Шымкентке жасалған алғашқы рейс
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді әуежайдан күтіп алды. Шырайлы қалаға ат басын бұрудағы себеп – жаңа әуекомпанияның алғашқы рейс жасауы.  
Түркістанда түркі әлемі бас қосты
Түркі тілдес әлемнің мәдени және рухани орталығы – Түркістан қаласы тарихының, фольклорының, мәдениетінің халықарлық өркениеттегі маңызын айқындау, тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу мақсатында «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықарлық конференциясы өтті.
Салық пен сүлік арасы
Қазақстанда көпқабатты үйлерде тұратын азаматтар жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Осы және басқа да елең еткізерлік жаңалықтар Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Кейбір заңнамалық актілерге салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасының тұжырымдамасында көзделген.
Қазақстан ет өнімдеріне Жапония, Малайзия, Гонконг және Сингапур қызығушылық танытты
Қазақстанның экологиялық таза ет өнімдеріне Азияның алпауыт елдері қызыға бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Вице-премьер медициналық сақтандырудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты
Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылығымен міндетті сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық мәселелерін талқылады.
Миграциялық орталық ашылды
Енді бұдан былай Түркістан облысында еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша алатын болды. Бұл жаңа орталық еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін он бесінші орталық.
Жаңаөзен қаласын дамытуға 230,3 млрд теңге жұмсалады
Бұл жөнінде Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев мәлімдеді.  
Еңбек еріне ескерткіш орнатылды
Қостанайда даңқты механизатор Кәмшат Дөненбаеваға арналған ескерткіш-бюст ашылды. Ескерткіш-мүсін Жастар сарайы ғимаратының жанына орнатылды.
Байтасов аудиториясы ашылды
Ішкі істер министрлігі мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің бастамасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халық қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған аудитория ашылды.
Тергеушілікті кәсіпкерлікке айырбастаған
Түркістандық Жанболат заңгерлік мамандықты қызыл дипломмен тамамдаған. Ақтөбедегі заң институтын лейтенант шенімен бітіріп шыққан ол, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына бірден тергеуші болып жұмысқа қабылданады. Бірақ жас маман бұл жауапты жұмыстан 1,5 жылдан кейін өз еркімен шығып кетеді. Себебі – біреу. Албырт жас азын-аулақ жалақыға қарап отырғысы келмей, мол ақша тапқысы келеді. Бүгінде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы мемлекеттен 3 млн теңге грант алып, бөдене шаруашылығын дамытып, табыс тауып отырған Жанболат Бахтиярұлы, осылайша, тергеушілікті кәсіпкерлікке айырбастаған жан.