Үйдің үстіне ұшақ құлады

Ұшақтың үйдің үстіне не себепті құлағанын тексеру басталды.

Үйдің үстіне ұшақ құлады
Фото: дерекөз

Бейсенбі күні Калифорния штатының Сан-Бернардино округінде Cirrus SR22 бір моторлы ұшағы үйдің үстіне құлады.

KTLA телекомпаниясының хабарлауынша, өрт сөндіру қызметі департаментінің өкілі Марсело Бланко ұшақтың құлау себебін айтпаған. Белгілісі, оның айтуынша, оқиғадан соң ғимаратта өрт басталған. Үйде болған ер адам мен бала аман қалған. Кейбір деректер бойынша ұшақта жолаушылар болмаған.