап кетті. Сөйтсек, біздің жұрт VPN деген қосымшаны қолдану арқылы өзге елдерден желіге жалғанып жатыр екен.
Қазақстан зығыр өндіруден дүниежүзінде – бірінші орында
Бүгін  Нұр-Сұлтанда Ауылшаруашылық министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Министрі Сапархан Омаров өткен жылда жасалған жұмыстар мен шешілген мәселелерді қорытындысын мәлімдеді.
Қазақстанда тұңғыш рет 3D жаяу жүргінші жолағы пайда болды
Қазақстанда тұңғыш рет жаяу жүргіншілер жолы Шымкент қаласында пайда болды.  
Бренд трендке тәуелді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен ақпарат және байланыс саласындағы ең өзекті мәселелерді қамтыған семинар өтті.
Жастарға жол ашылады
Президентті ұлықтау рәсімінде Қазақстанның алдағы даму бағытын таныстырған Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында жастарға басымдық берілетінін айтты. Жаңа Президент кадрлық резерв туралы бастамасын «Жастарға ерекше назар аударғым келеді. Сіздер – Қазақстанның дамуында шешуші рөлге иесіздер» деп бастады. Жұмысын жастар саясатымен байланыстырған Президент ұсынысын «жақсы мүмкіндік» деп бағалаған сарапшылар жастарды іріктеу қандай талаптарға сай жүруі керегін айтты.
Қобыланды жырын жатқа айтты
Ұлттық мәдениетіміздің жетекші саласының бірі – көркем әдебиет десек, сол әдебиеттің ертеден келе жатқан раханият жүгі мол, кең өрісінің бірі – батырлар жыры. Жас ұрпақтың жігерін жанып, отансүйгіштік сезім­дерін ұштауға, елі мен жерін сүюге батырлық жырлардың тигізетін ықпалы мол. Осы­ған орай, бүгінгі жаһандану заманында батырлар жы­рының сарқылмас қуатын тәуелсіз мемлеке­тімізді нығайтуға, ұлттық бірлікке, жастарды патриот­тыққа, азаматтық міндет­терге үндеуге пайдаланудың берері мол болмақ.
Дәрігерге – миллион
Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында денсау­лық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Оларға Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Салтанатты рәсім К.Станиславский атындағы театр сахнасында өтті.
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 15 Келесі