«Сарыарқа» газы: Жұмыс қарқыны қандай?
Биыл «Сарыарқа» магистральды газ құбырынан көгілдір отын Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына жеткізіледі. Бүгінде Өңірде 756 шақырым құбыр төселді, қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Қазақстан бензин сатып 1 млрд теңге пайда тапты
Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында еліміз сыртқа 6,3 мың тонна бензин экспорттаған. Сұйық отынның осы түрінен түскен табыс 1 млрд теңге.
Қазақстан & Италия: Экспорт импорттан 5 есе жоғары
Биылғы жарты жыл ішінде Италиядан импорттың көлемі 2018 жылғы көрсеткіштен 62,6%-ға өскен. Бұл тұрғыда Қазақстанның Италияға экспорты импортқа қарағанда 5 есе жоғары,– деп хабарлайды LS.
Азаматтығы жоқ адам – қорғансыз
Азаматтығының жоқ болуы адамдарды заңды құқығынан айырады, негізгі қызметтерді алуына тосқауыл болады. Нәтижесінде, олар саяси және экономикалық өмірден тыс қалып, кемсіту мен қатыгездікке ұшырайды. Азаматтығы жоқтықты жою, бүкіл әлемде тоқтату – қол жеткізуге болатын мақсат.
Компьютері жоқ ұйымдар көп
Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында Қазақстанда тіпті кәдімгі компьютері жоқ ұйымдар үлесі сол бұрынғыдай көп болып отыр. Оның үстіне олардың қатары кейінгі бес жыл ішінде көп кемімеген екен.
Бизнеске берері жоқ банк те бонус алады
«Экономикаға қызмет етпейтін қаржы институттары». Бір сөзбен біздегі банктердің қызметін отандық сарапшылар да, халықаралық мамандар да осылай сипаттап берді. Қаржылық есептілік депозитариі жақында банктердің басқарма мүшелері 2018 жыл үшін қанша сыйақы алғаны туралы ақпарат жариялады. Бұл мәлімет қоғам белсенділері тарапынан наразылық туындатты. Жеке сектор болғанына қарамастан банктер мемлекеттің «асырауында» отыр деп есептейді әлеуметтік желі қолданушылары. Тіпті, Президентпен кездесу барысында Ұлттық кеңес мүшелері де қаржы институттарының шектен тыс қаржылай қолдау көріп жатқанын жасырмады.
Арендалық үй: кімдер ала алады?
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін баспанаға кімдер үміткер бола алатынын және ол үшін қандай құжаттар тапсыру керек екенін жариялады. Құжат қабылдау қарашада басталады.
Бруцеллезден 700-ге жуық мал қырылды
Осы күнге дейін 647 ірі қара мал, 19 қойдан ауру белгілері  табылып, санитарлы сойылымға жіберілген.
"Air Astana" "Самұрық-Қазынаның" қосымша қаражатына мұқтаж емес
«Эйр Астана» компаниясы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қосымша қаражатына мұқтаж еместіктерін жеткізді. Себебі әуе паркін өз қаражаттарымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.